Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
игп рк сил 2014.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
298 Кб
Скачать
☆

Моғолстан, Әбілхайыр хандығы және Ноғай ордасының саяси құрылысы.

Моғолстан саяси жоне экономикалық жағынан дамыған, территориясы да аса аумақты, қуатты ортағасырлық феодалдық мемлекет болды. Мемлекет басында Шағатай ұлысынан шыққан хан отырды. Моғолстандағы хандар династиясының негізін салушы Шағатай Тоғлық Темір. Хан мемлекеттегі барлық биліктің тұтқасын қолында ұстады. Ол мемлекеттің жоғары басшысы рстінде ішкі және сыртқы саясат мәселелерін жеке шешті. Ұлыстар мен өлкелердің басшыларын тағайындады немесе ұлыстар мен өлкелерді көңілі қалаған адамдарға мемлекет алдындағы еңбегі үшін сұйырғал ретінде сыйлап та жіберді.

Хан жоғарғы қолбасшы ретіңде соғыс жағдайында әскерді жорықтарға бастады. Моғол хандары жастайынан соғыс өнерін жоғары дәрежеде меңгерді.

Салықтың зекет, ұшыр, харадж, калан, купшур, баж сияқгы толып жатқан түрлері ханның, ұлыс басшыларының қазынасын толтырды.

Ақ Орда ыдыраған соң Қазақстанның Орталық, Шығыс, Солтүстік бөлігін, Сібірдің үлкен аймағын Әбілхайыр хандығы (1428-1468 ж.ж.) алып жатты. Әбілхайыр Жошының Шайбан атты ұлынан тараған үрпақ. Бүл хандықгы тарихта көшпелі өзбек хандығы деп атап кеткен. Хандықтың шекарасы кеңіп Сырдарияның төменгі ағысына дейін жетгі. Астанасы Сығанақ қаласы болды.

Әбілхайыр хандығының саяси құрылысы Ақ Орда мен Моғолстанға ұқсас болды. Мұнда алғашқы кезеңде мықгы қаруланган көп әскер болды. Хандық ішкі қайшылықгардан ыдырап кетті.

Ақ Орда ыдыраған соң оның орнында пайда болған мемлекетгік кұрылымның бірі Ноғай Ордасы болды. Ноғай Ордасының негізін салушы Алтын Орданы 15 жылдай билеген (1396-1411 ж.ж.) Едіге болып есептеледі. Едіге Алтын Орданы билегенімен хан деген атақты алмаған, Шыңғыс әулетінен хан ұстаған. XV ғасырдың ортасына қарай Едігенің ұлы Нұраддиннің (1426-1440 ж.ж.) кезінде Ноғай Ордасы дербес елге айналды.

Ноғай Ордасы Батыс Кдзақстан жерінің ұлкен бөлігін, Еділ мен Жайық өзендерінің арасын алып жатты. Алғашында оны "маңғыт жұрты" деп атады.

Ноғай Ордасының бірнеше ерекшеліктері болды. Мұнда Шыңгыс әулеті емес, Едіге әулеті биледі. Сондықган болу керек Ноғай Ордасының басшысын хан емес би деп атады. Қоғамдық-саяси құрылыстың басқа жақтары мен шаруашылық, тұрмысы басқа көрші мемлекеттерге ұқсас болды.

Би мемлекет басшысы болды. Ол Едіге әулетінен шықты. Биді Үлкен кеңес — Құрылтай сайлады. Үлкен кеңес- елдегі жоғарғы кеңеске Едіге әулетінің мырзалары, басқа да әскер басы, таңдаулы адамдар кірді. Би өз кезегінде көмекші орган Кіші кеңесті сайлады.

Бидің жанында қарадуан деп аталатын басқару органы- шенеуніктік аппарат болды. Бұл орган сондай-ақ соттың рөлін де атқарды. Ұлыстарда жергілікті дуандар болды. Ордада басқарудың басқа да төменгі органдары болды.

Ноғай Ордасы Астрахан хандығын Ресей басып алған соң (XVI ғасырдың ортасы) бірнеше бөліктерге бөлініп кеггі. Оның Қазақстан жерінде тұратын тайпалары Кіші Жүздің кұрамына кірді.

5-лекция. 15-18-ғасырлардағы Қазақ хандықтарының қоғамдық-саяси құрылысы.

1.Қазақ хандығының құрылуы.

