Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД - Фарм. терминология каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

3. Ағымдағы ахуалды талдау 3.1 Фармацевтика өнеркәсібінің ағымдағы жағдайын бағалау

      Қазақстандағы медикаменттердің жиынтық нарығы шамамен 6000 атауды қамтиды. Сарапшылардың бағалауы бойынша 2009 жылы ЖІӨ өсімінен орта есеппен 1,5-2 еседен асатын тұрақты жылдық өсім үрдісімен 1 млрд. долларды құрады.       Қазақстан фармацевтика өнеркәсібі отандық денсаулық сақтау саласын заттай көрсеткіштердегі дәрілік заттармен 30%-ға қамтамасыз етеді, 2009 жылғы деректер бойынша госпиталь секторында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде бұл көрсеткіш 45%-ды құрады.       Бұл ретте отандық өндірушілердің өнім портфелінің негізгі бөлігін рентабелділігі төмен дженерикті препараттар (олардың жалпы нарық көлеміндегі үлесі 85%) құрайды, ал ерекше препараттар нарығы 15 %-ды құрайды, бұл фармацевтика өндірушілеріне өз пайдасын жаңа ерекше дәрілік препараттарды зерттеу мен әзірлеуге бөлуге мүмкіндік бермейді.       Фармацевтика өнеркәсібі дамушы сала бола отырып, медициналық мақсаттағы бұйымдардың (ММБ) ұсақ өндірушілерін қоса алғанда, фармацевтика және медицина өнімі өндірушілерінің жалпы 79 кәсіпорнын қамтиды. Бұл ретте 6 барынша ірі зауыттар үлесіне Қазақстанда шығарылатын ақшалай көріністегі барлық дәрілердің 90 %-ынан астамы тиесілі. Отандық кәсіпорындардан: «Химфарм» АҚ, «Глобал Фарм БК» ЖШС, «Нобел АФФ» АҚ, «Ромат» фармацевтикалық компанияларды, «Нұр-Май Фарм» ЖШС, «Қарағанды фармацевтика кешенін» атап өтуге болады. Медициналық жабдық бойынша — «Ақтөберентген» АҚ толық циклді өндірісі бар кәсіпорын болып табылады.       Дәрі-дәрмек өндірісі баяу дамуда, он бес жыл ішінде отандық өндірушілердің дәрілік нарық көлеміндегі ақшалай көріністегі үлесі 3%-дан 10%-ға (қаржылық есеппен) ұлғайды. Қазақстанның фармацевтика кәсіпорындары республикада тұтынылатын медикаменттер көлемінің құндық мәнінде 10 %-дан аспайтын көлемде өнім шығарады.       Алайда, 2005 - 2008 жылдары ішкі фармацевтика нарығы өсімінің жоғары қарқыны байқалып отыр, ол елдің бүкіл экономикасының өсімімен, халықтың әл-ауқатының өсімімен байланысты болып отыр.       2000 - 2009 жылдар кезеңінде халық сұранысының барынша қымбат инновациялық фармацевтика өніміне ауысу шамасына қарай отандық өнеркәсіптің ішкі нарықтағы позициясы төмендеді. Негізгі проблема - «арзан» және «ауқымсыз» отандық ассортиментте; бұл Қазақстанның фармацевтика нарығының негізгі бөлігін - құндық көріністе 90%-ға дейін және заттай көлемде 70%-ға дейін импортталған өнімнің құрауына әкелді; отандық дәрілік заттардың үлесі тиісінше 10%-ды және 30%-ды құрады. Бұдан өзге қазақстан фармацевтика өнеркәсібі шетел компанияларының жалпы кірістілігі бойынша артта қалып келеді.

3.2. Серпіндегі негізгі көрсеткіштер.

      Қазақстан Республикасының фармацевтика секторының берері нақты ЖІӨ-нің 1%-нан аз: оның үлесі 2004 жылы 0,97%-дан аз көлемді құраса, 2008 жылы оның көлемі небары 0,87% болды.       Өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі фармацевтика енеркәсібінің үлесі 2004 - 2007 жылдары 0,12 - 0,13%-ды құрады. 2008 жылы фармацевтика өнеркәсібінің үлесі 0,1%-ға дейін құлдырап кетті, өйткені өнеркәсіп тауарларының бағасы фармацевтикалық өндіріс көлемінен тез өсті.       Экспортқа қатысты аздаған өсім байқалғанымен, фармацевтика саласының үлесі мардымсыз күйінде қалып отыр. Дәрілік препараттарды шетелге сату 2004 жылғы экспорт үлесінің 0,0159%-ынан 2008 жылға қарай 0,0248%-ын дейін өсті.       Соңғы он жыл ішінде фармацевтика өнімінің қазақстандық нарығы 1999 жылдан бастап жыл сайын 10%-ға ұлғая отырып, көлемі жағынан айтарлықтай өсті; 2003 - 2008 жылдар кезеңінде өсімнің орташа қарқыны 14,48%-ды құрады. Алайда, 2008 жылы неғұрылым бір қалыпты дамудың жаңа кезеңі басталды, бұл нарықтың өз көлемінің өскенінде де, әлемдік экономикалық дағдарыстың халықтың сатып алу қабілетіне келеңсіз әсер еткенін де көрсетеді. Бүгінгі күні байқалып отырған өсім импорттық медикаменттердің өспелі бағаларының өсуімен түсіндіріледі.