- •Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнайгаз ісі институты
- •Мұнай-газ ұңғыларын құрлықта бұрғылауға арналған машиналар мен жабдықтар
- •Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесін жабдықтау
- •1.1 Бұрғылау жабдығының тәл жүйесі туралы қысқаша түсінік
- •1.2 Бақылау сұрақтары.
- •2.1 Арқан тармақтарына әсер ететін жүктеме
- •2.2 Жабдықтау түріне байланысты арқан ұзындығы
- •3.2 Гидравликалық салмақ индикаторы
- •2.3 Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
- •3.1 Ұңғыларды бұрғылау барысында тексерілетін көрсеткіштер
- •3.3 Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағы мен қашауға түсірілетін жүктемені салмақ индикаторы бойынша анықтау
- •3.4 Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын негізгі көрсеткіш пен өздігінен жазатын манометр арқылы анықтау
- •3.5 Қашауға түсірілген күшті анықтау
- •3.6 Верньер көрсеткіші бойынша анықтау
- •3.7 Индикатор диаграммасын оқып білу
- •3.8 Бақылау сұрақтары.
- •4.1 Шығырды таңдау
- •4.2 Шығыр жетегі үшін қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •4.3 Бақылау сұрақтары.
- •5.1 Бұрғы қашауларының конструкциясы
- •5.3 Қашау жасақтары
- •5.4 Бұрғы қашауларының жуу жүйесі
- •5.5 Тіректері май толтырылып бекітілген қашауларды қолдану
- •5.6 Шарошкалы қашау конструкцияларын тұрақты ережеге бағындыру
- •5.7 Бақылау сұрақтары.
- •6.1 Бұрғылау құбырлары тізбегі туралы мәлімет
- •6.2 Бұрғылау құбыры тізбегінің атқаратын міндеттері
- •6.3 Бұрғылау құбырлары тізбегінің элементтері
- •6.3 Болаттан жасалған бұрғылау құбырлары
- •6.4 Жалғаушы ұштары пісіру арқылы жалғанған бұрғылау құбырлары
- •6.5 Ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.6 Жалғанатын жерлерінің беріктігі жоғары ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.7 Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары
- •8 Жетекші құбырлар
- •6.9 Бұрғылау құбырларының аудармалары
- •6.10 Бұрғылау құбырлары тізбегінде қолданылатын сүзгілер
- •6.11 Ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған аралық тіректер
- •6.12 Бақылау сұрақтары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Бұрғылау машиналары мен кешендері
- •5В072400 – «Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» мамандығы үшін
6.9 Бұрғылау құбырларының аудармалары
Бұрғылау құбырларының аудармаларын (3.10-сурет) жалғаушы элементтер ретінде қарауға болады.
Аудармаларды үш түрде жасайды: қорғаушы ҚА, муфталық аудармалар МА және ниппельдік НА.
Қорғаушы аудармалар жиі ашылып–жабылатын құлыптық бұрандаларды тез тозудан қорғайды, әрі өлшемдері әр түрлі құлыптық бұрандалы екі бөлшекті жалғау үшін қолданылады.
Муфталық және ниппельдік аудармаларды бұрғылау құбыры тізбегінің немесе аспаптардың жалғанатын шеттері біркелкі муфталы немесе ниппельді болып келген жағдайларда қолданады.
Стандарт бойынша бұрғылау құбырлары құлпыларының үш түріне сәйкес аудармалардың 233 түрі және ниппельдік немесе муфталық құлпылық бұрандалардың 17 түрі жасалады. Аудармалар болаттың 4 ОХН немесе 4Х маркілерінен әрі тапсырыс берушілердің келісімі бойынша беріктік тобы "Д" болаттардан жасалады. Аударма түрлері оң әрі сол құлыптық бұрандалы болып жасалуы мүмкін.
Аудама белбеушесіне төмендегідей белгілер соғылады:
а) дайындаушы заводтың товарлық белгісі;
б) аударманың түрі, өлшем белгілері;
в) болаттың маркасы;
д) дайындалу мерзімі.
Сол бұрандалы аудармаларға негізгі белбеушеден басқа, одан 10 мм аралықта ені 5 мм қосымша белбеуше ойылады.
6.10-сурет. Бұрғылау құбырларының аудармалары:
а-қорғаушы аударма; б-нипельдік аударма; в-муфталық аударма
6.10 Бұрғылау құбырлары тізбегінде қолданылатын сүзгілер
Сүзгілер−бұрғылау құбырлары тізбегі арқылы өтетін бұрғылау сұйықтарындағы бөгде қоспалардан тазарту үшін қолданылады. Сүзгілер бірнеше түрлі болып жасалады. Ең жиі қолданылатын сүзгі түрі 6.11-суретте көрсетілген. Сүзгі соңы фасонды флянцпен 5 аяқталған тесіктері бар түтіктен 3 және сүзгі орнықтылығын қамтамасыз ететін құбыр 2 тұрады. Гидравликалық қысым айырмасын азайту үшін тесік түтіктің жоғарғы жағына конусты ұштық 1 жасалған.