2.Қоғамдық-саяси құрылысы.

3.Қазақ хандығының әлеуметтік топтары.

XV ғасырдың ортасында Казақстан территориясында аса маңызды тарихи оқиға болды. Қазақ хандығы атты жаңа мемлекет пайда болды және осы мемлекеттің негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде қалыптасты. Қазақ хандыгы да казақ халқы да шет жерден келіп қоныстанған жоқ. Қазақстандағы бұған дейін осы өңірде өмір сүрген ежелгі гұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерінен бастап Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығына дейінгі мемлекеттердің заңды жалғасы ретінде дүниеге келді. Қазақ халқы да осы өңірде өмір сүрген оңдаған рулар, тайпалар мен халықптардың "қазақ" деп аталатын этносаяси топқа қайтадан топталуьшынан құрылды. Осы ұлан-байтақ жердің бүгінгі иегері қазақ халқы мен оның атымен аталған мемлекет Қазақ хандығы осылай тарих сахнасына шықгы.

Қазақ хандығының негізін салушылар Керей және Жәнібек хандар болды. 1456 жылы Керей мен Жәнібекке қараған 200 мыңдай адам Әбілхайыр хаңдығанан іргесін бөліп, Моғолстанға қарасты Шу мен Қозыбасы өңіріне орда тікті. Бір кезде қаһарлы болған Әбілхайыр ханның олардың жолын кесуге мұршасы болмады. 1468 жылы қазақгарды шабуға үлкен қолмен аттанған Әбілхайыр жорық үстінде қаза тапты. Оның хандығы ыдырады. Әбілхайыр хандығы кұрамыңдағы халықгар мен қазақ хандығы құрамындағы халықтар бірыңғай болғандықтан ешқандай ұрыс-соғыссыз олар бірігіп кетті де бүкіл жерлер қазақ хандығына қарады. Халық бұдан былай қазақтар деген атақты мәңгі иеленді.

Әбілхайырдың хандығын қайта құруға талпынған оның немересі Мұхаммед Шейбани хан 30 жылдай қазақ хандығымен соғысып нәтиже шығара алмай Орта Азиядағы Бабыр ұрпақгарын ығыстырып өзбек хандығының негізін қалады. Оның соңынан ілескен көшпелі тайпалар өзбектер деп аталып соның негізінде өзбек халқы қалыптасты. Көшпелі өмір сүрген бауырлас бір халықгың қазақ және өзбек халқы болып, қазақ және өзбек мемлекеті болып екіге бөлінгені де оны XV-XVI ғасырдың шегінде өтті.

Қазақ хандығы өзінің дамуында екі кезеңді өткізді. Бірінші кезең XV ғасырдың ортасы - XVIII ғасырдың 20-жылдары немесе біртұтас қазақ хандығының кезеңі.

Екінші кезең XVIII ғ-ң 20 ж.ж. 1864 жылға дейінгі казақ хандықгарының және олардың жойылу кезеңі.

Бірінші кезеңде қазақ хандығы мемлекет ретінде дүниеге келіп оның территориясы анықталды. Қазақ халқы қалыптасып, оның түрік дүниесі негізінде пайда болған өзіндік тілі, мәдениеті, өнері, ғылымы, әдебиеті, тұрмысы, шаруашылығы мен құқығы қалыптасты. Қазақ хандығы өзінің кемеліне келіп, әлемге танылды.

Екінші кезеңде біртұтас қазақ хандығы этникалық-территориялық негізде үшке Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз деп аталатын формальды хандықгарға бөлінді. Тек Абылай хан кезінде (1771-1781 жылдары) біртұтастыққа қайта қол жетті.

Бұл кезеңде қазақ хандықтары тәуелсіздігінен айырылып Ресей империясының отарына айналды.

Қоғамдық-саяси құрылысы.

Қазақ қоғамы түрлі әлеуметтік топтар мен таптардан феодалдар мен феодалға тәуелді шаруалардан тұрды. Патриархалдық құлдық өмір сүрді.

Қазақ қоғамында артықшылықтарды пайдаланатын үстем тап өкілдеріне хандар, сұлтандар, байлар, билер, батырлар, дін өкілдері, тархандар жатты. Феодалдарға тәуелді топтарға шаруалар, төлеңгіттер, құлдар, жатақтар жатты.

