- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес академиясы «экономика және логистика» кафедрасы
- •5В050800 –«Есеп және Аудит»
- •«Микроэкономика»
- •Силлабус
- •Тақырыптық – күнтізбелік жоспар
- •Практикалық сабақтар мазмұны, бақылау нысаны және бағалау
- •Сөж тапсырмалары және оны тапсыру кестесі*
- •Бағалау саясаты
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •КуРстың саясаты мен студентке қойылатын талаптар
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Негізгі заңдар, заңнамалық құжаттар және нормативтік-құқықтық актілер*:
- •2) Жұлдызшамен көрсетілген әдебиеттер хба библитекалық фондында бар
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады. Пән 100 -балдық өлшемде бағаланады.
Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.
«Микроэкономика» пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған(ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы ) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.
Емтиханға жіберу рейтингі (Рж), 1Рейтинг пен 2Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан (ұпайдан) кем болмауын талап етеді.
Емтиханға жіберу рейтингі (Рж) төмендегідей есептеледі:
(1 рейтинг + 2 рейтинг):2 (орташа арифметикалық мәні)
Рейтинг 1 (рейтинг 2 де) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады (орташа арифметикалық мәні).
«Микроэкономика» пәні бойынша балдардың жинақталу тәртібі.
Семестрдің алғашқы 7 аптасында «Микроэкономика» пәні бойынша 1-7 сабақтарын/тапсырмаларын/ өту қарастырылады («Практикалық және зертханалық сабақтар, бақылау мен бағалаудың түрлері», «ОБСӨЖ-ын өткізу кестесі» силлабуста кесте түрінде көрсетілген).
Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташаарифметкалық мәні бойынша анықталады.
Семестрдің келесі 8 аптасында «Микроэкономика» пәні бойынша 8-15 сабақтарын/тапсырмаларын/ өту қарастырылады.
2 Рейтинг = (2Аб + 2Рб) : 2 құрайды.
Қорытынды бақылау Қб (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі 50 балдан кем емес балл жинағанда ғана(ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі.
Қорытынды баға (Қб): (Рж+Қб):2 құрайды.
Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады. Курстық жұмыс(жоба) тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
Себепсіз дәрістен(лекция) қалу тапсырған тапсырманың бағасын 20 балға, практикалық және зертханалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын 30 балға төмендетеді.
Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.
Пәннің қорытынды бағасы балмен кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.
Балмен қорытынды баға (ҚБ) |
Балдардың сандық баламасы (С) |
Әріптік жүйемен бағалау (Ә) |
Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д) |
95-100 |
4 |
А |
Өте жақсы |
90-94 |
3,76 |
А- |
|
85-89 |
3,33 |
В+ |
Жақсы |
80-84 |
3,0 |
В |
|
75-79 |
2,67 |
В- |
|
70-74 |
2,33 |
С+ |
Орташа (Қанағаттанарлық) |
65-69 |
2,0 |
С |
|
60-64 |
1,67 |
С- |
|
55-59 |
1,33 |
D+ |
|
50-54 |
1,0 |
D |
|
0-49 |
0 |
F |
Қанағаттанарлықсыз |
