Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metodich_rekom.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
702 Кб
Скачать
☆

2.4.Тәжірибені өтудің соңғы нәтижесі. Студенттің «Емшара мейірбикесінің көмекшісі» оқу-өндірістік практикасынан өткеннен кейін игеруі шарт практикалық іскерлік пен дағдылардың үлгі ретіндегі тізімі

  1. Емшара кабинетін санитариялық-індетке қарсы шарамен қамтамасыз ету.

  2. Аталған емдеу мекемесінде жүргізілетін есепке алу формалары мен нұсқаулықтарына сәйкес емшара кабинетінде дәрілерді есепке алу құжаттамасын жүргізу.

  3. Венадан қан алу

  4. Венаға ине салу

  5. Венаға тамшылы инфузия жасау үшін системаны толтыру және венаға дәрі-дәрмектердің тамшылы инфузиясын жасау

  6. Күйіп қалған жерді өңдеу

  7. Инфекцияланған жарақатты өңдеу

  8. Жұмсақ таңғышты таңу

  9. Қуықты катетерлеу

    1. Реквизитке дейін: коммуникативті дағдылар, клиникаға кіріспе-2.

    2. Реквизиттен кейін: ішкі аурулар пропедевтикасы, ішкі ауралар, хирургиялық аурулар.

    3. Тәжірибенің мазмұны: «Емшара мейірбикесінің көмекшісі» оқу- өндірістік практика бағдарламасының мазмұны «Емшара мейірбикесінің көмекшісі» оқу-өндірістік практикасының күн тәртібінің үлгісі*

№

Жұмыстың түрі

Шамамен алынған уақыт

1

Таңертеңгі мейірбикелік конференцияларға қатысу

8.00-8.30

2

Емшара кабинеттерінде, сонымен қоса емханадағы емшара кабинеттерінде де жұмыс жасау

08.30-14.00

14.00-20.00*

3

Таңу бөлмелерінде жұмыс жасау

08.30-14.00

14.00-20.00**

Емшара кабинеті мейірбикесінің жұмысын ұйымдастыру

Емшара кабинетіндегі мейірбикенің функциональдық міндеттерімен танысу. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Үстелдің ыңғайлы жерде орналасуы. Медициналық құжаттаманың, қосалқы құрал-саймандардың, материалдардың тұрған орнын анықтау. Электр құралдарын (үстел үстіне қойылған шамдал, тоңазытқыш, ыстықпен құрғататын шкаф, сигнализация) дұрыс пайдалану. Еңбекті ұйымдастыруды жақсартуға арналған түзетуші әрекеттер. Еңбекті ұйымдастыруды жақсартуға арналған түзетуші шаралар. Құжаттаманы жүргізу. Журналды өз бетінше толтыру, ем тағайындау парағымен жұмыс жасау, дәрігерлік тағайындауларды сұрыптау. Сұрақ туындаған тағайындауларды нақтылау немесе анықтау, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді мөлшерлеу ерекшеліктері туралы жетекші мейірбикемен немесе емдеуші дәрігермен пікір алысу. Дәрі-дәрмектерді есепке алу және жұмсау туралы жазба жүргізу.

Емшара кабинетінде санитариялық-індетке қарсы режимді қамтамасыз ету

Емшара кабинеттерінің (СанЕмН) күтімі туралы қолданыстағы нұсқаулықтармен және нормалармен танысу. Практика жетекшісіне қауіпсіздік техникасы бойынша сынақ тапсыру. Мейірбикенің сыртқы бейнесі. Жұмыс орны мен оның сыртқы түріне қойылатын гигиеналық талаптар. Арнайы киімді кию тәртібі. Қолды тазарту: қолды тазарту деңгейлері (әлеуметтік, гигиеналық, хирургиялық). Дезинфекциялаушы құралдарды қолданып емшара кабинетінің ғимаратын ылғалдап тазарту. Емшара кабинетіндегі жиhаздарды тазалау (кушеткалар, медициналық стол, медициналық шкаф, т.б.). Асептика және антисептика талаптарының орындалуын қамтамасыз ету. Емшара кезінде пайда болған қалдықтарды жою. Емшара кабинетіндегі құралдар мен ауаны дезинфекциялау үшін кварцты шамды қолдану. Кабинетке кіретін бөлімнің қызметкерлерінің дезинфекция режимін сақтауын қадағалау. Емшара кабинетінде жұмыс жасайтындардың формасы мен киімінің сапасына (мақта-матадан тоқылған) қойылатын талаптарды орындау. Жеке бас гигиенасы талаптарын орындау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]