Хан. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан әскердің бас қолбасшысы болып есептелді. Бас қолбасшы ретінде әскер басыларын, түменбасы, мыңбасыларды тағайындады. Соғыс жариялау және бітім мәселелерін шешті. Соғыс жоспарларын тыңдап бекітті. Казақ хандарының өздері тікелей соғыс жағдайьшда басшылық жасап, өздері де ерліктің ересен үлгілерін көрсетті. Хан жайылымдардың бағытын белгіледі. Көшпелі шаруашылықгың жалпы ұйымдастырылуын басқарды. Тәуке ханның тұсында барлық қазақ жүздерінің тайпалары мен руларының көшіл-қону бағыттары толық анықталды деп есептеледі.

6-лекция.Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығы.

1.Қазақ әдет-ғұрып құқығының ерекшеліктері.

2.Қазақ әдет-ғұрып құқығының бастаулары.

3.Меншік құқығы.

4.Міндеткерлік құқық.

5.Отбасы-неке құқвғы.

6.Мұрагерлік құқық.

7.Қылмыстық әдет-ғұрып құқығы.

8.Сот және сот ісін жүргізу.

Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет-ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені "адат" деп атады. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары. Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақгарын реттеп отырды. "Адат" араб тілінде әдет-ғұрып деген ұғымды білдіреді."Адат" өте ерте кезден бастау алып, көптеген өзгерістермен және толықгырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін өмір сүрді. Дегенмен "адаттың" күқықгық институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады.

Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады:

1. Рулық, патриархалдық әдет-ғұрыптардың ұзақ сақталуынан керінетін консерватизмі.

2. Қазақ әдет-ғұрып кұқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті. Бұл институтгар қазақ қоғамында және оның құқықгық жүйесіңде ерекше орын алды. Қоғамдық пікір бұл институттарды айыптамады.

3. Әдет-ғұрып кұқығы бойынша қылмыстық істер мен азаматтық істердің арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән бере берілмеді.

4. Жерге жеке меншік құқығының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан теңдігі қазақ аристократиясының артықшылығымен ұштастырылды.

5. Жазаның түрлері салыстырмалы түрде гуманды сипатта болды.

6. Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистік сипатта болды.

Қазақгың әдет-ғұрып құқығының бастаулары.

Қазақтың әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде калыптасты: а) әдет-ғұрыптар - адат; б) билер сотының практикасы (сот прецеденті); в) билер сьездерінің ережелері; г) шариғат нормалары.

Ауызша әдет-ғұрыптар ең көне заманнан, рулық қауымның қалыптасуынан бастау алады. Таптық қатынастардың күшейіп, әлеуметтік жіктелудің артуына орай ауызша әдет-гұрыптар қүқықгық сипат алып билеуші топтардың мүддесіне қызмет ете бастады.

Меншік кұқығы.

Қазақ қоғамында малға жеке меншік адат нормаларымен реттеліп отырды. Азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға және мұраға қалдыра алатын мүлкінің бәрі де жеке меншік заттары болып табылды.

Жерге жеке меншік XIX ғасырға дейін болмады. Жер адат бойынша қауымның меншігі деп есептелді. Кауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды. Шын мәнінде қауымның немесе рудың атынан жерге, жайылымдарға билікті қауым басшысы, ру басшылары сұлтандар, билер жүргізді.

Жерге жеке меншіктің болмау себебі де көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономикалық қатынастарда жатса керек. Орасан зор көлемдегі жайылымдарды меншік иелеріне бөлудің ешқандай мәні болуы мүмкін емес еді.Тек қыстаулар ғана XVIII ғасырда феодалдардың жеке меншігіне көше бастады.

Жерді жеке меншікке бёру Бөкей ордасында (1801 жылы құрылған) болды. Мұнда ханның жарлыгымен оның туыстары мен ірі феодалдарға үлкен мөлшерде жер таратылды.

Адат бойынша жерді сату, сыйға беру, мұраға қалдыру туралы құқықгар ешкімге берілмеді. Жер бүкіл қазақ халқының байлығы деп есептелді.

Жер мен қатар жолдар, өзендер, таулар, аң және балық аулайтын мекендер де қоғамдық меншік болып есептелді.

Жерден табылған қазына-байлық оны кім тапса, соның меншігі болып табылады. Қазақ даласында ескі обалардан қазына байлық іздеген оқиғалар көп болған.

Міндеткерлік құқықтар.

