- •1)Түзу сызықты айнымалы қозғалыс.
- •2)Қисық сызықты қозғалыс
- •3)Ньютонның заңдары
- •4)Механикалық жұмыс, қуат, энергия. Сақталу заңдары.
- •5)Айналмалы қозғалыс
- •6)Идеал газдардың негізгі заңдары
- •8)Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия
- •9)Кулон заңы. Электростатикалық өріс және оның кернеулігі. Электростатикалық өрістің потенциалы. Электр өрісіндегі жұмыс.
- •11)Электр тогы және ток күші. Электр қозғаушы күш
- •12)Электр өткізгіштіктің элементар классикалық теориясы.
- •13)Магнит өрісі және оның сипаттамалары
- •14)Био-Савар-Лаплас, Ампер, Лоренц заңдары.
- •15)Электромагниттік индукция құбылысы. Фарадей және Ленц заңдары.
- •16)Максвелл теңдеулері
- •17)Жарық толқындарының интерференциясы
- •18)Гюйгенс-Френель принципі
- •19)Дифракциялық торлар
- •20)Жарықтын поляризациясы
- •21)Жылулық сәулелену. Кирхгоф, Стефан-Больцман, Вин заңдары.
- •22)Сыртқы фотоэффект құбылысы және оның заңдары.
- •23)Фотоэффект теориясы. Эйнштейн теңдеуі.
- •24)Жарық қысымы
- •25)Комптон эффектісі.
- •26)Сутек атомының теориясы.
- •27)Шредингердің теңдеулері.
- •28)Кванттық сандар. Паули принципі.
- •29)Қатты денелердің зоналар теориясы.
- •30)Радиоактивтік сәулелену. Радиоактивті ыдырау заңы.
21)Жылулық сәулелену. Кирхгоф, Стефан-Больцман, Вин заңдары.
Жылулық
сәулелену -дене
бөлшектері, жылулық қозғалыстарының
сәулелену энергиясына түрленуінің
салдарынан пайда болатын электромагниттік
сэулелену.
Кирхгофтың сәуле шығару заңы –
дененің сәуле шығарғыштық қабілеті
[(,T)] мен сәуле сіңіргіштік қабілеті
(,T)] арасындағы қатысты тағайындайтын
заң. Кирхгофтың сәуле
шығару заңы бойынша, дененің сәуле
шығарғыштық қабілетінің оның сәуле
сіңіргіштік қабілетіне қатынасы дененің
табиғатына тәуелді болмайды. Бұл
қатынас абсолют қара
дененің сәуле шығарғыштық қабілетіне
[0(,T)] және шыққан сәуле толқынының
ұзындығы мен абсолют
температураға (T)
тәуелді болады: Кирхгофтың сәуле шығару
заңы жылулық сәуле шығарудың негізгі
заңдарының бірі болып саналады. Ол сәуле
шығарудың басқа түрлеріне қолданылмайды.
Бұл заңды неміс физигі Г.Р.
Кирхгоф термодинамиканың
екінші бастамасына сүйеніп
ашқан (1859). Кейін тәжірибе жүзінде
дәлелденді.
Стефан - Больцман және Винн заңдары 1879
жылы австриялық физик И. Стефан
тәжірибелердің нәтижелерін зерделей
отырып, ал 1884жылы А. Больцман теориялық
зерттеуге термодинамикалық тәсілді
қолдана отырып, мынаны тағайындады: абсолют
қара дененің интегралдың энергетикалық
жарқырауы абсолют
температураның төртінші дәрежесіне
тура пропорционал:
Бұл
— Стефан-Больцман заңы. Мұнда
=
5,67 • 10-8Вт/м2К4 -
Стефан-Больцман тұрақтысы деп аталады.
Неміс физигі Винн абсолют қара дененің
сәулелену қабілетінің максимумы
сәйкес келетін жиіліктің температураға
тәуелділігін тағайындайды:
Абсолют
қара дененің энергетикалық жарқырауының
спектпрлік тығыздығының максимумына
сәйкес келетін жиілік дененің абсолют
температурасына тура
пропорционал.
Әдетте, Винн заңын жиілік емес, толқын ұзындығы
арқылы мына түрде жазады:
мұндағы
b=2,9 -103 м•К — Винн тұрақтысы деп аталады.
22)Сыртқы фотоэффект құбылысы және оның заңдары.
Фотоэффект құбылысын 1888ж орыс физигі А.Г.Столетов (1839-1896) тереңірек зерттеді. Мұндай құбылыстар сыртқы фотоэлектрлік құбылыстар деп аталады. Сыртқы фотоэффект құбылысын толығырақ түсіндіру үшін Столетов мынадай тәжірибе жасады. Анод және катод электродтары бар, ішінен ауасы сорылған шыны түтік ток көзімен қосылған. Монохромат жарық сәулелерінің әсерінен катодта электрондар бөлініп шығады, осындай электрондар фотоэлектрондар, ал олардың ағыны фотоэлектр тогы немесе фототок (mA) деп аталады. Тізбектегі фототок гальванометрмен, Б – батарея қоздырған электродтар арасындағы потенциалдар айырмасы (U) вольтметрмен өлшенеді. Бұдан сыртқы фотоэффект құбылысы үшін Столетов мынадай үш заңын тағайындады. 1)Фотоэлектрондардың алғашқы максимал жылдамдығы фотокатодқа түскен жарықтың интенсивтігіне тәуелді болмай, тек жарықтың тербеліс жиілігіне байланысты анықталады. 2)Бірлік уақыт ішінде катодтан бөлініп шыққан фотоэлектрондар саны түскен жарық интенсивтігіне пропорционал болады (өйткені қанығу тогы жарық ағыны қуатына пропорционал. 3)Кез келген заттың әлі де болса фотоэффект құбылысын қоздыра алатын жарық жиілігін фотоэффектінің қызыл шегі деп атайды.
