Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси психология пх 301+.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
353 Кб
Скачать
☆

5В050300 - Психология

Пәннің атауы «Саяси психология»

Мамандығы 5В050300 - Психология

Оқу нысаны күндізгі

Атау коды PP 3306

Барлығы 2 кредит

Курс ____3__

Семестр ___6____

Дәріс___20_ сағат

Семинарлық 10 сағат

СОӨЖ 15 сағат

СӨЖ 45 сағат

Емтихан 6 семестр

Барлығы 90 сағ.

А С Т А Н А – 2013

Курс оқытушысы туралы мәліметтер:

Болатбекова Назгүл Жоламанқызы п.п.ғ.магистрі , ӘПП кафедрасының аға оқытушысы

Әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасы, каб. 413

ХХІ ғасырдың басы саясат пен экономика, мәдениеттегі ғаламдық өзгерістер дәуірі. Бұл жаңа дүниетанымдық құндылықтар жүйесін іздестіру және иелену уақыты. Қазақстан республикасының жаңа мемлекеттілігі қалыптасуының қалыптасу шарты тек шаруашылықтың экономикалық жаңа жүйесін жасау ғана емес, сондай-ақ саяси жүйенің демократиялық бағытта өзгеруімен тығыз байланысты.

Ашық түрдегі нарықтық қарым-қатынастағы қазіргі демократиялық қоғамның қалыптасуына жеке адамның творчестволық ойлауға қабілеті, өз бетінше шешім қабылдауы және соған жауапкершілікпен қарауы, ұжымды басқаруы, тұрғындардың этникалық тобымен және әр ұлт өкілдері топтары мен әртүрлі жағайда қарым-қатынас жасай алуы қажет. Қоғамдағы саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениеттің даму динамикасын зерттеуде психологиялық ғылымдардың жетістіктерін сүйенудің маңызы үлкен. Саяси тәрбиенің жаңа тұжырымдамасын жасап жүзеге асырудың қажеттілігі күннен күнге артып келеді. Демек, қоғамдағы саяси жүйенің бүгінгі таңдағы даму бетбағытында саяси психологияның негізгі проблемаларын зерттеу ерекше мәнге ие болады. Сол себепті саяси психология негіздерін білу әрбір адамға қажет дүние. Әсіресе, аталмыш білімдер жүйесін жоғары мектеп түлектерінің, соның ішінде жоғары білікті психолог мамандарын даярлауда ескерудің маңызы зор. Бұл талап университеттегі оқуды аяқтағаннан кейін әртүрлі қоғамдық және билік құрылымдарындағы, аналитикалық орталықтардағы, ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі, қазіргі қоғамның әлеуметтік саяси жағдайы, мәдени және экономикалық реформадағы даму мәселесін талдаумен айналысатын маман-психологтарды дайындауда ерекше мәнге ие болады. Осы мәселені шешу мақсатында көп аспектілі және көп өлшемді адам туралы білімдерді және оны қоршаған шындықтармен тиімді байланысын, соның ішінде саясатта психология ғылымы өз үлесін қосуға және енгізуге тиісті. Сондықтан студенттерге әлемдік және отандық саяси және психологиялық ғылымдардың жетістіктеріне негізделген "саяси психология" курсын оқыту олардың кәсіби деңгейлерін жоғарлатады.

“Саяси психология” пәнін оқытудың мақсаты студенттердің қазіргі замандағы саяси психология жөніндегі білімдердің маңызы мен рөлін саналы ұғынуы, таңдаған мамандығы шеңберінде, кәсіби қалыптасуындағы мәнісін түсінуі болып табылады.

Сондай-ақ, аталмыш курсты оқып-үйрену студенттерде көшбасылық қабілеттіліктерін ашуға, саяси мінез-құлық пен саяси мәдениет дағдыларының қалыптасуына әсер етеді.

"Саяси психология" курсын оқытудың міндеттері:

  • саяси психологияның өзге ғылымдар жүйесіндегі рөлі мен мәнін, оның объектісі, пәні, негізгі ұғымдары мен әдіснамалық ұстанымдарын анықтау;

  • саяси психологияның тарихи даму жолын талдау;

  • қазіргі саяси психологияның негзгі тұжырымдамаларын оқып-үйрету негізінде студенттердің білімдерін жүйелеу;

  • саясат феномені, саяси жүйенің психологиялық аспектісі мен проблемаларын теориялық және эмпирикалық зерттеу;

  • саяси сана, саяси мінез-құлық, саяси мәдениеттің динамикасын зерттеуде психологиялық ғылымдар тұрғысынан келуге үйрету;

  • студенттердің саяси психология мәселелері жайлы білімдерін өзінің кәсіби іс-әрекеті мен қарым-қатынас пен өзара әрееттестік практикасында табысты қолдануға ынталандыру;

Пререквизиты – аталмыш курсты оқып-үйрену алдындағы пәндер: саясаттану, социология, философия, мәдениеттану, жалпы және әлеуметтік психология, психология тарихы, Қазақстан тарихы.

Постреквизиттер – іргелес және әрмен қарай оқытылуға тиіс пәндер: этнопсихолгия, дін психологиясы, әсер ету психологиясы, кикілжің психологиясы және оларды реттеу.

Негізгі біліктілік жүйелері (білімдер, ебдейліктер, дағдылар):

  • қазіргі саяси психологияның теориялық және әдістемелік аппаратын білу;

  • қазіргі саяси психологияның мәселелрін анықтаудағы негізгі бағыттар мен тұрғыларды білу;

  • қазіргі саяси қатынастарың даму ерекшеліктерін білу;

  • халықтардың саяси мәдениеті, саяси мінез-құлқы, саяси санасы, саяси көшбасшыларының психологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы зерттеуді және талдауды жүргізі ебдейлігі;

  • саяси мәдениеттің дағдыларын жетілдіруге әсер ететін практикалық ұсыныстарды жасай білуге үйрету;

  • саяси сана, саяси мінез-құлық, саяси мәдениеттің динамикасын болжау мен мониторинг жасаудың дағдыларына үйрету;

Негізгі оқу сабақтарының түрлері лекциялар, практикалық (семинар) сабақтар, студенттердің оқытушымен дербес жұмыстары, студенттердің ұсынылған әдебиеттер мен лекция материалдарымен жүйелі жұмыс істеуі, сондай-ақ кредиттік жүйеде көрсетілген заманауи білім беру технологиялардың әр түрлі әдістері болып табылады (презентация, кейс-стади, пікірталас, дөңгелек үстел, эссе және т.б.).