Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 орт сондиру.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2 Қолмен сөндіруге арналған өрт сөндіргіштер

Жанудың бастапқы кезеңінде өртті сөндіруге арналған құралдар.

ОХП-10 типті химиялық көбікті өрт сөндіргіштер қатты және сұйық заттарды сөндіруге арналған. Олар 5-ке тең еселікпен әсер етеді, ұзақтығы 60 секундқа жақын. Баллондардың сиымдылығы - 8,7 және 9 л. Осы өрт сөндіргіштердің заряды сілтілік және қышқылдық бөліктерден тұрады. Қыс мезгілінде өрт сөндіргіштер қатып қалмас үшін, оның сілтілік бөлігіне этиленгликольді немесе рас көбіктендіргішін қосады.

ОХП-10 өртсөндіргіші (1-сурет) ішінде стақан орнатылған (2), шойыннан пісірілген корпустан (1) тұрады. Стақан күкірт қышқылды темір тотығымен толтырылған.

1-Сурет. ОХП-10 типті химиялық көбікті өртсөндіргіш.

Корпус мия экстракты бар екікөміртекті натрий қышқылының (сілті) қоспасымен толтырылады. Тұтқаны (3) 180°-қа бұрған кезде, соташық (4) резенке тығынды жоғары көтереді де, түбін жоғары қаратып аударғанда қышқылдық және сілтілік бөліктері араласады. Нәтижесінде, көміртек қос тотығы көбік түрінде түзіліп, шашырау арқылы жану ошағына бағытталады. Ағынның ұзындығы 8 м жетеді. Қышқылдық пен сілтілік бөліктерінің араласуы нәтижесінде келесі әрекеттесу жүреді:

Fe2(SO4)3+6NaHCO3 = 2Fe(OH)3+3Na2SO4+6CO2

Өрт сөндіргіштің корпусы бір жылдан кейін 25 % мөлшерде, 2 жылдан кейін 50 %, 3 жылдан кейін 100 % 2 МПа қысымда зерттеуден өтеді. Жылына бір рет зарядталынып тұрады.

ОХП-10 өрт сөндіргіші оңай жанғыш, жанатын сұйықтарды және қатты заттырдың көбін сөндіруге арналған. ОХП-10 өрт сөндіргішін сумен араласатын сұйықтарды сөндіру үшін қолданғанда оның әсері болмайды, көбіктің қасиеттері өзгереді. Химиялық көбікті құнды заттарды сөндіру үшін пайдаланбаған абзал, оның әсерінен олар бүлінеді. Көбіктік өрт сөндіргіштердің көбіктерінің ток өткізу қабілеті болғандықтан, электр құрылғыларын сөндіру үшін де пайдаланылмайды.

ОВП-5 және ОВП-10 типті (2-сурет) қолмен сондіруге арналған ауа-көбікті өрт сөндіргіштердің, сиымдылығы 5 және 10 л сәйкес 5% көбіктүзуші қоспамен толтырылған сұйыққоймасы бар.

2-сурет. ОВП-10 типті қолмен сөндіруге арналған ауа-көбікті өртсөндіргіш

Балонның (2) қысу тұтқасын (3) бұрған кезде көміртек қос тотықты көбік cұптама (4) арқылы жоғары еселік қоспа шашырайды. Өрт сөндіргіштің жұмыс істеу уақыты 20 секунд, ағын ұзындығы 4-5 м дейін жетеді.

Өрт сөндіргіштің заряды химиялық бейтарап. Соның негізінде алынған жоғарғы еселі көбік те өрт сөндірілгеннен кейін жоғалады. Сол себепті өрт сөндіргіштің айналадағы заттарға зиянды әсері жоқ. Мұндай өрт сөндіргіштерді электроқондырғыларды, сілтілік металдар мен заттарды сөндіру үшін қолданбайды.

Кішігірім өрттердің барлық түрін сөндіруде қолданылатын, сиымдылығы 2, 5 және 8 л тең ОУ-2, ОУ-5 және ОУ-8 (3-сурет) қолмен сөндіруге арналған көмірқышқыл өрт сөндіргіштері.Бұл өрт сөндіргіштер қысым вентилінің маховикті айналдыруы арқылы іске қосылады. Қар тәрізді көмірқышқыл ағыны 2 м қашықтыққа 30-40 секунд уақыт ішінде әсер етеді. Балондағы көмірқышқыл сұйығы 6 мПа қысымда болады да, тұтқаның вентилін ашқанда ондағы қысым 0,98*105 Па дейін төмендейді. Нәтижесінде сұйық көмірқышқыл температураның төменгі көрсеткішінде газ тәрізді күйге өтеді. Сондықтан өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істегенде сақ болу керек.

