Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
munai_kurs_22.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

Осьтiк нығыздаулардың теңестiру жолдары

Сорап жұмыс iстеген кезде бiр жақты кiретiн жұмыс дөңгелегi екi күштiң қосындысы болатын осьтiк гидравликалық күштермен әсерлеседi. Күштiң негiзгi бөлiгi – статикалық, ол жұмыс дөңгелегi симметриялы емес жағдайда пайда болады.

Сол күштiң пайда болу сұлбасы 4-а суретте көрсетiлген. Сұйықтық айналған кезде, жұмыс дөңгелегiнiң дискiсi мен корпус қабырғаларының арасындағы дискiлерге әсер ететiн қысым сол және оң жақтағы эпюрада көрсетiлгендей болады. Сол жаққа әсер ететiн толық статикалық күш ABCD параболоидын құрайтын көлемiмен көрсетiледi. Жұмыс дөңгелегiндегi сұйықтық ағынының бұрылған кезде, сонымен қатар қарама-қарсы бағытталған динамикалық күш әсер етедi. Нәтижедегi күш үлкен әсерлi болуы мүмкiн.

Бiр сатылы сораптарда осьтiк күштердi теңестiру үшiн:

1)-екi жақты жұмыс дөңгелек, ол бiршама радикалды болып келедi;

2)-дөңгелектiң артына орнатылған жүктеменi босататын камера, ол жоғары қысымды аймақтан нығыздағыш белдiкпен бқлiнген және сору аймағымен құбыр арқылы немесе артқы дисктегi тесiк арқылы бiрiктiрiлген (4-б сурет). Қондырғының кемшiлiгi: дөңгелектiң екiншi нығыздағышынан сұйықтықтың (ΔQ) ағуы және ПӘК-тi төмендетуi (шамамен 4-6%-ке).

3)-дөңгелектен кейiнгi қысымды бөлу эпюрасын өзгертетiн артқы дисктегi радиалды қабырғалар (4-в сурет), (MNR ауданының орнына MNS). Лас сұйықтықты айдайтын сораптарда осындай қабырғалар дөңгелектiң артындағы үлкен бөлшектердiң жиналып қалуын тоқтатады. Кемшiлiгi: қабырға өз бойына жұтатын қосымша қуаттың шығындалуы.

Көрсетiлген гидравликалық қондырғылар болмаған жағдайда осьтiк күш үлкен жүктемеге есептелген бiлiктiң мойынтiрегiне кетедi. Бұл кезде сорап күрделiленедi.

Көп сатылы сораптарда осьтiк күштi теңестiру үшiн келесiлер қолданылады:

1)-Соңғы саты мен жүктеменi босататын камераның арасындағы бiлiкке бекiтiлген барабан (думмис) (4-г сурет). Барабанға (1) екi жақтан әсер ететiн pn және po қысым айырмашылығы арқылы осьтiк күшке қарсы тұратын күш пайда болады. Сонымен бiрге бiлiктiң (2) нығыздалатын жоғары қысымнан (pn) босатылады.

2)-Автоматты түрде гидравликалық табан, ол да соңғы сатыдан кейiн қондырылады (4-д сурет). Алдыңғы қондырғылардағы сияқты камера (1) төмен қысымды аймақпен бiрiктiрiлген. Аралық камерадағы (2) қысым жиектi саңылауларға (а) байланысты өзгередi. Егер ротор солға жылжып,

4 Сурет. Осьтік күшті теңестіру.

саңылау азайса, онда табандағы шығын азаяды да, камерадағы (2) қысым ұлғаяды. Нәтижесiнде ротордың орын ауыстыруы тоқтайды. Роторды оңға жылжыту керiсiнше камерадағы (2) қысымның төмендеуiне, кейiн теңестiрiлген күштiң азаюына әкеледi.

Сорапты тоқтатқан кездегi гидротабандағы металдың байланыстан сақтану үшiн ротор сығылған қондырғымен қамтамасыз етiледi, мысалы: кiшкентай механикалық табан (3) мен серiппе (4) немесе сораптан бөлек майды итеретiн поршень.

Гидротабанның бiрнеше түрi бар, онда кедергiлейтiн цилиндрлiк саңылау (в) жиектен (а) кейiн орналасады. Ондай қондырғы жүктеме камерасындағы қысым өте көп төмендеп кеткен кезде табанда пайда болатын буды жояды.

3)-Жұмыс дөңгелегiнiң қарама-қарсы орналасуы (4-е сурет). 1-сұлбадағы бiлiктiң соңғы нығыздағыштары аз болады, бiрақ сатылар арасындағы аудару каналдары ұзын болып келедi, ол сораптың корпусы мен оны тазалауды күрделiлендiредi. 2-сұлбадағы каналдар қысқа, бiрақ бiлiктiң нығыздағыштары үлкен қысымға арналған. 3-сұлбада кемшiлiгi бар ымыралы шешiм көрсетiлген – 3 және 6 сатылар арасында қысымның едәуiр үлкен құламасы (бiлiктiң нығыздағышындағы сұйықтықтың ағынының өсуi).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]