Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 1 по ОМКС каз..doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
141 Кб
Скачать
☆

1.2. Байланыс арналарының түрлері

Сигналды қанағаттанарлық тарату мен қабылдауда олардың динамикалық диапазоны және жиілік ені динамикалық диапазон және арна жиілігінің еніне сәйкес келу керек. Әр сигналда бұл сипаттамалардың бір-бірінен көп айырмашылығы бар, сондықтан кез келген сигналды беру үшін арнаның бір түрімен ғана жұмыс істеу керек. Әртүрлі тиімді берілетін жиілік жолдарымен типтік арналар жиынтығы қажет. Арнаның тиімді берілетін жолдары деп арнаның қалдық затуханиесі шегінде номиналды мәнінен ажыратылатын болса, яғни біршама рұқсат етілген мәннен аспаса сол жиілік жолдары аталады (§ 3.1 қара).

Негізгі типті арна есебінде телефондық сигнал жиілігі жолының еніне сәйкес келетін 300 ... 3400 Гц жиілікте берілетін арна саналады. Бұл жолды таңдай тарату жүйелері арнасының көп бөлігі телефондық сигналдарды тарату үшін пайдаланылады. Арна параметрлері 9600 Бод-тық жылдамдықтағы сигналдарды тарату үшін, факсимильді және телеграфты сигналдарды беруге таңдалып алынған. Мұндай арна тондық жиілік (ТЖ) арнасы деп аталады.

Дыбыстық таралым сигналдарын беруге жететін тиімді таратылатын жиілік жолдары арнасы екі немесе үш ТЖ спектрлерін біріктіру жолымен жасалған.

Газет және жоғары жылдамдықты мәліметтерді тарату үшін мынадай типтік енді арналар пайдаланылады:

- 65 ... 103 кГц жиілікті алғашқы енді арна;

- 330... 530 кГц жиілікті екілік енді арна;

- 900...1900 кГц және т.б. жиілікті үштік енді арна.

Бұл арналар алғашқы, екілік және үштік топтағы 60...108, 312...552 және 812... 2044 кГц жиілікке сәйкес типтік құрылғылар негізінде жасалады.

Қазіргі жағдайда мәліметтерді жоғары жылдамдықты тарату алғашқы және екілік енді арналармен жүзеге асырылады, ал газеттерді тарату – екілік енді арнамен таратылады.

Дыбыстық телевизиялық қойылым сигналдарын тарату үшін 6 Мгц жиілікті арнаулы арналар жасалынады. Мұндай арналар коаксиальды кабельдермен, радиорелейлі және спутниктік жолдармен ұйымдастырылады.

1.3 Көпарналы тарату жүйелерін құру принциптері

Тарату типтік арналарының жасалуы құрамдас бөлігінің бірі таралу ортасы болатын тарату жүйелерін қамтамасыз етеді. Мұндай орта коаксиальды, симметриялық және оптикалық кабельдер, ауалық және радиолиниялар болып табылады. Кабельдер, ауалық және радиолиниялардың бағасы біршама болғандықтан, бір физикалық тізбекте (ствол) біруақытта және тәуелсіз түрде көбірек сигнал жіберу мүмкіндігі болу керек. Физикалық тізбек — кабельде орналасқан және опораға ілінген, электрбайланыс сигналдарын таратуға арналған бір және екі сым жұптары болып табылады. Радиоли­ния үшін сәйкесінше ұғым ствол болады. Мысалы, бір тізбек кабелі бойынша біруақытта көп сигнал берілсе, бұл кабель тиімдірек пайдаланылады. Бір физикалық тізбекте (бір стволда) бірден және тәуелсіз тарату сигналдарын N қамтамасыз ететін техникалық жабдықтар жиынтығы iV-арналы (көпарналы) тарату жүйелері болып табылады. Тарату жүйесінен басқа бұл жүйе құрамына ақырғы және аралық станциялары кіреді.

Көпарналы тарату жүйелерінің қысқартылған құрылымдық сызбасы 1.2. суретінде келтірілген. Негізінен көпарналы тарату жүйелері бірқалыпты сигналдарды (мысалы, телефондық) тарату үшін пайдаланылады. Сондықтан 1.2 суретінде қалыпты сигналдардың жиілік жолдары бірдей болу керек.

Арнаға келіп түсетін қалыпты сигналдар модуляторларымен , ... ..., жүзеге асырылады. Арналық сигналды таратуға қажет емес модуляция өнімдерін басып тастайтын жолдық фильтрлер орындайды. Фильтрмен белгіленген арналық сигналдар сәйкесінше жиілік жолдарынан тұрады . Бұл жиілік жолдары жабылып қалмау керек (сурет 1.3). Арналық сигналдар бірігеді де жиілік жолы топтық сигналдарын жасайды.

Сурет 1.2

Жалпы айтқанда, арналық сигналдың жиілік жолдары енінің қалыпты сигнал жиілігі жолының енінен айырмашылығы бар.

, ал '. Мүмкіндігінше , бұл жағдайда арна саны берілген кезде топтық сигнал спектрінің ені ең аз шамада, бұл тарату жүйесінің экономикалық тиімділігін көбейтеді.

Ақырғы станция қабылдауында арналық сигналдар жолдық арналық фильтрлер көмегімен топтық сигналдардан бөлініп шығады. Қалыпты сигналдарды алу үшін арналық сигналдар демодуляторларға беріледі. Егер тарату ақырғы станциясы модуляторларының шығысындағы тасымал жиіліктер басылып қалса, онда демодуляторға арналық сигналдан басқа несущие жиіліктер берілу керек ( ). Төмен жиілік фильтрлері ТЖФ демодуляция процесінде пайда болған сигналдардың жоғары жиілікті құрамының үлкен өшуін енгізе отырып қалыпты сигналды көрсетеді.

Арналық сигналдарды толық бөлу үшін жолдық фильтрлер сипаттамасы иделды болу керек. Кәдімгі фильтрлердің (крутизна нарастания затухания) шектелген, сондықтан арналар арасында ауыспалы бөгеттер болуы мүмкін. Оларды рұқсат етілген мәнге дейін төмендету үшін арна спектрлері арасына қорғаныс жиілік интервалдары енгізіледі (сурет 1.3). Мәселен, сөйлесу сигналдарын беру кезінде қорғаныс жиілік интервалы 0,9 кГц болады.

Уақытша бөлу тәсілінде тізбек бойымен амплитудасы арналық сигналдардың (мгновенный) мәні шамасына тең қысқа импульстің периодикалық тізбегі, беріледі.