Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 микроклимат.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2 Қолданылатын жабдықтар мен тәжірибенің жүргізілуі

Зертханалық жұмыс аэродинамикалық түтiк (1), табақшалы (2) немесе қанатшалы (3) анемометр, Ассманның аспирациялық психрометрiмен (4) және секундомерi бар құрылғыны қолдану арқылы орындалады (4-сурет). Анемометрлер ауа қозғалысының жылдамдығын, ал психрометр оның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын анықтауға арналған.

2.1 Ауа козғалысынын жылдамдығын анықтау

0,3-10,0 м/с арасындағы ауа жылдамдығын өлшеу, қанатшалы анемометрмен, ал 1,0-30 м/с-та табақшалы анемометрмен өлшенедi. Сәйкесiнше олардың сезгiштiк бастамасы 0,2 және 0,8 м/с.

Анемометрлерде ауа қозғалысының жылдамдығы - олардың жұмыс дөңгелектерінің айналу санымен анықталады. Сондықтан оларды сызықты жылдамдыққа ауыстыру үшін, анемометрді секундомермен бірге қолданылуын қарастыратын уақытты есептеу керек.

4-сурет. Бөлмелердің микроклиматының күйін бақылау құралының сыртқы көрінісі.

МС-13 табақша типті анемометр (5-сурет) - айқасып орналасқан (4) жарты дөңгелектен, және ойыстары бiр жағына қаратылып жасалған табақшалардан (1) тұрады. Айқасқан жарты дөңгелектер тас тірекке бекітілген тік болат осьтерге бекіген (2), ол ауа лебі кезінде дөңгелекшелердің еркін бір бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді. Абайсызда болатын зақымдалулардан айқасқан жарты дөңгелектер екі сым темірлермен есілген каркаспен қорғалған.

5-сурет. Табақшалы анемометр.

Осьтің төменгі ұшы бұрамдықпен (винт түрiндегi тiстi дөңгелек) аяқталады, ол тісті редуктордың санау механизмінің жұмысын қамтамас етеді. Редуктор- түтiкшелi орталық және бұрандалы дөңгелектен, екi аралық және екi кiшкене дөңгелектерден тұрады. Санауыштың циферблаттағы айналым санын көрсететін үш тілі бар. Олар: бірліктер мен ондықтарды (5) шкаладағы (4) - үлкен тiл, жүздiк пен мыңдықтарды сәйкесiнше, кiшкентай (6), (7) тiлдер көрсетедi.

Санауыш механизмдi қосу мен өшiру арретир (8) көмегімен орындалады. Оның бiр ұшы иiлген пластина серiппенiң астында, ал басқа ұшы корпустан арнайы ойық арқылы шығарылған. Аспаптың механизмi аэродинамикалық түтiкке бекiтуге арналған, төменгi жағы винтпен (9) аяқталатын пластмассалы корпуста жиналған

АСО-3 қанатша типті анемометр (6-сурет.) – аллюминийден жасалған сегіз қанатты, құбырлы осьске (2) орнатылған жел қабылдауыштан тұрады (1). Соңғысы сырғанамалы, жел қабылдауыштың қанатшаларының айналуына мүмкіндік беретін, тартылған ішекке (3) орнатылған. Өстiң (2) екінші ұшында құрылғы корпусының (4) iшiнде бұрамдық орналасқан.

6-сурет. Қанатшалы анемометр

Ол циферблат құралдарының тiлдерiн табақшалы анемометр механизмдерiндегiдей қозғалысқа келтiредi. Санау механизмiндегі, қосу, өшiру арретир (5) арқылы орындалады.

Үш планкалы (6) жабдықтың корпусы (4) қанатшаларды қорғағыш сақинаға (7) жақсылап бекітілген. Сақина ішіне диаметрі бойынша ішектік өсті (3) тартуға арналған бөлігі (9) бар металл өзекше (8) бекітілген анемометрді қолдану ыңғайлы болу үшін қорғағыш сақинаның (7) сыртқы жағында түтікті сап (10) бекітілген.

Анемометрдің көмегімен ауаның жылдамдығын анықтау үшін тәжірибелік жұмыстар келесі тәртіппен орындалады: өлшеу алдында, алдымен желқабылдауыштың бастапқы айналым сандарын құралдың циферблатның үш тілшелерінің көрсеткіші арқылы жазылып алынады. Содан кейін, анемометр аэродинамикалық түтiкке, қанатшалы анемометрлардың жұмыс дөңгелегінің айналу жазықтығына және табақшалы анемометрлердің жұмыс дөңгелегінің айналу осіне ауа қозғалысының бағытымен тiк бұрыш жасайтындай етiп енгiзiледi. Инерциялық кедергіні жеңу үшін қанатшалыға 30 секунд және табақшалыға 100 секунд бос жұмыс істетеді. Артынша, бiрден анемометрдi қосады да, 100 секунд өткен соң секундомердi де, анемометрдi де өшiредi, өлшенгеннен кейінгі анемометрдің көрсетулерінің айырмашылығын есептейді. Сосын, осы айырмашылықты бақылау уақытына бөліп, жабдық шкаласының бөлу бағасын табады. Оны білгеннен кейін анемометрлер қосымшасы ретінде берілетін градустық график арқылы ауа қозғалысының жылдамдығын анықтаймыз. Өлшеулер нәтижесін формасы төменде берілген тәжірибенің хаттамасына енгіземіз.