Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-tema Расп.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
378 Кб
Скачать
☆

Стандартты функциялар

Функциялар өз аргументтерінің анықталған түрлендірулерін орындайды және осы түрлендірулердің нәтижелерін қайтарады. Аргументтер міндетті түрде дөнгелек жақшаларға алынған.

Элементарлы функциялардың тізімі келесі команда бойынша шақырылады:

MATLABта стандартты функциялардың бірнеше кластары бар.

1.Арифметикалық функциялар- арифметикалық операторлаға ұқсас.

    1. plus (М1+М2)- матрицаларды қосу,

    2. mtimes (М1*М2)- матрицаларды көбейту,

    3. rdivide (M1./M2)-вектор немесе матрицалардың элементтері бойынша бөлу.

Басқа да функциялар бар, олардың көбі матрицалық функциялар болып табылады.

2.Қатынас операторлары екі санды, векторды немесе матрицаны салыстыруға арналған. Берілген операторлар бірдей өлшемді матрицалар мен векторлардың жеке-жеке элементтері бойынша салыстырады, егер элементтер салыстыруға сәйкес келсе 1 мәнін қайтарады (ақиқат), кері жағдайда 0 (жалған).

1) eq (М1,М2) - теңдікке салыстыру,

2) ne (М1,М2) - тең еместікке салыстыру,

3) lt (М1,М2) - кішілікке салыстыру,

4) gt (М1,М2) - үлкенділікке салыстыру,

5) le (М1,М2) – кіші немесе теңдікке салыстыру,

6) ge (М1,М2) – үлкен немесе теңдікке салыстыру.

3. Логикалық операторлар – бірдей өлшемді массив элементтерімен логикалық операцияларды жүргізуге арналған.

    1. and (М1,М2) – логикалық “және”-конъюнкция,

    2. or (М1,М2) – логикалық “немесе”-дизъюнкция,

    3. not (М1) – логикалық “жоқ”,

    4. xor (М1,М2) – ерекшеленген “немесе”,

    5. any (М1) – дұрыс, егер вектордың ең болмағанда бір элементті 0-ге тең емес болса,

    6. all(М1) – дұрыс, егер вектордың барлық элементтері 0-ге тең емес болса.

4. Алгебралық және арифметикалық функциялар.

  1. abs(x) – х векторының әрбір сандық элементіне абсолют шамасын қайтарады;

  2. factor(n) – n санының қарапайым көбейткішінен тұратын векторлық жолды қайтарады. Массивтер үшін қолданылмайды;

  3. log(X) – х массив элементтерінің натурал логарифмін қайтарады;

  4. mod(X,Y) – у модулі бойынша х-ті алу, х-ті у-ке бөлгендегі қалдықты қайтарады;

Басқа да функциялар бар.

5. Тригонометриялық және кері тригонометриялық функциялар .

  1. cos(x) – х-тің әрбір элементі үшін косинусы қайтарылады;

  2. acot(x) – х-тің әрбір элементі үшін арккотенгенсін қайтарады;

  3. tan(x) - х-тің әрбір элементі үшін тангенсі қайтарылады.

  1. Сандарды дөңгелектеу функциялары.

    1. fix(A) – 0-ге жуық бүтін санды дөңгелектеп, А массивін қайтарады;

    2. loor(A) – элементке сәйкес не өзінен сәл ғана кіші немесе тең нақты сандардан құрастырылған А массивін қайтарады;

    3. ceil(A) - өте жақын үлкен немесе тең А бүтін санды қайтарады;

4) sign(x) – x массивінің элементінің өлшемін бірдей У массивін шығарады, ондағы У-тің әрбір элементі мынаған тең:

1, егер x>0;

0, егер x=0;

-1, егер x<0.

  1. Ағымдағы уақыт пен мезгілді қайтарады функциялар.

calendar(d) – d аргументімен берілген күн түскен айлық калндарді қайтарады ;

    1. clock – ондық формада ағымдағы күнді және уақытты 6 элементі бар вектор ретінде қайтарады [жыл ай күн сағат минут секунд];

datestr (D,dateform) – массивтің әрбір элементінің ретттік номерін жолға айналдырады. Dateform аргументі нәтиже форматын анықтайды; dateform 4 кестеге сәйкес номер және жол болуы мүмкін;

    1. datestr (D,dateform) – массивтің әрбір элементінің ретттік номерін жолға айналдырады. Dateform аргументі нәтиже форматын анықтайды; dateform 4 кестеге сәйкес номер және жол болуы мүмкін;

    2. tic – таймерді іске қосады.

8. Жиындарды өңдеуге арналған функциялар бар:

  1. intersect(A,B) – A, B екі вектор жиындарының қиылысуын анықтайды, A және B векторының ортақ элементтері. Нәтиже беретін вектор өсу реті бойынша беріледі;

2)setdiff(A,B) – жиындардың айырмашылығын қайтарады, яғни B вектор элементтерінде жоқ A вектор элементері шығарады. Нәтиже ретінде берілетін вектор өсу реті бойынша шығады;

3)union(A,B) – A және B мәндері ішінен қайталанбайтын элементерінен тұратын векторды қайтарады. Нәтиже ретінде берілген өсу реті бойынша беріледі.

9. Жолдарға арналған функциялар

  1. findstr (str1, str2) – ұзын жолдың ішінен кіші жолды бастапқы индексін іздеп табуды қамтамасыз етеді және сол индекстердің вектор шамасын қайтарады. Индекстер – ұзын жолдың ішінде қысқа жолдың бірінші символының нөмірі.

  2. lower (str)- жолдағы жоғары регистрдегі символдар төменгі регистрге ауыстырылып, қалғандары өзгертілмей қайтарылады.

  3. upper (str) – жолдағы төменгі регистрдегі символдар жоғарғы регистрге ауыстырылып, қалғандары өзгертілмейді қайтарылады.

  4. strncmp (str1,str2,n) – салыстырылатын str1 және str2 n бірінші бірдей символдары табылса логикалық 1-ді қайтарады, кері жағдайда 0. str1 және str2 аргументтері ұяшықтардың жолдық массивтерді алуға болады.

  5. strrep (str1,str2,str3) – str2-ге меншіктелген жолды str1-ден тауып, оның орнына str3-ті қояды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]