Қазақ қоғамында келісім-шарттар ауызша жүргізілді. Келісім-шарт жүргізудің өз шарты болды. Келісім шарт жасау уәде беру, ант беру, куәлердің алдында келісім жасау т.б. жолдар арқылы жасалды. Келісім уәдесін орындамағандар сенімсіз адамдар ретінде қоғамдық пікір арқылы айыпталатын.

Малды қарызға алған кезде қарызға алушының туыстарының бірі ол үшін кепілдік береді. Қарызға алушы қарызын өтей алмағанда кепіл болған адам өтейді. Қарыздың мерзімі өзара келісім арқылы анықталады. Ол көбіне осы кұзден келер күзге немесе көктемнен көктемге дейін жасалатын. Мұндай келісімдер екі не одан көп куәлар алдында жасалды.

Мүліктік және жеке міндеттерді тек ер адамдар ала алды.

Қарызға алған малдың өтемі төлімен қоса қайтарылатын. Адат бойынша карыз егесі міндетін өтей алмаған жағдайда оның қарызын туыстары немесе сол рудың, ауылдың адамдары қайтаруга тиіс болды.

Келісім-шарттың ерекше түрі — айырбас. Айырбас затгарды қолма-қол ауыстырғанда жасалды. Айырбас немесе сауда жағдайында өлшем бірлігі ретінде мал есептелді. XIX ғасырға дейін ақша өлшем бірлігі ретінде пайдаланылмады.

Сауын. Келісімнің ерекше түрі. Ауқатты адамдар кедей руластарына сүтін сауып пайдалану үшін уақытша мал берген. Сауын бие немесе сиыр ретінде берілді. Алғашында сауын беру руластардың бір-біріне өзара көмегі ретінде есептелді. Кейінірек сауын кедей қоғам мүшелерін ауқатты адамдарға тәуелді етудің әдісі ретінде қолданылды.

Көшпелі өмірдің және рулық қатынастардың ерек-шеліктеріне қарай туындаған аманат-мал, жылу жинау, жұртшылық, асар жасау, соғым беру және сыбаға тарту, түрлі сый-сияпаттар жасау сияқты міндетті сипат алған әдет-ғұрыптар болды.

Аманат-малды бай мал иелері кедейленген туыстарына аманат ретінде пайдалануға берді.

Жылу жинау. Жұтқа ұшыраған немесе стихиялық апатқа ұшыраған қоғам мүшелеріне руластарының, ауылдастарының мал немесе мүлікгей беретін жәрдемі. Жылу мүлкі қарыз болып есептелмеген.

Жұртшылық карызға батқан, қарызын төлей алмай қалған қоғам мүшесіне руластары және туыстары тарапынан малдай немесе мүліктей беретін жәрдемі. Мұндай жағдай әркімнің басына түсуі мүмкін болғандықган көпшілік оған толықтай қатысатын.

Асар жасау әдет-ғұрпы қоғам мүшелерінің бір-біріне жәрдем беру мақсатында жасалған. Асар шөп шабу, құдық, арық қазу, жол салу, қыстау үйлерін тұрғызу сияқгы үлкен жүмыстарды ұйымдастырғанда жасалады.

Соғым беру. Қатардағы қазақтар күздің соңы қысқа карай сүлтандарға, билер мен басқа да атқамінерлерге сойыс малын немесе мал етін беретін. Соғымды хан сұлтандарға беру міндетті болған. Кедей адамдар соғымға мал етінің бір бөлегін де беретін. Соғым арқылы хан, сұлтандардың қысқы азығы даярланатын.

Сыбаға тарту. Бір-екі асым ет ретінде хан, сұлтан билерге берілетін тарту. Сыбағаны казақтар құда-жекжат сияқты басқа да жақын адамдарына беретін. Сыбағаны үйге қонақ етіп беруге де болады.Қүрметке ие болған қазақтар үшін өздеріне сыйлаған сыйлықтан бас тарту жөнсіз әрекет болған.

Отбасы-неке құқығы.

Отбасы-неке әдет-ғұрып құқығы тереңірек зертгелген сала. Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды.

Отбасының басшысы ер адам болды. Казақтардың үлкен отбасы әкенің, балалардың, тәуелді жақын туыстардың, малшылар мен құлдардың отбасынан түрды. Бай феодалдардың әр әйелі бір отау, кейде ауыл болып тұрды. Мұндай жағдайда бірнеше ауылдар отбасылық-ауылдық қауымды құрды.

