- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
- •Силлабус (Syllabus) Пән: Қазақстан тарихы
- •2. Пәннің мақсаты:
- •3. Оқытудың міндеттері
- •4. Оқытудың соңғы нәтижелері
- •5. Реквизитке дейінгі:
- •6. Пәннің қысқаша мазмұны
- •7. Сабақтардың тақырыптық жоспары
- •9. Ұсынылатын әдебиет:
- •8. Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •10. Оқытудың және сабақ берудің әдістері
- •11. Білімді бағалаудың критерийлері және ережелері:
10. Оқытудың және сабақ берудің әдістері
Дәрістер:
Қазақстан тарихы пәні бойынша дәрістер Power Point форматында презентация дайындалып, деректерді талдау; хронологиялық кестемен жұмыс, дискуссия түрінде өтеді.
Тәжірибелік сабақтар:
«Шағын топтар» – жетекшілері бар мықты студенттерден құралған академиялық топтарды 3-4 бөлікке бөлу. Топ жетекшілері конспектілердің санын, рефераттардың дайындығын тексереді. Өздерінің арнайы дәптерлеріне тақырыптарды талқылауға қатысқан студенттерді қадағалап, бөліммен белгілейді. Семинарда шағын топтың біреуі сөйлейді, ал екіншісі – оппоненттер, сұрақтар қояды, сөйлеген сөзін қадағалайды. Егерде сөз алған студент оппоненттердің сұрағына жауап қайтармаса, оған көмекке шағын топтан бір адам келеді. Егер сұраққа топ жауап қайтара алмаса, оппоненттер тобының студенттері қосылады. Басқа «Шағын топтар» семинардың келесі сұрағын талқылайды. Қортындысында оппоненттегі топтар сөйлегенді бағалайды.
Пікірталас – академиялық топ өз еркімен екіге бөлінеді. Екі топта кезекпен семнардың негізгі сұрақтары бойынша сөйлейді. Екі топ арасындағы диалог оқытушының жетекшілігімен ұжымдық пікірталас тудырады. Бұл әдіс барысында студенттерге сұрақтар беріледі, бұл бірінші топтың екінші топпен қатынас орнату үшін қажет. Қойылған мақсатқа қарай бұл әдісті әртүрлі пайдалануға болды: жаттығулар, ситуациялық тапсырмалар. Бұл әдісті күрделі тарихи түсінікті меңгеруде, оқыған материалды есте сақтау үшін қолдануға болады.
Сызба конспект пен кесте құрастыру әдісі. Аталған әдіс көрнекілік құрал құрастыруда немесе тақырыптың мазмұнына қарай сызба түрінде құрастырылады. Бұл жұмыс тақырыпты оқудан, бастапқы кестелерді жасау немесе логикалық сызбалар - көрнекілік модельдер, тақырыптың мазмұнын толықтыра түседі. Сызба конспект немесе кестені қойылатын талаптар түсіну қысқаша, мазмұндылығы мен сызба жазбаның логикалығы.
Тест құрастыру әдісі – тест тапсырмалары қорытынды білімді шығару үшін ғана емес, өздік жұмыстың нәтижесін алу үшін қажет. Ол білімді бекіту құралы ретінде саналады. