Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Farm_TEST.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
646 Кб
Скачать
☆
  1. "Фармакодинамика" ұғымына не кіреді?

1.дәрілер әсерінің орны

2.дәрілердің организмде таралуы

3.дәрілердің организмде жинақталуы

4.дәрілердің сіңірілуі

5.дәрілердің организмдегі өзгерістері

1

  1. "Фармакодинамика" ұғымына не жатпайды?

1. Дәрілер әсерінің орны

2. дәрілердің әсер ету механизмі

3. фармакологиялық әсерлер

4. биотрансформация

5. дәрілердің жанама әсерлері

4

  1. Заттардың арнайы рецепторлармен байланысу қабілеті қалай аталады?

1.конъюгация

2.аффинитет

3.ішкі белсенділік

4.тиімділік

5.әсер ету күші

2

  1. Заттардың арнайы рецепторларды ынталандыру қабілеті қандай терминмен аталады?

1.аффинитет

2.ішкі белсенділік

3.трансформация

4.коньюгация

5.тиімділік

2

  1. Аффинитет пен ішкі белсенділікке ие заттарды қалай атайды?

1.агонисттер деп

2.антагонисттер деп

3.агонист-антагонисттер деп

4.антагонист-агонисттер деп

5.тиімсіз деп

1

  1. Аффинитеткеие, бірақ ішкі белсенділігі жоқ және агонисттердің әсеріне кедергі жасайтын заттарды қалай атайды?

1.антагонисттер деп

2.жартылай агонисттер деп

3.агонист-антагонисттер деп

4.агонисттер деп

5.тиімсіз деп

1

  1. А деген зат 0,025 г мөлшерінде, ал Б деген зат 0,25 г мөлшерінде артериальды қан қысымын 40 мм рт.ст. төмендетеді. Не дұрыс?

1.А деген заттың белсенділігі Б деген заттан 10 есе артық

2.А деген заттың тиімділігі Б деген заттан 10 есе артық

3.екі зат бірдей белсенділікке ие

4.екі зат бірдеі тиімділікке ие

5.Б деген заттың белсенділігі А деген заттың белсенділігінен жоғары

1

  1. Емдік мөлшерде А деген зат тәуелділік диурезді 2л-ге, ал Б деген зат 4-ге арттырады. Не дұрыс?

1.А деген заттың тиімділігі Б деген заттың тиімділігінен 2 есе төмен

2.А деген заттың белсенділігі Б деген заттың белсенділігінен 2 есе төмен

3.екі заттың белсенділігінде айырмашылық жоқ

4. екі заттың тиімділігінде айырмашылық жоқ

5.Б деген заттың белсенділігі А деген заттың белсенділігінен жоғары

1

  1. Дәрілерді қайталап енгізгенде қандай көрініс туындау мүмкін?

1.аддитизм

2.потенцирлеу

3.дәрілік тәуелділік

4.идиосинкразия

5.дұрыс жауабы жоқ

3

  1. Дәрілерді қайталап енгізгенде олардың организмде жиналуы қандай терминмен белгіленеді?

1.функциональды кумуляция

2.материальды кумуляция

3.аддитивті әсер

4.биотрансформация

5.агонизм

2

  1. Дәріліердің тератогенді әсері әсіресе даму мүмкін

1.жүктіліктің алғашқы 2-3 айларында

2.жүктіліктің 4 және 6 айлар аралығында

3.жүктіліктің соңғы кезеңдерінде

4.босану кезінде

5.босанғаннан кейін

1

  1. Фетотоксикалық әсер

1.дәрілердің ұрыққа жағымсыз әсері

2.тумыстан кемтарлыққа әкелетін дәрілердің эмбрионға әсері

3.тератогенді әсердің түрі

4.мутагенді әсердің түрі

5.идиосинкразияның түрі

1

  1. Заттың рецепторларға аффинитетінің мөлшері немен сипатталады?

1.тахифилаксиямен

2.диссоциация константасымен

3.ішкі белсенділікпен

4.биотиімділікпен

5.ионизация константасымен

2

  1. Дәрілік заттың "функциональды кумуляциясы" дегеніміз:

1.қайталап енгізгінде дәрілердің тіндердегі мөлшерінің артуы

2.қайталап енгізгінде дәрілердің "әсерлерінің жиналуы"

3.дәрілік затқа тез бейімделу

4.дәрілік затқа баяу бейімделу

5.қайталап енгізгінде дәрілердің тіндерде мөлшерінің азаюы

2

  1. Дәрілік затты қайталап қабылдауға жеңілмейтін ұмтылуды қай терминимен белгілейді?

1.кумуляция

2.тахифилаксия

3.дәріге тәуелділік

4.бейімделу

5.толеранттік

3

  1. Дәрілік затты қайталап қабылдағанда оның әсерінің жоғарлауы байқалады:

1.бейімделуде

2.идиосинкразияда

3.тахифилаксияда

4.кумуляцияда

5.толеранттікте

4

  1. Дәрілік заттардың өзара әрекеттескенде байқалатын синергизмнің түрін көрсетіңіз.

1.агонизм

2.толеранттік

3.потенцирлеу

4.кумуляция

5.антагонизм

3

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]