- •Температураның термоэлектрлі өлшеу әдістері
- •1.2.1 Жалпы мәліметтер
- •1.4 Лабораториялық потенциометрдің
- •1.5. Лабораториялық қондырғыны баяндау және жұмысты жүргізу әдістемесі
- •1.5.1.Терможұпты градировкалау
- •1.5.2. Милливольтметрді тексеру
- •1.5.3. Температураны автоматты реттеу, релелі жүйелерін зерттеу
1.4 Лабораториялық потенциометрдің
ПП-63 жұмыс істеу негіздері мен құрылысы
Лабараториялық тасымалды потонциометр ПП-63 схемасы 1.3*-суретте көрсетілген, электр қозғаушы күштерін және тұрақты ток тізбектеріндегі кернеуді компенсациялық әдіспен өлшеу үшін арналған. Компенсациялықөлшеу әдісі негізінен өлшенетін терможұптың термоЭҚК мен калибровкалық кедергінің (реохорд)белгілі кернеуін теңестіруге негізделген.
Потенциометрдің электірлік схемасы үш тізбектен тұрады. Бірінші тізбек батарея тізбегі: тұрақты ток көзі Б (құрғақ элемент)реостат Rб,жұмыс тоғын қою үшін;секциялық кедергі Rр;дұрыс элементтің кедергісі Rдэ және кілт П1 тұрады.
Екінші тізбек –терможұп тізбегі теомоЭҚК көзінен (термо-жұп) секциялық кедерінің бөлігі, реохордтан және ноль-құралдан НҚ тұрады. Үшінші тізбек – дұрыс элемент тізбегі 1 тібектің жұмыс тоғын қою үшін, яғни батарея тоғын стандартты шамаға келтіру үшін қажет. Бұл тізбек үлкен тұрақты өзінің ЭҚК бар Вестон нормалы элементінен НЭ; нормалы элемент кедергісінен R2; нормалы элементті мүмкін болатын поляризациядан сақтау үшін қолданылған R1; кедергісінен; нөл құралдан НҚ жұмыс тоғын қою негізіндегі сезімталдықты азайту және нөл-құралды тыныштандыру үшін керекті шұнттаушы кедергіден R2 тұрады. Потенциометрдің бет жағында нөл- құрал , реохордтың секциялық кедергінің және реостаттың қозғауыш тұтқалары және де П1, П2, П3, контактілерді бір түйінге констрактивті түрде біріктіретін ауыстырып қосқыш орналасқан. Ауыстырып қосқыш екі қалыпта бола алады. Жұмысшы тлкты стандарттау үшін айырып қосқышты К қалпына ауыстырады, бұл кезде
батарея тізбегі нормалы элемент тізбегіне қосылады. Егер батарея тізбегіндегі тоқ стандартты тоқтан өзгеше болса, оны нөл – құралдың көрсеткіші көрсетеді (<жуықтап> немесе <дәл> тетіктерін басқанда), онда реостаттың қозғауышын жылжыту арқылы тізбектегі жұмыс тоғын ретке келтіреді.
Өлшеу жүргізу кезінде ауыстырып қосқышты И (өлшеу) қалпына ауыстырады, бұл кезде тұрақты тоқ көзіне терможұп тізбегі қосылып, оның термоЭҚК өлшенеді. Терможұптың термоЭҚК – ші <ав> учаскесіндегі батарея тоғынан пайда болған өзімен тең және қарама қарсы бағытталған потенциялдар айырмасымен толық теңелгенше секциялық кедергі Rc пен реохорд Rp қозғауышын жылжыта береміз.
Бұл жағдайда нөл-құралының көрсеткіші нөлге қойылады да, ал есептеу (санау) секциялы кедергі Rc пен реохорд Rp көрсеткішінің қондырғысынан алынады. Секциялы кедергіде потенциялдар айырмасын 60мВ жасауға болады, реохордте -11 мВ. Сонымен, потенциометрмен өлшенген толық ЭҚК 71 мВ тең. Реохорд шкаласының ең аз бөлшегінің шамасы – 0,05 мВ тең. ПП-63 ішінде реттеуші кернеу көзі РКК орнатылған, оның диапазоны: 0-25 мВ; 0-50 мВ; 0-100 мВ.
1.5. Лабораториялық қондырғыны баяндау және жұмысты жүргізу әдістемесі
1.4 – суретте схемасы келтірілген лабараториялық қондырғы электрлі кедергі пешінен 1; тексерілген терможұптан 2, үлгі терможұптан 3, тексерілетін милливольтметрден 4, реттеуші құрылғысы бар автоматты потенциометрден 5, лабораториялық потенциометрден ПП-63 6 тұрады.
Лабораториялық электрлі кедергі пешіне ХА тобының екі терможұбы орнатылған. Олардың біреуі тексерілетін 2, ал екіншісі – үлгілі. Градуировка үшін лабораториялық потенциометрге ПП-63 тексерілетін терможұп 2 ауыстырып қосқыш Т1 арқылы қосылады. Пештің анық температурасын көрсете отырып, үлгілі терможұп 3 милливольтметрге (терможұпты градуировкалау) немесе автоматты потенциометрге 5 (релелі жүйені зерттеу) қосылады. Қондырғыда бірі щитке қорек берілгенде, ал екіншісі пешті қосқанда жанатын екі сигналды шам орнатылған. Милливольтметрді тексеру үшін ауыстырып қосқыштың Т1 <аспапты тексеру> қалпына миллиольтметрге қосылатын лабораториялық потенциометр 6 қолданылады.