3-сурет. ОУ-2 қолмен сөндіретін көмірқышқыл өрт сөндіргіш

Көмірқышқыл өрт сөндіргіштерді таразыға тарту арқылы тексеруден өткізеді. Егер салмағы 6,25 (ОУ-2); 13,35 (ОУ-5) және 19,7 (ОУ-8) кг аз болса, оларды зарядтау қажет.

Көмірқышқыл материалдарды бүлдірмейтіндіктен, оларды құнды заттарды және кітап сақтау орындарын сөндіру үшін пайдаланады. Ал ток өткізбеуіне байланысты (380 В дейін) электр құрылғыларын сөндіруде қолданады.

ОУБ-3а, ОУБ-7а (4-сурет) көмірқышқыл-бромэтил өрт сөндіргіштері, 3,2 және 7,4 л сиымдылықты шойын баллонан тұрады, оның ішінде 97% бромды этил мен 3% сұйық көмірқышқылы болады. Ерітінді 0,843 мПа қысымда болады. Вентильді ашу кезінде шығару түтігінен бұлт тәрізді өрт сөндіру заты шашырайды. Өрт сөндіргіштің жұмыс істеу уақыты 40 секунд, ағын ұзындығы 4-5 м дейін жетеді. Олар қатты, сұйық жанғыш және электр құрылғыларын сөндіру үшін қолданылады.

.4-сурет. ОУБ-7 көмір қышқыл – бромэтил өрт сөндіргіші

Түйіршікті ОПС-10 (5-сурет) өрт сөндіргіші кальциланған құрғақ түйіршікпен толтырылған, сиымдылығы 10 л баллоннан (1) тұрады.

5-сурет. Түйіршікті ОПС-10 өрт сөндіргіші

Корпусқа 15 МПа қысымдағы инертті газ (азот) толтырылған баллон бекітілген.

Вентилді ашу кезінде газ күшімен түйіршік шлангқа (3) итеріледі де, раструб (4) арқылы өртке шашыратылады. Іс-әрекет ұзақтығы шамамен 30 с.

Түйіршікті өрт сөндіргіштер кішігірім жану аймағына: автотранспорт, электр құрылғылар (100В дейін), сілтілік металдар (Na, К), ағаш, пластмасса және т.с.с. қолданылады.

Өндіріс ғимараттарының әртүрлі жүйелерінде қолданылатын өрт сөндіргіштердің қажетті саны келесі формуламен анықталады:

N0= M0* S,

мұнда, S – ғимараттың ауданы, м2; M0 – 1-кестеде келтірілген нормаланған өрт сөндіргіштердің саны.

1-кесте. Қолмен сөндіруге арналған өрт сөндіргіштердің сипаттамалары.

Ғимараттардың, имараттардың және қондырғылардың атаулары

Өлшем бірлігі, м

Өрт сөндіргіштер

ОХП-10

ОВП-10

Көмірқыш-қылды

Механанико-жинау, металдарды өңдеу цехтары

600

I

-

-

Қатты отын және газбен жұмыс істейтін ұсталық және престік цехтар.

600

I

-

-

Сұйық отынмен жұмыс істейтін ұсталық және престік цехтар.

әр қондырғыға

-

I

-

Гараждар.

100

-

I

-

Пісіруші және электр пісіруші цехтар

200

I

-

-

Қатты отынды қолданатын пеші бар термиялық цехтар:

300

I

-

-

Сұйық отында қолданатын пеші бар термиялық цехтар:

әр құралға

-

I

-

Сырлау, лактау, т.с.с. цехтар

100

-

I

-

Ағаш өңдеуші, модельді, столярлы цехтар

100

I

-

-

Мотор зауыттарындағы жинаушы, реттеуші цехтар

100

-

I

-

Ацетиленді қосалқы станциялар

100

-

I

I

Трансформаторлы қосалқы станциялар

100

-

I

-

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]