Сүзгі жетекші құбыр мен бұрғылау құбырының арасына конустық ұшы жоғары қаратылып орнатылады.
6.11-сурет. Сүзгі:
1-конустық ұшы; 2- қысқа құбыр; 3-тесіктері бар түтік; 4- оралған сым; 5-фосонды флянец
Кері клапандар бұрғылау тізбегінің арасына орнатылады. Оның негізгі міндеті−бұрғылау тізбегі арқылы қабат сұйықтарының кері атқылауын болдырмау. Кері клапан құрылмасы 6.12-суретте көрсетілген. Бұрғылау құбырларының түрлеріне сәйкес кері клапандардың үш түрі шығарылды.
КЗН – құлыптарының ішкі диаметрі қалыпты бұрғылау тізбектері үшін;
КЗШ - құлыптарының ішкі диаметрі кең бұрғылау тізбектері үшін;
КЗУ - құлыптарының ішкі диаметрі кеңейтілген бұрғылау тізбектері үшін.
Кері клапандар оң және сол құбырлық бұрандамен жасалады. Клапан тұрқы болаттың 40 Н маркасынан, ал серіппеден басқа бөлшектері төменгі маркалы болаттардан жасалады.
6.12-сурет. Кері клапан
6.11 Ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған аралық тіректер
Тұрақтылықтың жойылуы әсерінен ауырлатылған бұрғылау құбырларының майысуы, олардың жалғау бөлшектері мен қашау жұмысын қиындатып, бұрғылау құбырының біркелкі айналуын бұзады және басқа да апатты жағдайларға соқтырады. Сондықтан ауырлатылған бұрғылау құбырларының жұмысын жақсарту үшін бұрғылау тізбегі құрамына аралық тіректер қойылады. Олардың өлшемдері ауырлатылған бұрғылау құбырларының көлденең қимасындағы деформациясын азайтуы, тау жынысы бөлшектерінің еркін көтерілуі және ұңғы қабырғасымен құбыр аралығындағы саңылауды азайтуы қажет. Жоғарыда айтылған талаптарды қимасы төртбұрышты тіректер толық қанағаттандырады. Осындай тіректердің бірі төменде көрсетілген.
6.13-сурет. Аралық тірек
Шлам ұстағыштар−бұрғылау сұйықтары көтеріп шығаратын тау жыныстарының ірі бөлшектері мен металл сынықтарын ұстау үшін қолданылады.
Шлам ұстағыш бұрғылау құбырлары тізбегінің төменгі жағына қашаудан жоғары қойылады.
Жұмыс істеу принципі центрлес орналасқан сыртқы және ішкі құбырлар арқылы пайда болған қабылдау қуысы алдында бұрғылау сұйықтарының көтерілу жылдамдығының кенет азаюына байланысты. Хвостовик шлам ұстағышты ұңғы ішінде тік ұстауды қамтамасыз етеді.
6.13-сурет. УМК-215,9 шлам ұстағышы
6.4-кесте- Шлам ұстағыштардың түрі мен негізгі параметрлері
Параметрлері |
Шлам ұстағыш түрі |
|
УМК-215,9 |
ШМУ-194 |
|
Сыртқы диаметрі, мм |
215,9 |
194 |
Ұзындығы, мм |
700 |
700 |
Массасы, кг |
71 |
66 |
Түсіруге болатын шектік өстік салмақ , кН |
250 |
250 |
Шлам ұстағыш бұрғылау құбырлары тізбегінің элементтерімен стандартты құлпылық бұранда арқылы жалғанылады. Ұңғы қабырғасы мен сыртқы құбыр арасындағы саңылау, бұрғылау сұйықтарының көтерілу жылдамдығын 5-7 м/с шамасында болуын қамтамасыз ету шартына байланысты анықталады.
Қорғаушы сақиналар − шегендеу тізбегін, бұрғылау құбырлары тізбегінің айналуы кезінде, бұрғылау құбырлары құлпыларынан зақымдануын және құлпылардың өзін мұжылудан қорғау үшін қолданылады.
Олар металрезеңке материалынан алынбалы немесе тұтас сақина түрінде жасалады. Өндірісте негізінен тұтас резеңке қорғаушы сақиналары қолданылады. Оларды арнайы пневматикалық құрылғының көмегімен, қайнаған суға жібіту арқылы керіп, бұрғылау құбырларына кигізеді. Олар құлпы бетіне арнайы желімдер арқылы ұстатылады. Бұрғылау тізбегін көтеру кезінде қажалған немесе мұжылған жерлері байқалса, қорғаушы сақинаны сол жерлерге аралығы 3-6 м аралығында орнатады.
