Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акуш экзамен - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

41. Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы. Клиникасы. Жүктілік және босану кезіндегі емі.

42. Плацентаның жолда жатуы. Клиникасы. Жүктілік және босану кезіндегі емі.

ПЖЖ-плацентаның толығымен немесе бөлігімен жатырдың ішкі ернеуі аймағында орналасуы. Толық (орталық) және толық емес (шеткі) деп бөлінеді. ПЖЖ түрі жатыр ернеуінің ашылу дәрежесіне байланысты өзгереді, дәлірек жатыр мойнының 4 см дейін ашылуында анықталады. Плацентаның жатыр мойнының ішкі ернеуіне кішкене жетпей орналасуын – плацентаның төмен орналасуы деп атайды.

ПЖЖ барлық босанудың 0,2-0,8% құрайды. Әсіресе бірінші жүктілігі абортпен аяқталған немесе босанудан кейінгі аурулармен ауырған жүкті әйелдерде кездеседі. Перинатальды өлім көрсеткіші жоғары. Ана өлімі 0,3% құрайды. Осы диагнозды қою үшін: анамнез, сыртқы және ішкі акушерлік тексеру, аускультация, УДЗ, плацентография, жұмсақ тіндердің радографиясы жасалады.

ПЖЖ жүкті әйелдерді бақылау және емдеу жүктілік мерзіміне байланыссыз акушерлік ауруханада жүргізіледі.иқанды бөліністер болмаса да босануға дейін ауруханадан шығарылмайды. Ауруханада қаназдыққа ем, гемостатикалық терапия жүргізіледі. Жүктілік кезінде қан кетудің қайталануы, әйелдің қаназдығы мен қан қысымының төмендеуіне әкелсе – жүктілік мерзіміне байланыссыз жедел кесар тілігі операциясын жасауға көрсеткіш болып табылады. Босануда плацентаның толық жолда орналасуы – кесар тілігіне өмірлік көрсеткіш болып табылады. Плацентаның қаптал, шеткі орналасуында және қанды бөліністердің аз мөлшерінде – ерте амниотомия жасалады. Егер амниотомия нәтижесіз болса, жедел кесар тілігі жасалады.

ПЖЖ төменгі сегментте жасалатын кесар тілігінде (жиырылуының төмен болуы және тамыр шоғырының болуы) көлденең тілікті кәсіби дәрежесі жетік мамн жасау керек, қалған жағдайларда корпоральды кесар тілігі жүргізіледі.

ПЖЖ босануды табиғи жолмен жүргізу анестезиологтың қатысуымен және қан құю мен операция бөлімінің толық дайындығымен жүргізіледі. ПЖЖ барлық босануында жатыр қуысын қол әдісімен тексеру, төменгі сегмент пен жатыр мойнын қарау жүргізіледі. Ерте босанудан кейінгі кезеңде жатырды жиырылтатын дәрілерді көк тамырға енгізуді жалғастырады.

Көп ұрықты жүктілік кезінде ана және нәресте жағынан болатын асқынулардың көп болуына байланысты босану барысын дұрыс жүргізудің маңызы зор. Сондықтан көп ұрықты жүктілікте мүмкін болатын асқынулардың алдын-алу мен оларды реттеу перинатальды және ана өлімі көрсеткіштерін төмендететін шаралардың қатарынажатады. Перинатальды өлім көп ұрықты жүктілікте бір ұрықты жүктілікке қарағанда 3-4 есе көп. Л.Н.Васильевская мәліметі бойынша көп ұрықты жүктілікте кесар тілігіне болатын көреткіштер:

  • 38 аптадан кейін босану жолының дайынсыздығы және бір ұрықтың құрсақішілік жағдайының қиналуы;

  • Жасы 30-дан асқан бірінші жүкті әйелдің көп ұрықты жүктілігі кезінде бір нәрестенің жамбасымен орналасуы және акушерлік-гинекологиялық асқынған анамнезі;

  • Босану қызметінің басталуы кезеңінде бір ұрықтың көлденең орналасуы;

  • 3 сағат бойы жүргізілген босануды қоздыру және күшейту іс-әрекетінің нәтижесіз болуы.