Коксаки вирустары.
1948 жылы Долдорф және Сиклсом Коксаки штатында ауырған баланың ішегінен алынған затпен тышқанды зақымдау арқылы бөліп алды. Коксаки вирустарының А және В тобын ажыратады. Көлемі – 28нм. Формасы симметриялық куб және икосаэдра тәрізді.
А тобы асептикалық менингитті, везикулярлы ангинаны шақырады.
В тобы эпидемиялық миалгия, миокардит, перикардит, асептикалық менингит шақырады.
Коксаки вирустары өзара әр түрлі иммунологиялық ерекшелігі бар А және В түріне ажыратылады.
Коксаки А вирусының – 24типі бар.Коксакм В вирусының – 6типі бар.
Коксаки вирустары -70градуста тұрақты.Ал бөлме температурасында -глицеринде,жылқы сары суында 70тәулік өмір сүреді.Сонымен бірге бұл вирустар әр түрлі сутегі иондарының концентрацияларынатұрақты.рН-ы 4.0-8.0 ортада 7тәуліктіршілік етсе,50-55градуста 30мин жойылады.Сонымен қатар эфирге,70% этил спиртіне,5%лизол ерітіндісіне тұрақты, бірақ формальдегид және хлор-сутек ерітінділеріне сезімтал.
Коксаки вирусының А түрі жоғары миотроптылықпен сипатталады, тышқанның балаларында өлімге әкелетін әлсіз паралич болса, үлкен тышқандарда бұлшықет дегенерациясы байқалады. Ал адамдарда бұл вирус әртүрлі клиникалық синдром шақырып, лихорадка мен миниальды көрініспен сипатталады. Коксаки А вирусы герпангин, перикардит, асептикалық серозды менингит және басқа да аурулардан бөлініп алынған. Ал Коксаки В вирусы жоғары нейротроптылықпен сипаталады.Тышқандардың жаңа туған балаларында энцефаломиелит шақырады, адамдарда: асептикалық серозды менингит, миокардит, энцефаломиокардит, 3 жастағы балаларда басқа да аурулардан бөлініп алынады.
Коксаки вирусының 2 түрі де полимиелит тәрізді аурулардың, жедел респираторлы ауруларды және ішек инфекция ауруларын шақырады. Аурудан кейін типоспецификалық иммунитет қалыптасады. Қан сарысуында ұзақ жылдарға вируснейтролиздеуші антиденелер сақталады. Комплимент байланыстырушы антиденелер бірнеше айлардан кейін жоғалады. Вакцина профилактикасы жоқ.
ЕСНО – enteric cytopathogenic human orphans virus- жетім вирус деп аталады.
ЕСНО вирустар жасырын инфекциялар шақырады немесе асептикалық менингит және полиомиелитке уқсас симптомдар шақырады.
Көлемі 25-30нм.Формасы – симметриялы куб және икосаэдр тәрізді.бұл вирустар – адам және маймыл бүйрек тканінде,адам эмбрионының фибробласттарында дамиды.
ЕСНО вирусы Коксаки вирусы сияқты өзінің клиникалық көрінісі бойынша әртүрлі ауруларды шақырады. Олар: полиемиелиттің паралитикалық түрі, серозды менингит, жедел респираторлы және ішек аурулары. ЕСНО вирусы шақыратын ауруларда қансарысуында комплимент байланыстырушы, вируснейтролиздеуші және антигемоглютиндер қалыптасады. Иммунитетте басты орынды антиденелер алады және олар ұзақ уақытқа сақталады.
Зерттеу материалы ретінде: нәжіс, аңқа жұғыны мен шайындысы алынады. Вирусты бөліп алу зерттелетін материалды зақымдаумен басталады, олардың сәйкес келуі РСК және нейтролизация реакциясымен байланысты. Коасаки вирусын поливирустардан және ЕНСО вирустардан дифференцирлеу үшін, тышқандардың балаларын вируспен зақымдайды, сонымен қоса серологиялық әдісте қолданылады. Ауру белгілері көрінгенде антидене титрларының өсімі байқалады. Нейтролизиция реакциясын жасуша культураларына немесе тышқан балаларына қояды.