6.14-сурет. Тұтас резина қорғаушы сақинасы
Центраторлар − бұрғылау құбырлары тізбегінің төменгі жағын ұңғы ішінде тік ұстау үшін және ұңғы оқпанының ауытқуын болдырмау үшін қолданылады. Олар төмендегідей сұрыпталынады:
1. Конструкциялық дайындалуы бойынша: қалақшалы, шарошкалы.
Өлшемдері бойынша:
толық өлшемді – центрде ұстаушы бөлшектерінің диаметрі қашау диаметріне тең немесе 1-2 мм кем;
толық өлшемсіз – центрде ұстаушы бөлшектерінің диаметрі қашау диаметрінен 3-4 мм кем.
Жұмыс істеу принципі бойынша:
механикалық – центрде ұстаушы бөлшектері қозғалмайтын;
гидравликалық – центрде ұстаушы бөлшектері жылжымалы;
ортадан тепкіш – бұрғылау құбырлары тізбегі ұңғы қабырғасынан айналмалы плашкалардың ортадан тебу күштері әсерінен итеріледі;
центрде ұстаушы бөлшектері икемді.
6.15-сурет. Қалақшалы центратор конструкциясы
Кеңейткіштер – диаметрі кіші қашаулармен қазылған ұңғылар оқпанының кейбір жеке аралықтарын кеңейту үшін, сонымен қатар ұңғыда жүргізілетін арнайы жұмыстар үшін қолданылады. Қазіргі кезде негізінен шарошкалы кеңейткіштер қолданылады. Төменде осы шарошкалы кеңейткіштердің бір конструкциясы көрсетілген.
6.16-сурет. Үш шарошкалы кеңейіткіш
Стабилизаторлар – бұрғылау құбырлары тізбегінің төменгі бөлігінің элементі. Ол бұрғылау құбырлары тізбегін ұңғы оқпаны ортасына келтіріп және ұңғы бағытын тұрақты ұстау үшін, құбырдың ұңғы оқпанына кептеліп қалудың алдын алу үшін қолданылады. Стабилизатор негізінен қимасы квадратты ауырлатылған бұрғылау құбырларынан, екі жағынан жалғаушы ұштармен жабдықталып жасалады. Осындай торт қырлы серпімді стабилизатор 6.17-суретте көрсетілген.
6.17-сурет. Төрт қырлы серпімді стабилизатор
Амортизаторлар бұрғылау кезінде болатын соғу күштерін және бұрғылау құбырлары тізбегінің дірілдеуін азайту үшін қолданылады.
Амортизаторларды қолдану бұрғылау құбырларының, түптік қозғалтқыштар, турбобұрғы мен ауырлатылған бұрғылау құбырларын және бұрғылау құбырлары тізбегінің басқа да элементтерінің тозу қарқынын бәсеңдетеді.
Амортиаторлардың төмендегідей конструкциялық түрлері бар: тұрқылы және тұрқысыз дайындалған, серіппелі элементтері металл және металл емес, гидравликалық және пневматикалық.
6.18-суретте серіппелі элементті болаттан жасалған ВГАЗ-172 типті амортизатор көрсетілген. Ол амортизатор тұрқы мен негізден тұрады, олардың аралары серімді элементтермен жалғанған. Әр серпімді элемент амортизатор тұрқына параллель өстерде, бірінің артынан бірі бекітілген. Серпімді элементтер серіппе тәрізді металрезеңкелерден, әртүрлі полимер материалдарынан жасалады.
Негіздің төменгі бөлігі тұрқыдан келген күш моментін беретін, ал жоғарғы бөлігі негіз бен тұрқының арасына бұрғылау сұйығын өткізбей қорғап тұратын тораптардан тұрады.
Бұрғылау процесі кезінде күшті өстік тербелістер қашаудан негізге беріледі де, серпімді элементтерден өтіп, амортизатордың тұрқына жұмсарып беріледі. Ал тұрқы бұрғылау тізбегіне аудармалар арқылы жалғанып, тізбекке берілетін діріл мөлшері минимумға жеткізіледі. Осының арқасында бұрғылау тізбегінің жалғаушы элементтері тозудан қорғалып, ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді.
6.18-сурет. ВГАЗ-172 типті амортизатор:
1-тығыздауыш; 2-серіппе; 3-тұрық; 4-негіз
6.5-кесте-ВГАЗ типті амортизаторлардың негізгі техникалық сипаттамалары
Техникалық сипаттамалар |
Амортизатор түрлері |
||
ВГАЗ-172 |
ВГАЗ-195 |
ВГАЗ-240 |
|
Сыртқы діаметр, мм |
172 195 240 |
||
Серпімді элемент түрі |
Болат серіппе |
||
Түсіруге болатын статикалық өстік салмақ мөлшері, кН |
30…….200 |
50……..270 |
50……….350 |
Амортизатор ұзындығы, мм |
1500 |
2000 |
2300 |
Бұрғылау құбырлары өтетін тесік диаметрі, мм |
54 |
57 |
80 |
Амортизатор массасы, кг |
350 |
500 |
650 |
