Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Labor_BMiK.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Жұмыстың мақсаты:

Тәл жүйесі арқан тармақтарындағы тоқтап тұрған, көтеру, түсіру шақтарындағы жүктемелерді анықтау

Тәл жүйесі бұрғылау ққондырғысының ең маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі шығырдың айналмалы қозғалысын тәлді блоктың ілгер-кейінді қозғалсына ауыстыру және канаттағы жүктемені азайту үшін арналған.

Тәлді жүйе – бұрғылау қондырғысының жүк көтергіш бөлігі болып келеді және құрамына кронблок, ілмегі бар тәлді блок, болат тәлді канат, МКМК кіретін полиспастты білдіреді.

2.1 Арқан тармақтарына әсер ететін жүктеме

Бұл жерде қозғалыссыз, көтеру, түсіру сияқты үш режимді ажырату керек. Қозғалмаған жағдайда тәл жүйесі арқанының әрбір тармағына келетін жүктеме жабдықталудың еселігіне байланысты болады:

(2.1)

мұнда, iт.c.-тәл жүйесінің еселігі;

n-шкивтер саны;

Р- тәл жүйесіне ілінген жалпы жүктеме (жүктің салмағына ілмектің және тәл блогының салмағы қосылады);

Рхк- арқанның жылжымалы ұшындағы жүктеме;

Рнк – арқанның жылжымайтын ұшындағы үктеме;

Р1, Р2,…Рn – арқан тармақтарындағы жүктемелер.

КТО кезінде арқан тармақтарындағы жүктеме мөлшері шкивтердің ПӘКтеріне байланысты кедергілерден өседі.

Шкивтердің ПӘК-тері мойынтіректеріндегі және шкив ойықтары мен арқандар арасындағы үйкелістерден пайда болған кедергі шамасына байланысты. Ол шкивтердің сырғанау мойынтіректерінде 0,95÷0,96, тербеліс мойынтіректерінде- 0,97÷0,98. Олай болса әрбір арқан тармағы керілуін былай есептеуге болады:

Р2=Р1х β; Р3 = Р2 х β

Р2н.= Р1 х β2н-1, (2.2)

мұнда Р2, Р2, Рн - 1, 2-ші және ұмысшы тармақтағы жүктеме;

β - = 1/η –шкивтің қарсыласу коэффициент.

Бұрғылау қондырғысы тәл жүйесінің ПӘК-ін төмендегі формуламен анықтайды:

ηтс= (2.3)

мұнда ηшк – бір шкивтің ПӘК-і;

ηтс- барлық тәл жүйесі ПӘК-і;

і-полиспаст еселігі.

Көтеру кезіндегі жылымалы тармақтың керілуін былай анықтайды:

Рхк= Р1 х β2n. (2.4)

Кез келген жылжымалы тармақтың көтеру барысындағы керілуі:

Р2n = Р1 β2n-1. (2.5)

Қозғалмайтын тармақтың көтеру кезіндегі керілуі:

Рнк = (2.6)

мұнда Р – құбырлар тізбегі мен тәл механизмі жылжымалы бөлігінің салмақтарынан қосылған жүктеме.

Жүкті ұңғыға түсірер шақта шектік жүктеме қозғалмайтын тармаққа түседі:

Рнк = (2.7)

ал ең аз жүктеме жылжымалы тармақта болады:

Рхк = . (2.8)

Бүкіл тәл үйесі ПӘК-і, пайдалы жұмыс Ап пен істелген Аз жұмыстың қатынасымен анықталады. Пайдалы ұмыс жүкті жоғары көтеру үшін жұмсалады:

Ап = Р х lгр. (2.9)

Істелген жұмыс жүкті көтеру кезінде, арқанның жылжымалы ұшының оның жүріп өткен жолына көбейтіндісімен анықталады:

Аз = Рхк х lхк = Рхк х lгр х iт.c , (2.10)

мұнда lгр – жүкті көтеру биіктігі;

Рхк – арқанның жылжымалы ұшының көтеру кезіндегі керілуі;

lхк – көтеру кезінде жылжымалы ұштың жүретін жолы (1-ші суретті қара).

Олай болса барлық тәл жүйесінің ПӘК-і келесі формуламен анықталады:

ηтс = . (2.11)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]