Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Olzhas_otchet.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
261 Кб
Скачать
☆
  1. Жеке тұлғалардың салықтық есеп беруін қабылдау және өңдеу бөлімі;

  2. Салықты тіркеу бөлімі;

  3. Салық төлеушілермен жұмыс және консультациялар бөлімі;

  4. Ақпараттық технологиялар бөлімі;

  5. Есепке алу және талдау бөлімі;

  6. Өндірістік емес төлемдер бөлімі;

  7. Заңды тұлғалардың аудит бөлімі;

  8. Жеке тұлғалардың аудит бөлімі;

  9. Адамдық ресурстар бөлімі;

  10. ҚҚС-ын әкімшілендіру бөлімі;

  11. Акциздерді әкімшілендіру бөлімі;

  12. Бақылау-кассалы машиналарымен жұмыс істеу бөлімі;

  13. Мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімі;

  14. Заң бөлімі;

  15. Ұйымдастырушылық жұмыстар бөлімі;

  16. Камералды бақылау бөлімі;

  17. Кедендік одақ шегінде жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі.

Салық қызметі органдарының міндеттері:

1. Салықтың бюджетке төленген басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мне уақыттылығын қамтамасыз етеді;

2. Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысады;

3. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;

4. Салық төлеушінің салықнідеттемелерін орындалуына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық есептелуіне және уақтылы төлеуіне, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының дер кезінде ұсталуына және аударылуына салық бақылауын жүзеге асыруын;

5. Салық төлеушілердің, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің есебін, есептелген және төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есебін белгіленген тәртіппен жүргізуге;

6. Салық тексеруін қатаң нұсқамалар бойынша жүргізуге міндетті.

ІІ-ТАРАУ. ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ҚАЗЫБЕК БИ АУДАНЫ БОЙЫНША САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМДЕРІ

2.1 Салықтық тіркеу бөлімі

ҚР 2008 жылғы 10-желтоқсандағы № -IV «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес бөлім қызметкерлері:

  • салық төлеушілердің құқын сақтауға;

  • мемлекет мүддесін қорғауға;

  • салық төлеушілердің салық міндеттемесін орындауына, сондай-ақ жинақтық зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын мерзімінде ұстап және аударуға салықтық бақылау жүргізуге;

  • белгіленген тәртіпте салық төлеушілердің, салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектілердің есебін, есептелген және төленген салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдердің есебін жүргізуге;

  • белгіленген салықтық есептердің нысанын толтыру тәртібін түсіндіруге;

  • салықтық тексерісті қатаң түрде нұсқама бойынша жүргізуге;

  • Кодекстің ережелеріне сәйкес салықтық құпияларды сақтауға;

  • Кодексте қарастырылған мерзімде және жағдайларда салықтық міндеттерді орындау туралы салық төлеушілерге жазбаша хабарлама тапсыруға;

  • салық төлеушінің өтініші негізінде үш күннен кешіктірмей жеке шотынан салықтық міндеттерді орындау ы жөнінде бюджетпен есеп айырысуы туралы көшірмесін ұсынуға;

  • салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндетемелердің орындалу фактілерін растайтын салық төлеушіге тапсырылған түбіртектердің көшірмесін бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;

  • мемлекет меншігіне түскен мүліктердің есебін, сақталу, бағалану және өткізу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге;

  • салықтық міндеттемелердің орындалуын және Кодекске сәйкес салық төлеушілердің салықтық берешектерін мәжбүрлеп өндіріп алуды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану;

  • ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес салық төлеушіге әкімшілік айыппұлдар төлеттіруге міндетті.

Салықтық тіркеу бөлімі бойынша қызметтердің тізімі:

  • Салық төлеушінің тіркеулік есеп беруін және мемлекеттік тіркеуі бойын-ша қабылдаған құжаттарды өңдеу, мәліметтер қорын құру және түзетулерді (тексерісті) жүргізу;

  • ҚҚС бойынша есепке тұру қаулы туралы куәлік, іскерліктің жеке түрлеріне тіркеу карточкалары, салық төлеушінің куәлігі, жеке кәсіп-кердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін бекітілген мерзімде беру;

  • Салық төлеушілер үшін заңнамалық істерді құру және жүргізу;

  • Шоттарды ашу үшін қаржы-несиелік ұйымдарға салық төлеушілердің анықтамаларын беру, банк шоттарының мәліметтер қорын құру.

Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу-салық төлеуші туралы мәлі-меттерді Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу. Салық төлеушінің тіркеу нөмері-салық төлеуші ретінде оны мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне ол туралы мәліметтерді енгізу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық төлеушіге берілетін бірыңғай нөмір болады.

Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімі-салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі мен уақытылы төленуін бақылауды жүзеге асыру мақсатымен уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін салық төлеушілерді есепке алудың мемлекеттік деректер базасының жүйесі болып табылады. Салық төлеушіні салық органында есепке қою, соның нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректері, оның ішінде салық төлеушінің тұрған жері, оған салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің тиесілілігі; салық төлеушінің тіркеу деректерінің ағымдағы өзгерістерін тіркеу; есептен шығару белгіленеді. Салық төлеушінің тіркеу деректері салық төлеушінің мемлекеттік тіркеу кезінде оның салық салу органына берген мәліметтері.

Қазақстан Республикасындағы салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу мыналар:

1) орналасқан жері бойынша-тұрақты мекеме құру арқылы қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде резидент еместер;

2) қызметін жүзеге асыратын жері бойынша-тұрақты мекеме құрмай қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыра бастаған күннен бастап отыз жұмыс күнінен астам кез келген он екі айлық кезеңнің шегінде қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;

3) Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңдарында айқындалған уәкілетті тұлғаның тұрғылықты жері бойынша бірлескен жеке кәсіпкерлік;

4) тұрғылықты жері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеушілер болып табылатын резидент жеке тұлғалар;

5) салық салу объектілері орналасқан және тіркелген жер бойынша Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін резидент еместер.

  1. Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеуді уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушінің тіркеу нөмерін беріп және салық төлеуші салық органына мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бергеннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде оған салық төлеушінің куәлігін бере отырып жүзеге асырады. Салық төлеушінің тіркеу нөмері салық төлеуші ұсынатын салық есеп-қисабы құжаттарында, сондай-ақ салық міндеттемелерінің орындалуына байланысты өзге де құжаттарда көрсетілуге тиіс. Салық төлеушінің тіркеу нөмірін салық органы оның салық міндеттемелеріне қатысты жіберілетін салық төлеушінің барлық құжаттарында көрсетуге тиіс. Салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру, өзгерту және оны жарамсыз деп тану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]