Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1.А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, ғылым.1997ж.
2.Е.Мамбетказиев. қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы қайнар.1990ж.
3. Жамалбеков Е. ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. қазақ университеті 2001 ж.
Қосымша:
4.А.Б.Бигалиев, Е.У.Джамалбеков. қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.
5.Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.
6.И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.
7. А.А.Грелова. Экология. Москва. 1997ж.
8.В.И.Фурсов.Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.
9.Ю.М.Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.
10.В.А.Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа.1997ж.
1. А.В.Чигаркин. Геоэкология Казақстан. Алматы. Санат. 1995ж.
2.А.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева, Экология. Алматы. ғылым. 2001ж.
3. А.К.Саданов, З.С.Сванбаева. Экология. Алматы.1999ж.
4. В.А.Алексеенко. Экологическая геохимия. Учебник. М. Логос. 2000ж.
5. Ф.И.Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.
6.М.И.Будько. Глобальная экология. М. Мисль. 1997ж.
7.Л. А.Муравей. Экология и безопасность жизнедеятельности. М. ЮНИТИ, 2000ж.
8.Э.В. Гирусов. Экология и экономика природопользования. М. ЮНИТИ, 1998ж.
9. Г.С.Оспанова, Г.Т. Бозшатаева.Экология.Алматы .Экономика.2002ж.
Лекция № 2
Тақырыбы: Жалпы экология негіздері. Организм және орта.
Жоспар:
1. Биосфера түсінігі, шекаралары.
Биосфера және комос.
Ноосфера.
Жердегі бірде-бір тірі ағза еркін күйде болмайды. Барлық ағзалар оларды қоршаған материалдық-энергетикалық ортамен, ең алдымен қоректену мен тыныс алу арқылы, үздіксіз және тығыз байланысты болады.
“Биосфера” түсінігін ғылымға XIX ғасырдың басында француз жаратылыстанушысы Ж.Б.Ламарк (1744-1829) енгізді.
В.И.Вериадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады.
Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырды.
Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы судың болуы. Биосфераның тағы бір белгісі-оның космоспен тығыз байланыстылығы. (көбіне күнмен).
Биосфераның шекаралары. 1926 жылы В.И.Вериадский биосфераның шекарлары туралы мәселені қойды.
қандай физико-химиялық жағдайлар тіршілікке анағұрлым қолайлы болып табылады?
Көмір қышқыл газы мен оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы.
Судың жеткілікті болуы.
Температуралық режим тым жоғары және тым төмен болмауы керек.
Минералдық қоректену элементтерінің жеткілікті болуы.
Су ортасының белгілі бір тұздығы.
қазіргі кезде тіршілік жер қыртысының жоғары бөлігінде (литосфера), жер атмосферасының төменгі қабаты (тропосфера) және жердің сулы қабықшасында (гидросфера) таралған.
Литосферада тіршілікті ең алдымен тау жыныстары мен жер асты суларының температурасы шектейді. Ол тереңдікке байланысты артады да, 1,5-15км тереңдікте +100 С-дан асады. Жер қыртысында бактериялды табуға болатын тереңдік-4км. Мұнай кен орындарында 2-2,5км тереңдікте бактериялардың саны біршама көп болады. Мұхиттарда тіршілік 10-11км тереңдікке таралады. Тіршіліктің таралу шекарасы теңіз денгейімен салыстырғанда 6км биіктікте өтеді.
Биосфера және космос. Тіршілік космостық құбылыс болып табылады. Биосфераның космостық ортасы тіршілікке қажетті қолайлы экологиялық жағдайларды анықтайтын күн энергиясының көзі болып табылады.
Күн сәулесі ғаламдық экожүйесінің тіршілігіне күшті әсер етеді. Биосфераға келіп түсетін күн энергиясының балансы кестеде көрсетілген.
Күн сәулесінің энергиясының таралуы.
(биосфераға жылдың мөлшерінен %)
Таралу түрі |
үлесі % |
|
30 45 23 0,2 0,8 |
Жер интенсивті космостық радиациядан магнит өрісімен қорғалған. Егер бұл өріс болмаса, космостық сәулелер қысқа уақыт аралығында атмосфераның барлық ауасын иондар мен электрондарға ыдыратып жіберер еді. Мұндай жағдайда Жерде мүмкін болмайды.
Озон қабаты биосфераны космос сәулелерінен қорғайды.Стратосферада озон (О3) күн радиациясының ультракүлгін сәулелерін сіңіреді. Мұндай қорғансыз сәулелер биосферадағы бүкіл тіршілікті жойып жіберер еді.
Биосфера космоспен тығыз байланысты. Жерге түсетін энергия ағыны тіршілікті қамтамассыз ететіндей жағдайларды жасайды.
Биосфераның энергетикасы. Күннің энергиясы –Жер биосферасының жылу баланысы мен термиялық режимін анықтайтын негізгі қуат көзі. Жердің күнді айналуына байланысты жер бетіне түсетін күн сәулесінің интенсивтілігі Жер-Күн қашықтығының өзгеруіне байланысты жыл бойы өзгеіп отырады. Жер мен Күннің ең аз арақашықтығы 147 млн км.қаңтар айының басында, ал ең ұзақ арақашықтығы 125 млн км шілденің басында байқалады.
Биосфераның эволюциясы.
Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И.Вериадский мынандай қортындылар жасады:
ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады.
Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуі мен қатар жүретін құбылыстар.
Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді.
Тіршілік ортасы-биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы-адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге-ноосфераға өтуі табиғи прцесс.
Ноосфера-сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы.
Бірінші заңы-барлығы барлымен байланысты.
Екінші заңы-материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екіншітүрге өтеді.
үшінші заңы-табиғат өзі жақсы біледі. Амудария, Сырдария суын көп пайдалану арқасында Арал теңізі денгейі төмендеді. Төртінші заңы-тегін ешнәрсе жоқ. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.
