Vіі. Бағалау
Сынып: 7
Күні:
Тақырыбы: Көкнәр, алабота тұқымдастары.
Мақсаты: Қосжарнақтылар класымен таныстыру. осы класқа жататын көкнәр, алабота тұқымдастарымен таныстыру.
Міндеттері
Дамытушылығы: білім алушылардың ерікті түрде тұрақты зейін қоюын дамыту. Салыстыру және қорыту біліктілігін дамыту
Білімділігі: көкнәр, алабота тұқымдастарының жемісі, тұқымы, мекен ететін жері, гүл формуласымен таныстырып, әрбіреуіне анықтам беру.
Тәрбиелілігі: білім алушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен және мұқият қарауды тәрбиелеу, адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі денсаулығының рөлін түсіндіру
Құрал-жабдықтар: кеппе шөптер, нақпішіндер, суреттер, электронды көрсетілімдер, кестелер, сызбанұсқалар
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Қосарланып ұрықтану деген не?
Гүлді өсімдіктерді топтарға бөлінуі.
Диаграмма деген не?
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Жүйелі жіктеу 1.Көкнәр тұқымдастары 2. Алабота тұқымдастары 3. Ақ алабота, қызылша, сексеуіл, шпинат |
Көкнәр тұқымдастар – шөптекті бұта не кішкене ағаш түрінде өсетін қосжарнақты өсімдіктер тобы: біржылдық не көпжылдық.700 түрі бар. ҚР 44 түрі кездеседі. Жапырағы кезектесіп орналасады. Гүл қосжынысты. Т2 К4Ат көпАнкөп. Жемісі – қауашақ. Тұқымдары – ұсақ, түсі қара. ҚР Қызыл кітабы – жіңішке көкнәр. Бунақденелілермен тозаңданады. Кейде желмен не өзін өзі тозаңдандырады. Алабота тұқымдастар – басым көпшіліг арамшөп. Шала бұталы, кейде бұта және кішкене ағаш түрінде кездеседі. 1500 түрі бар. Тамыры – кіндік, көріксіз. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасады. Жемісі құрғақ. Желмен, айқас, бнақденелілермен тозаңданады. Ақ алабота - өте кең тараған біржылдық арамшөп. Сағағы ұзын, жұмыртқа пішінді жапырақтары өркенге кезектесіп орналасады. Гүл ірі гүлшоғырлы, күлтесі болмайды. Т4А4Ж1 Сексеуіл – бұта не кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір түрі. Гүлі ұсақ, бірүйлі. Жемісі – қанатты жарғақша. Қызылша – 6 түрі бар. Шпинат – 3 түрі бар. |
Әсер ететін факторлар |
ІV. Бекіту: кесте толтыру.
V. Қорытынды: алабота тұқымдастарының гүлдер суреті және көкнәр тұқымдастарының гүлдерінің суреті, осыларға сипаттама беру.
VІ. Үй тапсырмасы: 24 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру.
Vіі. Бағалау
