Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oz_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270 Кб
Скачать
☆

2. Балаларға емдеу-сақтандыру көмекті ұйымдастыру. 11 б 2 сур

3. Шет елдердегі денсаулық сақтау жүйесі (жеке кәсіпкерлік, мемлекеттік сақтандырулық).

№ 50 БИЛЕТ

1.Қр Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері

Ұзақ тарихи даму нәтижесінде денсаулықты қорғау саласында қазіргі кездегі қоғамның халықаралық нормалары жасалып шығарылады. Бүгінгі күні әрбір жетілген қоғам аналогты құжаттарды қабылдап, бейбіт бірлестікке жетуге бағдарлануы тиіс. Адамдардың нәсіліне, тері түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси пікіріне, ұлттық және әлеуметтік тегіне, мүліктік және басқа да жағдайына қарамастан құқығын анықтайтын негізгі 10.12.48 ж Бас Ассамблеямен қабылданған халықаралық құжат - адам құқығының барлығына ортақ декларациясы болып табылады. Құжаттың 22 бабында әрбір адам денсаулығын, өзінің және отбасының әл ауқатын сақтауға қажетті өмірлік деңгейге құқығы бар делінген. Өмірлік деңгей ұғымына тамақ, киім, баспана, медициналық күтім және қажетті әлеуметтік қызмет енеді. Сонымен қатар адамдардың жұмыссыздық, науқастану,мүгедектік, жесірлік, қартаю және тағы басқа өмір сүруге қажет құрал болмағанда, қамтамассыз етілуге құқылы екендігі орнатылған. Аналық және сәбилік ерекше ілтипат пен көмек алуға құқылы, ал барлық балалар бірдей әлеуметтік қорғануды қолдануы крек.

Халық денсаулығын қорғау туралы заңдар:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 ж).

  2. “ҚР- ның азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” заңы (1997 ж).

  3. “Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығы туралы” заң (1994 ж)

  4. “ЖИТС- ауруының алдын алу туралы” заң (1995 ж)

5. “Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы” заң (1997ж). 6. “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заң (1995 ж) 7. “Экологиялық сараптама туралы” заң (1997 ж) 8. “Халық денсулығы” атты мемлекеттік бағдарлама (1998 ж)

9. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары, денсаулық сақтау министрлігінің және басқа салалардағы министрліктердің халық денсаулығын қорғауға қатысы бар заңдылық құжаттары. 10. Қазақстан Республикасы Президентінің “ҚР- да нашақорлықпен және есіртке бизнесімен күресу туралы 2000-2001 жж мемлекеттік бағдарламасы туралы”

Республикада денсаулық сақтау жүйесінде жүргізілетін реформаның іске асуының ең маңызды жағдайларының бірі- оның құқықтық негіздері. Біріншіден, ол негізгі заң- Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), мұнда бірнеше баптар халық денсаулығын қорғауға арналған.

Мәселен, 29-бап: ҚР- ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқы бар.Республка азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы. Мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінде, сондай- ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.

31- бап: Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазіргі уақытта ДСЖ мемлекеттік және жекеменшік түрлерінің заңдылық негізі дайындалды, олар: ҚР Конституциясы, “ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау туралы заң”, Министрлер кабинетінің “жекеменшік медициналық практика және төлемді қызмет көрсету туралы” қаулысы. “Жекеменшік іскерлік туралы заң”, т.б.

ДСЖ барлық мекемелері өзіндік атқару және бұйрық беру өкілеттілігіне сәйкес әкімшілік биліктің иесі болады, яғни әкімшілік құқықты қолданады.

Әкімшілік құқық дегеніміз – атқару және қарым-қатынасты реттеуді жөнге салу нормаларының жиынтығы.

ҚР- да азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заңы. Осы заң Қазақстан Республикасында азаматтардың денсулығын сақтаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың, меншік нысандарына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау жөнінде азаматтардың Конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын реттейді.

2.Еңбекке жарамдылықты дәрігерлік зерделеу. Уақытша және тұрақты енбекке жарамсыздықты зерделеу. Емдеуші дәрігердің, бөлім менгерішісінің бас дәрігерлер мен олардың орынбасарларың дәрігерлік-еңбектік зерделу құқығы мен міндеттері.

Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптау – адамның науқастылығына ,кемтарлығына байланысты жұмысқа жарамауының деңгейін,оның ұзақтығын,себебін және мүгедектік тобын аңықтауда дәрігерлік сараптаудың негізгі тұлғасы , әрине,дәрігер.

Еңбекке жарамдылықтан айырылу әр деңгейіне орай бұл толық және жартылай еңбекке жарамсыздық түрлері болып бөлінеді.

Уақытша

Тұрақты

Уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау Қазақстан Республикасының № 1415 1996 жылы 21 қараша жұлдызында бекітілген “Азаматтарға уақытша еңбекке жарасыздық парағын беру тәртібі туралы ережеге” және УЕЖ туралы анықтамаға сәйкес жүргізіледі.

УЕЖ қағазы беріледі :

- 3 жасқа дейінгі баланы күтуге барлық емдеуге жатқан күндеріне;

- 3 жастан асқандарды күтуге, дәрігердің тұжырымы бойынша күтім қажет күндерге ;

-14 жасқа дейінгі балалар “АИВ” жұққандарға “ЖИТС” ауруы емделгенге барлық емделген күндеріне.

УЕЖ парағын күту үшін беруге болмайды:

- Созылмалы аурумен науқастарға, егер жедел жағдай болмаса ;

- Науқастын өзі не оның туыстары ауруханаға жатып емделуге қарсы болса;

- Бала-бақшаға карантин енгізілсе немесе сау баланы балалар бақшасына қабылдамағанда ,күтуге ;

- Еңбек ақысы сақталмаған және жылдағы кезекті демалыста болғанда.

Тұрақты еңбекке жарамсыздық.

Бұл ұзақ уақыт немесе тұрақты түрде еңбекке жарамдылықтан айырылу.Мұндай жағдай созылмалы аурудың салдарынан,жарақаттанудан пайда болады да ағзаларының едәуір бұзылыстарына әкеліп соғады.

Медициналық әлеуметтік сараптау комиссиясының жұмысында пайдаланатын негізгі құжаттар мынадай: МӘСК-КЕ ЖОЛДАМАСЫ МӘСК ЖИНАЛЫСЫНЫҢ Мүгедектік тобы туралы анықтама Сараптау коммисиясының негізгі міндеттері мынадай:

-Адамның өмір сүруінің мүмкіншілігінің шектелуінің деңгейін мүгедектік себебін анықтау және мүгедектік топты белгілеу;

- Мүгедектердің деңсаулылығының бұзылу салдарын жеңілдету үшін түрлі медициналық -әлеуметтік көмекке қажеттілігін анықтау;

- Мүгедектерге медициналық -әлеуметтік реабилитация және жұмысына қайта бейімдеу шараларын белгілеу және олардың орындалуын бақылау;

Халық деңсаулығының деңгейіне баға беру,алғашқы мүгедектік үрдісін болжамдау,медициналық-әлеуметтік реабилитация жүргізу жағдайын зерттеу;

Мүгедектердің заңды құқығын сақтауға жағдай жасау және барлық бағдарламаларды дайындауда үлес қосу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]