Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
poezia_otv.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
196 Кб
Скачать
☆

21. Қазіргі поэзия және фольклор

Қазақ халқының көркем шығармашылығының архетипі де, дәстүрлік басты типі де — фольклор, ауыз әдебиеті. Сөз өнерін жете білген Абай қазақ фольклорын «толғауы тоқсан тоты қүсқа», «білгенге маржан інжу-маржанға» теңейді. Фольклор — халық даналығы деген ұғымды білдіретін неміс сөзі. Фольклор жазу-сызу дамымаған кездегі бір ұрпақтың екіншісіне қалдырған мұра-өсиеті, тіршілік бағдарлары, құпия-сыры, тылсымдық жұмбақтары. Яғни, фольклорсыз ұрпақ сабақтастығы мүмкін емес.

Бұл мақсатқа сәйкес келетін әдеби жанр — поэзия. Тіпті, көне адамдардың бәрі өлеңмен сөйледі деген де пікір бар. Поэзия мен фольклор бір типтес. Белгілі бір ырғақпен (ритм) айтылған сөз есте қалады. Кейін жазу пайда болганнан соң адамның жадылық (мнемикалық) қабілеті әлсірейді. Сондықтан болар, сағаттап жаңылмай дастандарды айтатындар қазір сирек кездеседі. Манасшыларға экзотикалық көзқараспен қарау да бар. Бұл қазіргі заман тұрғысынан экзотикаға жатады, ал көшпелілер үшін құдіретті сөз өмірлік қажеттілік болған.Поэтиканың философиялық мәнісін, оның типтік белгілерін қарым-қатынас, айтушы мен тыңдаушының арасындағы тылсымдық бірлік, көңіл көтеру, импровизация, жалпы алғанда —сұхбаттасу мәдениеті деп анықтауға болады. Жыр, толғау, айтыс кезінде тындаушы көпшілік ерекше бір рухани дүниеге енеді, пендешілік күйбең өмір тауқыметтерінен тазарады (катарсис), жаңғырады, шынайы адамдық кейіпке көшеді, көңілдері көншиді.

Мифопоэтиканың мәдени-әдеби дәстүрдегі заңды құбылыс екенін ескере отырып, поэзиямыздағы озық үлгілер салыстыру мақсатында назарға алынды. Абай, Мағжан Жұмабаев сияқты өзіндік үлкен мектеп қалыптастырған ұлы ақындар мұрасындағы мифопоэтикалық үлгілер дәстүрге ұласып, жаңашылдықпен дамығаны белгілі. Кешегі ХХ ғасырдың 60-жылдары поэзия әлеміне келген М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Ысмайылов, Ф.Оңғарсынова, Т.Молдағалиев, одан кейінгі толқын С.Ақсұңқарұлы, Н.Айтұлы, Иран-ғайып, Ұ.Есдәулет, О.Тұржан, Т.Әбдікәкімов, шығармаларына мифтік дүниетанымды тұтастай негіз еткен ақын Е.Раушанов поэзиясы кең көлемде, сондай-ақ ғасырлар тоғысындағы қазақтың жаңа поэзиясының өкілдері Н.Мәукенұлы, С.Нұржан, Г.Салықбай өлеңдері негізгі зерттеу нысанына алынды. Әдебиеттің, оның ішінде белсенді жанр болып саналатын поэзияның дамуына қоғамдағы әлеуметтік-саяси өзгерістердің белгілі дәрежеде ықпал ететіні заңдылық. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырлар тоғысындағы әлеуметтік өзгерістер мен саяси төңкерістер орыс поэзиясының дамуында да үлкен із қалдырса, Ресей империясының құрамындағы отар елдердің бірі болған қазақ рухани мәдениетінде де үлкен өзгерістердің бой көрсетуі заңдылық еді. Ұлы Абай дүниеден өткеннен кейін поэзияда өзіндік даралығымен құбылыс болып көрінген эстет ақын Мағжан Жұмабаев шығармашылығына негізінен осы үлкен өзгерістер мен көркемдік ізденістер тән болды. Мағжан символизмі туралы ой қозғаған профессор Ш.Елеукенов: «Басты қорытынды – символизм қазақ поэзиясына үлкен олжа салды деуге саяды. Символизм арқасында қазақ өлеңінің бұған дейін ашылмаған қырлары ашылды. Лирика жанрымыз жүрекке, сезімге бойлай түсті», – деп жазады [3; 204]. Табиғаттағы затты немесе құбылысты арқау ете отырып, қоғамдық-әлеуметтік мәселені қозғау – поэзиядағы дәстүрлі тәсілдердің бірі. Үлкен әлеуметтік өзгерістерге толы ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде символизмнің көрініс беруі заңды болды. Өйткені сол тұстағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай шындықты ашық та батыл айтуға шек қойды. Яковлевтің «Уақыттың символдық бейнесінің негізі антикалық мифологиядан бастау алады» [4; 231] деген тұжырымына сүйенсек, қазақ топырағындағы символизмді де ұлттық мифтік негізбен байланыстыруымыз негізді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]