Отбасы басшысы ер адам адат бойынша артықшылық құқықпен пайдаланды. Отбасының әйел мүшелерінің кұқығы шектеулі еді. Ер адам отбасы мүлкінің иегері болып танылды әрі отбасы тірлігі үшін жауап берді. Ол басқа отбасы мүшелерін жазаға тарта алды. Бірақ әке баласына беретін еншіден, қызына беретін жасаудан бас тарта алмады. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің міндеті әрі парызы болды. Мұның өзі адаттың әрбір отбасы мүшесінің құқығын қорғағандығын көрсетеді.

Мұрагерлік құқығы.

Мұраға қалдыру жазба және ауызша өсиет тұрінде жасалды. Ауызша өсиет болғанда куәлер катыскан. Әдет-ғүрып қүқығы бойынша әке мүрасына иелік ететіндер оның балалары, әйелдері, аға-інілері, жақын туыстары болды.

Мұра ретінде мал, қыстау, үй-жай, ақша және жесір калып отырған.Ер адам қартайып өлгенде, оның ұл-қыздары үйленіп, бөлініп кетсе оның мал мүлкіне енші алмаған кенже баласы ие болады.Әке жастай өліп, артында жас балалары мен жас әйелі қалса, әменгерлік әдет бойынша өлген адамның жақын туыстарының бірі оның әйеліне үйленіп балаларын қамқорлығына алады да мал-мүлкіне заңды түрде иелік етеді.

Адат әке мұрасын әділ бөлуге, осы негізде балалар мен туыстар арасында алауыздық тумауға ерекше көңіл бөлген. Мұраны бөлу адатты басшылыққа альш, әрбір нақгы жағдайда қайтыс болған адамның, туыстарының, ел ақсақалдарының араласуымен жүзеге асып отырған.

Мұрагерлік қүқық қыздардың қүқығын қорғап отырған. Мұра бөлудің мынандай тәртібі туралы деректер бар: мұраның сегізден бір бөлігі жесірге тиесілі; он екіден бір бөлігі қайтыс болғанның әкесіне тиесілі; он екіден бір бөлігі әкенің барлық әйелдеріне тиесілі.

Мұраның қалған бөлігі ұлдары мен қыздары арасында бөлінеді. Ұлдың үлесі қыздан екі есе артық болады.

Қылмыстық әдет-ғұрып құқығы.

Адат бойынша қылмыстық істер мен азаматтық кұқық бұзушылықтың арасы ерекше бөлінбеді. Қылмысты казақтар "жаман іс", "жаман сөз" деп те атады. "Айыпкер" ретінде тек қылмыс істеген адам ғана емес, оның туыстары, руы да есептелді. Сондықтан қазақтар арасында бір адамның қылмысы үшін бүкіл рудың, туыстарының үжымдық жауапкершілігі қарастырылды.

Саяси, қоғамға қарсы қылмыстар туралы ұгымдар болмағанымен, ханға, сұлтандарға қарсы қылмыстық әрекеттер катаң жазаланды. "Жеті жарғыда" сұлтандар мен қожаларға қарсы қылмыстар ерекше жазаланып, оларға төленетін құн жай адамдардан жеті есе артық болды. Билерге қарсы қылмыстарды да қатаң жазалайтьш нормалар пайда болды.

Адат қасақана жасаған, абайсызда жасаған қылмысты терең айырмады. Мұның себебі қандай да болмасын қылмыстың орнын құн төлеу арқылы материалдық жағынан толтыруға байланысты болса керек. Қасақана және абайсызда жасалған әрекеттер XVIII-XIX ғасырларда тереңдеп айырыла бастады.

Сот және сот ісін жүргізу.

Қазақ қоғамында адат бойынша сот билігін хан, сұлтандар және билер жүргізді. Хан мен сұлтандардың қарауында аса маңызды қылмыстық және азаматтық істер жатты. Олардың қатарында барымта, руаралық, ауыларалық даулар, жер дауы, сұлтандар мен билік басындағылардың өлімі, сұлтандар арасындағы даулар болды. Аса маңызды істер билердің араласуымен жүрді және қалың көпшілік алдында өтті.

Қазақ хандығы дәуірінде билерді ешкім сайламаған және тағайындамаған. Билер өз білімі және тәжірибесі арқасында мойындалып, оларға билік сұрап халықгың өзі келетін.

