Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гиста.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
65 Кб
Скачать
☆

Тыныс алу жүйесі

Мұрын қуысының тыныс алу бөлігінің кілегейлі қабығының эпителиі:

+В. көп қатарлы призмалы кірпікшел

Мұрын қуысының кіреберісін тыстайтын эпителий:

+D. көп қабатты жалпақ мүйізделген

Тыныс алу жүйесінің түтікше мүшесі құрамындағы талшықты шеміршек қабығының 16-20 гиалинді шеміршек жарты сақинашықтары бары:

+В. кеңірдек

Кеңірдектің кілегейлі қабығының меншікті пластинкасын түзетін тін:

+А. борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

Ірі гиалинді шеміршек пластинкалары мыналардың қайсысының қабырғасында болады:

+А. ірі бронхта

Ірі бронхтардың кілегейлі қабығының эпителиі:

+А. көп қатарлы кірпікшелі

Өкпе бронхтарын зерттеу барысында құрамында төрт қабаты бар екені анық, ал фиброзды –шеміршекті қабаттың құрамында эластинді шеміршек аралшықтары да бар. Осындай морфологиялық құрылыс ерекшеліктері болатын өкпе құрылымы қайсы:

+В. орташа бронх

Қабырғасы алғашқыда екі қатарлы, кейін бір қатарлы кірпікшелі эпителимен тысталған, шеміршек пен бездері болмайтын, ал кілегейлі қабығының етті пластинкасы жақсы дамитыны қайсы:

+D. ұсақ бронхтар

Бронхиальді астмамен ауыратын науқастарда уақытша тұншығу байқалады. Бұл мына бронхтардың қайсысының ет жасушаларының жиырылу қабілетіне байланысты:

+D. майда бронхтардың

Өкпенің майда бронхтарының кілегейлі қабығының эпителиі:

+С. екі қатарлы кірпікшелі

Тыныс алу жүйесінің қуысты түтікше мүшесі, кілегейлі қабығы бір қабатты куб тәрізді, кірпікшелі эпителимен астарлағаны:

+E. соңғы (терминальді) бронхиолалар

Терминальды және респираторлы бронхиолалардағы Клар жасушалары синтездейді:

+E. сурфактант компоненттері

Қан мен ауа арасында газ алмасу процесі қай мүшеде жүреді:

+E. альвеолаларда

Құрылымдық компоненті сурфактант болып табылатын барьер-сүзгі қайсы:

+А. аэрогематикалық

Аэрогематикалық барьер-сүзгінің құрамында болатыны:

+А. респираторлы альвеолоциттердің жұқарған бөлігі

Өкпе альвеолаларындағы респираторлы эпителиоциттердің пішіні:

+А. жалпақ созылыңқы

Өкпе альвеоласындағы секреторлы эпителиоциттерден бөлінетіні:

+E. сурфактант компоненттері

Өкпе плеврасының эпителиі:

+А. бір қабатты жалпақ және куб тәрізді

ТЕРІ

Жарық көмегімен микроскопиялық зерттеуде жасушаларында ірі базофильді түйіршіктері көрінетін тері эпидермисінің қабаты:

+С. дәнді

Тері эпидермисінің өсу қабаты:

+В. базалды

Тері эпидермисінде дифференциялану процесін аяқтаған мүйізделген жасушалардан тұратын қабаты:

+E.мүйізді

Тері эпидермисінің регенерациясына қатысатыны:

+В. эпидермистің базалды қабатындағы бағаналы жасушалар

Тері эпидермисінде гормонға ұқсас заттарды (бомбезин, ВИП, энкефалиндерді) бөлетін жасушалары:

+E. Меркель жасушалары

Тері эпидермисіндегі жасушалардың ең көбі:

+С. кератиноциттер

Тері пигментоциттерінің эмбриональді шығу тегі:

+В. жүйке қыры

Тері эпидермисінде эктодермадан дамитын жасушалар:

+С. кератиноциттер

Эпидермистің қай жасушаларында нейральді шығу тегі болады:

+E. Меркель жасушалары

Тері эпидермисінде механорецепторлық қызмет атқаратын жасушалары:

+E. Меркель жасушалары

Теріде пигменті күлгін – көк сәулені өткізбейтін жасушасы:

+А. меланоциттер

Тері эпидермисінің базальді қабатындағы жасушаларының пішіні:

+D. цилиндр тәрізді

Тері эпидермисінің тікенекті қабатындағы жасушаларының пішіні:

+E. көпбұрышты

Тері дермасының торлы қабатын түзетін дәнекер тінінің түрі:

+В. тығыз қалыптаспаған талшықты

Тері дермасының еміздікті қабатын түзетін дәнекер тінінің түрі :

+В. борпылдақ қалыптаспаған талшықты

Түктің өсуі мына жасушалардың қайсысы арқылы жүзеге асады:

+D. түк түйінінің (матриксі)

