- •Құрылыс өндірісінің технологиясы
- •Құрылыс мамандары
- •Геотехника
- •2.А.А.Мырзақожаева, ш.Қ. Жақыпбеков. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама материалдары.Алматы, 2002 120 бет.
- •3. Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы.Оқулық.Қарағанды: ҚарМту, 2007. 102 бет. -
- •4. Қордабаев т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі (Оқу құралы). Алматы,«Санат». 1995.
- •Шатырлық, гидроизоляциялық және герметикалық материалдар.
- •1. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •2. Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).
- •4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар және жауабын жазыңдар.
- •Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар
- •4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар және жауабын жазыңдар.
- •15. Қайталау. Қорытынды.
Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар
Жылу оқшаулағыш материалдар деп жылу өткізгіштігі 0,175 Вт/м·°С артық емес құрылыс материалдарыан атайды; олар әртүрлі ғимараттардың, өндірістік жабдықтардың және агрегаттардың, құбыр жолдарын, жылумен оқшаулауға, жылу және мұздатқыш өнеркәсіптік қондырғылар үшін арналған. Құрылыста жылу оқшаулау қоршалған конструкциялардың (қабырғалардың, жабынадрдың) қалыңдығын азайту, негізгі материалдардың шығынын азайтуға (кірпіш, бетон, ағаш, конструкцияны жеңілдетуге және олардың құнын азайтуға, пайдалану мерзімінде отынның шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Органикалық жылумен оқшаулағыш материалдар мен бұйымдарды өсімдіктер шикізатынан және ағаш өндірісінің қалдықтарынан, әртүрлі байланыстырғыштардан алады. Оларға ағаш-жоңқалы және ағаш-талшықты тақталар, фибролит, арболит, камышит, шымтезек және киіз (киіз, талшық, шевелин) бұйымдары жатады. Бұл бұйымдар қабырға мен төбелерді қаптау, еденді жабу, жабындарды жылыту үшін пайдаланылады.
Фибролит — жасанды құрылыс конгломераты, бейорганикалық байланыстырғыш заттардан (портландцемента, магнезиялы байланыстырғыш) дайындалған және ағаш кесіндісінің жұқа және тар таспасы түрінде арнайы станоктарда алынатын ағаш қылшығы. Ағаш қылшығын байланыстырғыш заттармен және сумен араластырады, қоспаны қысым астындағы 0,5 МПа тақтада қалыптайды. Тақталарды қабырға мен аражабындарды жылумен оқшаулау үшін пайдаланылады. Фибролит жақсы өңделеді – оны аралау керек, бұрғылау керек, оған шеге қағуға болады.
Тапсырмалар:
1. Жаңа сөздерді жазыңдар.
2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасаңдар.
3. Мәтінді іштен оқыңдар.
4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар және жауабын жазыңдар.
5. Мәтінді аударыңдар.
6. Берілген сөздерді септеңдер.
Талшық, шымтезек, киіз.
7.Берілген сөйлемді сөз құрамына талдаңдар.
Бұл бұйымдар қабырға мен төбелерді қаптау, еденді жабу, жабындарды жылыту үшін пайдаланылады
8. Мәтінді қысқаша мазмұндаңдар.
14-ТАҚЫРЫП. ӘРЛЕУЛІК МАТЕРИАЛДАР
Практикалық сабақтың жоспары
Әрлеулік материалдар.
1. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
2. Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).
Әрлеулік материалдар.
Ғимараттың өзіндік сәулет шеберлігін қамтамасыз ету, интерьерге қайталанбайтын өрнек беру үшін құрамы, құрылымы, түстер гаммасы мен бұйымдардың түрі бойынша — әрлеу материаллары қолданылады. Декорациялық функциядан басқа, әрлеу материалдары тұрғылықты үйлер мен қоғамдық жайлардың жайлылығын арттырады, сондай-ақ құрылыс конструкцияларының бұзылуының алдын алатын қорғаныш жабындары ретінде қолданылады.
Жайлардың ішкі жағында әрлеу қабырғалардың барлық вертикаль бетінен, ал төбе мен еденді горизонталь жүргізеді.
Сыртқы әрлеу ғимараттар мен үймереттердің қасбеттері мен цоколь бөліктерін декорациялық қорғауды енгізеді.
Әрлеу материалдарын қолдануға техникалық қасиеттерін қамтамасыз ету және декорациялығы бойынша талаптар қойылады, ол талаптар оларды пайдалану жағдайымен анықталады.
Тапсырмалар:
1. Жаңа сөздерді жазыңдар.
2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасаңдар.
3. Мәтінді іштен оқыңдар.
4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар және жауабын жазыңдар.
5. Мәтінді аударыңдар.
6. Берілген сөздерді тәуелдеңдер.
Үй, өрнек, қасиет.
7.Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеңдер. (Өткен шақта).
Пайдалану, әрлеу, жүргізу.
8. Мәтінді қысқаша мазмұндаңдар.