Би өзіне келген істі қарауға міндетгі болды, қарамай тастауға құқығы болмады. Биді тандау талапкердің қолында болды.

Би сотқа жан-жақты дайындалатын. Талапкер мен жауапкер бидің алдына қамшыларын тастап, істі карауға келісім беріп отырады. Қамшы тастаудың үлкен процессуалдық маңызы болды. Одан кейін екі жақ та биден бас тарта алмайтын.

Сот ашық түрде екі жақты, куәлерді тыңдау арқылы жүрді. Сотқа келмей қалған жақтың өкілін бидің зорлап алдыруға қүқығы болды.

Сотқа куәлер тартылды. Ерлі-зайьштылардың бір-бірінің көзіне шөп салғандығын дәлелдеу үшін 4 куә, қалған істерге 2 куә қажет болды. Куәлер бидің алдында ант беруі тиіс болды. Әйелдер, 15-ке толмағандар, шариғаттан хабары жоқтар, бұрын айыпты, ақыл-есі кемдер, қылмысты болғандар куә бола алмаған.

Куәлері болмаған күрделі істерде ант беру институты қолданылған. Антты талапкер мен жауапкер емес, олар үшін олардың беделді әрі белгілі туыстары берді. Егер айыпталушы үшін ешкім ант бермесе, ол жауапты ретінде жазаға тартылган.

Билер сотының шсшімі ауызша түрде көпшіліктің алдында жарияланатын. Сот талқылауы екі жақты "алажіпті үзу" деген дәстүрмен аяқталатын.

7-лекция.Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның саяси-құқықтық салдары.

1.Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері.

2.Абылай ханның реформалары.

3.Бөкей хандығының саяси-құқықтық жағдайы.

4.Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.1822-жылғы Сібір қырғыздары туралы Устав.

5.Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.1824-жылғы Орынбор қырғыздары туралы Устав.

6.Кенесары Қасымұлы хандығының саяси құрылысы және ондағы реформалар.

Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықгық мәселелері.

Кіші жүздің ханы Әбілхайыр 1726 жылы Ордабасыдағы бүкілқазақгық жиында қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланды. Бірақ ол барлық қазақтардың ханы болғысы келді. 1729 жылғы қазақтар шешуші жеңіске жеткен соң да, сол жылғы Орта жүздің ханы Болат қайтыс болған соң да бүкілқазақтың ханы бола алмады. Әбілхайыр хан енді Ресейге арқа сүйеп, өз позициясын нығайтпақ болды.

Осылай Әбілхайыр хан Ресей патшасы Анна Ионовнаға Ресейдің қол астына алу туралы жасырын хат жазды. Жоңғарлардың үздіксіз шабуылдары да Әбілхайырдың әрекетіне түрткі болды.

1731 жылы 19 ақпанда патша Анна Ионовна Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіргені туралы грамотаға қол қойды. Онан соң қазақ даласына А.И.Тевкелев бастаған патшаның елшілігі шығып 1732 жылы 10 қазанда Әбілхайыр хан және 27 рубасы сұлтан, батырлар Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойып, ант берді. Осы жылы 21 қарашада тағы да 30 рубасы ант берді.

"Игельстром реформасы" деген атпсн енген Орынбор генерал-губернаторы Игельстромның әрекеті Сырым Датұлы бастаған көтерілісті өз мақсаты түрғысында пайдалану еді.

Реформа бойынша билік рубасы старшындарға өтті. Бірақ расправолар да, шекаралық сот та қалыпты жұмыс істей алмады. Оған себеп ықпалы мықты сұлтандық топтың әсері болды.

Сөйтіп Екатерина II патша қайта хан сайлауға келісім берді. Патша өкіметінің Кіші жүзде хандық билікті жою туралы алғашқы қадамы жүзеге аспады.

Абылай ханның реформалары.

Абылай хан (1711-1781) қазақ тарихында ерекше орын алатын қайраткер. Абылай алғашында сұлтан болғанымен 40 жылдай билік еткен. Ол Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болган соң 1771 жылы хан болып сайланды. Бүған дейін-ақ қазақгың үш жүзінің көпшілік бөліктері Абылайдың билігін мойындады. XVIII ғасырдың 50-жылдары Абылайдың басшылығымен қазақ жерлері жоңғарлардан түгелдей азат етілді. Абылайдың әскерлері Қазақстанға басып кірген қытай басқыншыларының бетін қайтарды. Қытай императоры Абылайды мойындады. Абылайдың басшылығымен Оңтүстік Қазақстан жерлері Қоқан басқшыларынан азат етілді.

