- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті неврология, психиатрия ,наркология кафедраСы
- •II. Мазмұны:
- •3. Оқытудың міндеттері
- •4. Оқытудың соңғы нәтижелері
- •5. Реквизитке дейінгі: биология, медицина тарихы, философия, культурология, социология, психология негіздері, құқық негіздері, орыс тілі,қазақ тілі.
- •7.Сабақтардың тақырыптық жоспары
- •8. Оқытудың және сабақ берудің әдістері
- •9. Білім алушылардың білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:
- •10. Ұсынылатын әдебиет:
3. Оқытудың міндеттері
Оқыту мақсаттары :
студенттердің меңгеруі коммуникативті дағдылар, коммуникативті үрдіс пен дәрігердің коммуникативті жетіктігі (компетентность) туралы түсініктерді;
әріптестермен, науқастармен және олардың тусқандарымен оң нәтижелі және жанжалсыз қатынас дағдыларының маңыздылығын түсінігін қалыптасуы;
дәрігер тұлғасына қойылған психологиялық талаптар жөнінде түсініктің қалыптасуы;
науқастармен медициналық сұхбатты дұрыс құрастыру және жүргізу;
науқастармен, олардың туысқандарымен, әріптестермен оң нәтижелі және байсалды қатынас дағдыларының қалыптасу;
дәрігер мен науқастың нәтижелі қатынасына кедергі келтіретін түрлі жағдайларды анықтау және мәселерді шешу;
науқастардың психологиялық типтерін анықтау және дәрігер мен науқас арасында қатынас орнатуда оң нәтижелі әдістерді қолдану;
4. Оқытудың соңғы нәтижелері
Студенттің білуі тиіс:
әріптестермен, науқастар және олардың тусқандарымен тиімді қатынас қағидалары;
дәрігердің кәсіби қызметінде қолданатын қарым-қатынастардың түрлері;
медициналық сұхбат құрудың құрылымы;
дәрігер мен науқастың нәтижелі қатынасына кедергі келтіретін бөгеттер;
Қиын жағдайларда дәрігер мен науқас және оның туысқандары арасында нәтижелі қатынас орнату әдістері;
дәрігер тұлғасына қойылатын негізгі талаптар;
медициналық этика туралы түсінік,медициналық этиканың негізгі принциптері;
дәрігер мен пациент, оның туыстарымен және әріптестері арасындағы қарым қатынас орнатудың этикалық принциптері;
мәдени, діни және әлеуметтік айырмашылығы бар науқастар және соған баиланысты туындаитын этикалық сұрақтары және мәселелер
дәрігердің кәсіптік тәжірибесінде пациенттер құқығы және оны сақтаудағы этикалық және. өнегелік аспектілері .
өлімнің этикалық аспектілері,реанимация және өлім.
Қайғылы хабарды хабарлаудың негізгі принциптері
«ятрогения » «ятрогенді аурулар»дәрігерлік қателіктер.
Дәрігердің мыналарды қолдана алуы қажет:
ол әріптестермен, науқастармен және олардың тусқандарымен жақсы қарым- қатынас орнату қағидаларын қолдану;
әңгімеде науқасқа бағытталған медициналық сұхбаттай үлгісінің сәйкес түрін тандап және қолдану;
науқаспен алғашқы кездесу өзара түсінушілік пен сенімділік және байналысында болу;;
науқастың дәрігерге қаралу себептерін анықтау;
науқасты мұқият тыңдау және сұрақтарына анық жауап беру;
науқаспен вербальды және вербальды емес қатынас түрлерін қолдану;
медициналық сұхбат жүргізгенде сұрақтың ашық және жабық түрлерін қолдану;
науқаспен және оның туысқандарымен оң нәтижелі қатынас орнату ;
науқасқа түсінікті түрде жауап беру;
науқаспен оның жанұя мүшелерімен қатынас кезінде мейірімділік, қамқорлық жанашырлық көрсету;
науқастың қауіпсіздігіне, жайлылығына және жеке өміріне назар аудару;
медициналық сұхбаттасуда құпиялық қағиданы сақтау;
дәрігердің кәсіптік қызметіндегі коммуникативті дағдылардың сапасын үзіліссіз жетілдіру маңыздылығын түсіну.
Дағдыларды пайдалана білу:
«науқаспен» нәтижелі медициналық сұхбат құрастыру және жүргізу;
«дәрігер» мен «науқастың», «науқастың туысқандары» мен әріптестері арасындағы қарым-қатынасты құрастыруда нәтижелі әдістерді қолдану;
медициналық сұхбат соңында «науқас» жөніңде мәліметтерді құжатқа тіркеу.
Пациенттер,туыстарымен,әріптестермен,денсаулық сақтау саласындағы мамандармен қарым қатынас жүргізуде этикалық принциптерді сақтау
