Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
enbekti korgau.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
293 Кб
Скачать
☆

Өндірістік жарақаттар түсінігін айтып беріңіз Өндірісте жазатайым оқиғаның түсінігін айтып беріңіз.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдар алымын жинауды және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер төлеудi жүргiзетiн заңды тұлға;            Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кiрiстiң бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы;            Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi

1. еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай; 2. асыраушысынан айрылған жағдай; 3 .жұмысынан айрылған жағдай.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;

2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;

3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;

4) әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;    

5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi

6)әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;

7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың қызметiндегi жариялылық.

      Мемлекет азаматтарға әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде осы Заңда белгiленген шарттармен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына кепiлдiк бередi.

3.Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға тиiстi адамдар

      Жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтiретiн қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзi жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтiк сақтандырылуға тиiс.

     Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретi

1.Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның: 1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдауға;

2) еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге;

3)құжаттардың дұрыстығын тексеруге;

4) әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға қажеттi құжаттарды қабылдау және жiберу жөнiндегi талаптарды белгiлеуге құқығы бар.

     Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi:

1. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының:

1) осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде Орталық пен оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiш беруге; 2) мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан, осы Заңда көзделген тәртiппен Қордан әлеуметтiк төлемдердi алуға;

  1. төлеушiден, Орталықтан және Қордан әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң және аудару мен есептелуiнiң толықтығы және уақтылы болуы туралы, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердi тағайындау мен алу тәртiбi туралы ақпаратты сұратуға және тегiн алуға;

  2. әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган мен өзге де мемлекеттiк органдардың, Орталықтың және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң, Қордың осы Заңда белгiленген әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын алуға құқықтарын шектеуге байланысты iс-әрекеттерiне шағымдануға құқығы бар.

 2. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы және алушы:

1)әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етуге;

2)еңбек ету қабiлетiнен айрылған және (немесе) жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер алған кезеңде Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiне өзiмен мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының өзгергенi туралы хабарлауға;

3) қате төленген сомаларды қайтарып алуға;

4)Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта куәландырудан өтуге және қайта куәландырудан өту мерзiмдерiн сақтауға мiндеттi. 1.

Жазатайым жағдай дегеніміз - сақтандырылған адамның денсаулығына залал келтірілген, мүгедек жасаған немесе ажалға алып келген сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсердің нәтижесінде болған адамның өз еркінен тыс оқыс, күтпеген, аз уақыттың ішінде болған оқиға. Жазатайым жағдайдан сақтандыру мынадай сыртқы факторлардың: жарылыс, күйік, үсу, суға бату, электр тоғының әсері, жай түсу, күн өту, қаскүнемдер мен жануарлардың шабуылы, жыланның, шағатын жәндіктердің шағуы, Сақтандырылушының өзінің немесе қандай да бір заттың оған құлауы, кенеттен тұншығу, тыныс алу органдарына бөтен денелердің кездейсоқ кіруі, улы өсімдіктермен, химиялық заттармен (өнеркәсіптік немесе тұрмыстық), дәрі-дәрмектермен, cапасыз тамақ өнімдерімен кездейсоқ қатты улану, сондай-ақ көлік құралдары жүріп бара жатқан не олар апатқа ұшыраған кезде, машиналарды, тетіктерді, қаруларды және әр түрлі құралдарды пайдалану кезінде алған жарақаттардың әсер етуі жазатайым жағдай болып табылады.

Еңбек міндеттерін атқару кезінде азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істер бойынша сот практикасын қорыту республика соттарының негізінен осы санаттағы істерді материалдық және іс жүргізу заңына сәйкес қарайтынын көрсетті

"Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі сақтандырылуы тиіс. Егер сақтандыру міндеті жүктелген жұмыс беруші оны жүзеге асырмаса немесе сақтандыру шартын заң актілерінде көзделгенмен салыстырғанда сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, онда АК 808-бабында көзделгендей, сақтандыру жағдайы басталған кезде жұмыс беруші дұрыс сақтандыру кезінде сақтандыру төлемі қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса, сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады. АК 835-бабының 3-тармағына сәйкес, егер сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушының дер кезінде білгендігі дәлелденбесе не бұл жөніндегі мәліметтердің сақтандырушыда болмауы оның сақтандыру төлемі міндеттеріне ықпал етпейтін болса, сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабар бермеу оған сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту құқығын береді.

Жазатайым оқиғаның нәтижесінде қызметкерге келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің жауапкершілігінің дәлелдемелері ретінде:

өндірісте еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкеліп соғуы- Н-1 нысандағы акт;

ауыр салдарға немесе қазаға ұшырау кезінде-Арнайы акт;

кәсіби ауру немесе улануға әкеліп соғуы - денсаулық сақтау орны берген Н-1 нысанды акт-танылады.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру түсінігін айтып беріңіз.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктерін ашыңыз.

Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау тәртібін қарастырыңыз.

Оқиғаларды тергеп-тексеруді жүзеге асыратын комиссияның құрылу тәртібін қарастырыңыз.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу тәртібін қарастырыңыз.

Жазатайым оқиға куәгерлерінен жауап алу және хаттама толтыру тәртібін қарастырыңыз.

Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру тәртібін қарастырыңыз.

Зандық жоғары деңгей дәрежесіңде құқықтық реттеумен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп тексеру мен есепке алу туралы мәселелер қамтылған. Бұл жөніндегі нормалар Еңбек кодексінің тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу; жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіңдегі міңдеттері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі; өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу; жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп — тексерілуі мен есепке алынуын бақылау деп аталатын 322-327 баптары бойынша топтастырылған.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу тәртіптері. Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдайлары да еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, жазатайым оқиға туралы актімен рәсімделеді.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия жүргізеді. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстық республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияныңтөрағасы үйымдардың мамандары, ғалымдар және бақы-лау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаны, қызметкерлердіңтоптықжазатайым оқиғасын жәнетоптық қатерлі улану жағдайын тер-геп-тексеру еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы арнайы тер-геп-тексеру актісімен ресімделеді. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куәлерден, куә-герлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың және басқа да жағдай-лардың нәтижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудіңтоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық-құтқару бөлімшесі басшысыныңжәне сарапшы мамандардың қорытындысы негізінде айқындайды.

Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау.

Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары өз құзыреттері шегінде тексерулер жүргізу, азаматтардың шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау және ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкестіркеуге және есепке алынбайды.

Ұйымдарда зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауіптi) және қолайсыз өндiрістiк факторлары бар жұмыстарға, сондай-ақ жер асты жұмыстарына адамдар қабылдауды жұмыс берушi олар алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейiн және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайына қайшы келмейтiнi айқындалғаннан кейiн жүзеге асыруға тиіс. Он сегiз жасқа толмаған адамдар мiндеттi алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейiн ғана жұмысқа қабылданады және одан әрi, он сегіз жасқа толғанға дейiн жыл сайын мiндеттi медициналық тексеруден өтуге тиiс. Жұмыс берушi еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерді мерзiмдiк медициналық қаралудан және тексеруден өткiзудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз қаражаты есебiнен ұйымдастыруға мiндеттi. Қауiптілігі жоғары өндiрiстiк жабдықтармен байланысты жұмыстармен айналысатын қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиiс. Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететiн кәсiптердiң тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган айқындайды. Медициналық қаралудан және тексеруден өтуден жалтарған қызметкерлер жұмысқа жіберiлмейдi.

Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді: төраға — ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары; мүшелері — ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.

Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]