- •1)Экономикалық теория дегеніміз не?
- •2)Экономикалық теорияның зерттеу нысандары, әдістері?
- •4)Экономикалық категориялар дегеніміз не? Экономика туралы алғаш ұғымды енгізген кім?
- •5)Экономикалық теория мектептері
- •6)Экономикалық теория мектеп өкілдері, қағидалары
- •7)Экономикалық қажеттілік, игілік дегеніміз не?
- •8)Экономикалық теория қызметтері, мәні
- •9)Экономикалық ресурстар дегеніміз не?
- •11) Инвестициялау дегеніміз не?
- •13)Меншік дегеніміз не?
- •14) Иемдену дегеніміз не?
- •16)Экономикалық жүйе дегеніміз не? Экономиканың негізгі үш мәселесі?
- •17)Экономикалық жүйе түрлері, мәні: дәстүрлі, әкімшіл-әміршіл, нарықтық, аралас.
- •18)Қоғамдық шаруашылықтың түрлері: натуралды, тауарлы шаруашылық мәні, пайда болу себептері. Тауар дегеніміз не, қасиеттері?
- •19)Өндіріс факторлары
- •20)Құн заңы дегеніміз не?
- •21)Ақша концепциясының өкілдері (металдық, номиналды, сандық). Монетаның отаны.
- •22)Ақша дегеніміз не? Ақшаның атқаратын қызметтері, оларға мысалдар келтірілген.
- •23)Нарық инфрақұрылымы, құрылымы дегеніміз не?
- •24)Нарықтың атқаратын қызметтері
- •25)«Қазақстан-2030» Стратегиясының басымдықтары.
- •26)Нарықтың элементтері.
- •27)Бәсеке дегеніміз не?
- •29) Монополия, олигополия дегеніміз не? Түрлері. Монополияға қарсы бірінші акт.
- •30)Сауда, коммерция дегеніміз не?
- •31)Кәсіпкерлік дегеніміз не?
- •32)Кәсіпкерлік түрлері (қаржылық, өндірістік, инновациялық, классикалық, серіктестік, ао, шағын, орта, ірі және т.Б.), мәндері.
- •33)Франчайзинг дегеніміз не?
- •34)Венчурлық фирма дегеніміз не?
- •35)Шығындар дегеніміз не?
- •40)Сұранысқа, ұсынысқа әсер ететін факторлар. Субститут, субэлемент тауарлар дегеніміз не? Мысалдар
- •41)Сұраныс, ұсыныс бағасы дегеніміз не?
- •42)Икемділік дегеніміз не? Түрлері (сұраныс, ұсыныс бойынша барлығы), анықтамалары.
- •43)Негізгі, айналмалы капитал дегеніміз не? Оларға не жатады?
- •44)Негізгі капиталдың тозу түрлері.
4)Экономикалық категориялар дегеніміз не? Экономика туралы алғаш ұғымды енгізген кім?
Экономикалық Категория – көптеген біртекті, ұқсас экономикалық құбылыстарды абстрактілі, жалпылама түрде сипаттайтын жинақтауыш ғылыми ұғым, экономикалық құбылыстар мен үдерістерді ғылыми тұрғыдан танып-білу құралы; шынайы экономикалық қатынастарды ғылыми санада көрсететін абстракция (мыс., пайдалылық, шығын, пайда, капитал, т.б.). Э. к. – экономика ғылымының тілі, осы ғылымның дамуына қарай Э. к. өзгерістерге ұшырап отырады. Мыс., әлеум.-экон. дамудың қазіргі заманғы кезеңінде саяси экономияның экон. саясатты жүргізудің
теор. тұғырнамасы ретіндегі мәнін жоғалтуы өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, қоғамдық қажетті еңбекшығындары, т.б. Э. к. қолданудан қала бастады. Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасында үй шаруашылығы (ойкос-үй, шарушылық; номос – заң) деген ұғымды білдіреді. Термин Аристотель еңбектерінде де кездеседі, ол шаруашылықты екі түрге бөледі: экономия және хрематистика (баю, пайда таба білу шеберлігі). Оның түсіндіруі бойынша экономикадан хрематистика пайда болады.Көп ғасырлар бойы «экономия (ойкономия)» сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар феодалдық бытыраңқылықты жеңу, орталықтандырылған мемлекетердің бірлесуі үй шаруашылығынжүргізу ережелері емес, жалпы ұлтық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуы қажет етті. Осыған байланычсты «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болып, «саяси экономияға» айналды, ол грек тілінде полис – мемлекет; ойкос – үй шаруашылығы; номос - заң дегенді білдіреді.
5)Экономикалық теория мектептері
Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVIXVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» — саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков. Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» — табиғат, «кратос» — үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.Классикалық саяси экономия — ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) — өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.