Түк сабағының құрамында болатыны:

+ А. мүйізді қабыршақтар

Түк түбірінің аяқталатын жері:

+А. түктің түйіні (матриксі)

Тер бездерінің құрылысы:

+В. қарапайым түтікшелі, соңғы бөліктері тармақталмаған

Апокринді типке жататын без:

+С. тер безі

Тырнақ пластинкасын алып тастағаннан кейін қайта қалпына келетіні белгілі. Тырнақ пластинкасының регенерациясына қатысатыны:

+А. тырнақ матрицасы - тырнақ асты пластинкасы

ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ

Біріншілік несепті сүзуге қатысатын бүйрек тамырлары:

+В. бүйрек денешігінің гемокапиллярлары

Бүйрек денешігіндегі қан тамырлар шумағын түзетін тамырлар:

+D. фенестрлі эндотелий мен тұтас базальді мембранасы бар гемокапиллярлар

Пішінсіз, екі-үш ірі өсінділері – цитотрабекулаларынан майда өсінділері – цитоподиялары тарайтын бүйрек денешігіндегі жасушалары:

+В. подоциттер

Нефрон капсуласының сыртқы жапырақшаларындағы эпителий жасушаларының пішіні:

+А. жалпақ

Науқас адамның несебін зерттеу барысында құрамында эритроциттердің бар екені анықталды. Несеп жүретін жолдарында қабыну процесі жоқ екені де белгілі. Осыған байланысты несептің құрамында эритроциттердің болуы нефронның мына бөліктерінің қайсысындағы өзгерістерге байланысты:

+С. бүйрек денешіктеріндегі

Біріншілік несептің реабсорбциясына қатысатын бүйректің құрылымы:

+А. нефрон түтікшелері

Қабырғасындағы жасушаларында базальді лабиринті мен апикальді полюсінде сызықты жиегі болатын бүйрек түтікшесі қайсысы:

+В. проксимальді түтікшелері

Біріншілік несептегі белоктардың реабсорбциясы мына бүйрек түтікшелерінің қайсысында жүреді:

+А. проксимальді

Қабырғасы бір қабатты куб тәрізді жиекті эпителимен тысталған бүйрек нефронының түтікшесі:

+А. проксимальді түтікше

Нефрон ілмегінің төмендеген бөлігін тыстайтын эпителий:

+В. бір қабатты жалпақ

Қабырғасындағы жасушаларының жиегі жоқ, цитоплазмасы ашық түсті, аласа призмалы эпителимен тысталған нефронның қай бөлігі:

+E. иректелген түтікшенің дистальді бөлігі

Бүйректен дайындалған препаратты микроскопиялық зерттеуден өткізу барысында бүйрек түтікшелерінің қабырғасындағы эпителиінің жиектерінің жойылғаны байқалады. Бұл мына түтікшелердің қайсысына тән болуы мүмкін:

+В. проксимальді

Бүйректің қыртысты затындағы жинағыш түтікшелердің қабырғасын тыстайтын эпителиі:

+E. бір қабатты куб тәрізді

Электронды микроскопиялық құрылысы асқазанның париетальды жасушаларына ұқсас бүйректегі мына жасушалардың қайсысы:

+С. жинағыш түтікшелерінің күңгірт түсті жасушалары

Жинағыш түтікшелерінің қабырғасындағы күңгірт түсті нефроциттердің қызметі:

+А. тұз қышқылын синтездейді

Жинағыш түтікшелерінің қабырғасындағы ашық түсті нефроциттердің қызметі:

+В. судың реабсорбциясына қатысады

Несептің құрамындағы Na+ мөлшерінің ауытқу ерекшеліктерін анықтап отыратын бүйректің эндокринді аппаратының жасушалары қайсысы:

+E. тығыз дақтағы эпителиоциттер

Бүйректің дистальді түтікшелеріндегі тығыз жасушаларының пішіні қандай:

+D. призмал

Бүйректе ренин гормонының түзілетіні белгілі. Бұл процеске бүйректің қай жасушасы қатысады:

+А. юкстагломерулярлы

Ренин аппаратының юкставаскулярлы жасушаларының орналасқан жері:

+D. қанды әкелетін және алып шығатын артериолалар мен тығыз дақ арасындағы конус тәрізді кеңістікте

Бүйректің интерстициальді жасушаларында болатын құрылымдары:

+В. простагландиннің түйіршіктері

Бүйректің простагландинді аппаратындағы интерстициальді жасушалардың пішіні:

+С. жалпақ өсінділі

Белсенді жиырылуға қабілетті және жасуша аралық заттағы макромолекулаларды синтездейтін бүйрек денешігінің жасушалары:

.+С. мезангиальді

Қан капиллярлары шумағының арасында орналасқан бүйрек денешігінің жасушалары:

+С.мезенгиальд

Несеп ағардың кілегейлі қабығын тыстайтын эпителиі:

+D. ауыспалы