Бөкей хандығының саяси-кұқықгық жағдайы.

Кіші жүздегі ХѴШ ғасырдың соңындағы шаруашылық-саяси дағдарысқа, жайылым мәселелерінің күрделеніп кетуіне байланысты қазақтардың үлкен тобы Орал мен Жайық аралытының төменгі бойына көшіп барып 1801 жылы Бөкей хандығын құрды. Оған император Павел I келісім берді.

1812 жылы Бөкей сұлтан орданың ханы болып көтерілді. Бөкей қайтыс болған соң (1815) уақытша регент Шыгай болып, 1823 жылы патша Жәңгірді хан етіп бекітті. Жәңгірден соң мұнда хан тағайындалмады.

Бөкей хандығы патша өкіметінің әкімшілік бірлігі болып саналды. Хан ішкі мәселелерді Орынбор әкімшілігімен келісіп шешті. Ханның біршама ішкі дсрбестігі болды. Ол дербесгік қаржы-салық, жер бөлу, рулық-территориялық басқару, халықгы шаруашылық жағынан орналастыру түрінде жүзеге асты.

Ордадағы билік негізінен ханның қолында шоғырланды. Ханның жанында 12 биден тұратын хан кеңесі құрылды. Хан кеңесі мүшелсрі хан ордасында тұрақгы тұрып, хан аппаратының шылауына айналды.

Ханның арнаулы тапсырмаларын орындайтын 12 жасауылы болды. Баж салығын, сауда мәселелерімен "базар сұлтандары" айналысты. Ханның қолында мемлекеттік істермен шұгылданатын арнайы кеңес қүрылды.

Жергілікті басшылық рубасы старшындардар қолына өтті. Старшындарды хан және Орынбор әкімшілігі тағайындады.

Сот билігі ханның, жергілікті билердің, хан депутаттарының қолына шоғырланды. Жергілікті жерде ұсақ істер каралды. Бірақ ханның заңды құқықтары орыс заңдарымен шектелген болатын.

Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. 1822 жылгы "Сібір қырғыздары туралы Устав"

Патша үкіметі Қазақстанды отарлауды тереңдете түсті. Үкімет алдымен Орта жүздегі хандық билікті жоюды көздеді. Ханның билік басында отыруы қанша дегенмен де қазақтардың егемендігінің көрінісі болды.Хан ішкі саясатты тәуелсіз жүргізуге әрекет етті. Абылай хан патша өкіметін мойындамай қойды.

Орта жүзде Бөкей (1817) және Уәли хандар (1819) қайтыс болған соң жаңа хан сайлауға Патша өкіметі тұрғысынан жол берілмеді.

"Орынбор қырғыздары туралы Устав. "

Орта жүзден соң патша үкіметі іле-шала Кіші жүзде хандық билікті жоюға кірісті. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен "Орынбор қырғыздары туралы уставын" жасады. "Устав" 1824 жылы азиялық комитетте бекітілді. Кіші жүзде хан билігі жойылды. Кіші жүз үш бөлікке: Шығыс, Орта және Батыс бөліктерге бөлінді. Былай бөлу тайпалық кұрылымды еске алды. Әр бөлікті билеуші-сұлтандар басқарды. Билеуші-сұлтандар патша өкіметінің шенеунігі болды. Олардың қасында 100-200 адамнан әскер болды. Билеуші-сұлтанның ставкасы казак бекіністерінің біріне орналасты. Билеуші-сұлтан қызметіне тек сұлтандар тағайындалды.

1822 және 1824 жылғы "Уставтар" бойынша Орта және Кіші жүзде хандық жойылып, басқару мен сот жүйесінің жаңа түрлері енді. Рулық кұрылым орнына территориялық құрылым енді. Қазақтардың хандық арқылы өзін-өзі басқаруының орнына отаршылықты нығайтатын патша өкіметі тағайындаған басқару жүйесі енді. Сұлтандардың аз ғана тобы басшылықта қалып, қалғандары артықшылығынан айрылды. Біртіндеп аға-сұлтандар мен болыстық сұлтандардың орнына да қатардағы қазақгар сайлана бастады.

8-лекция.XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік басқару және құқық.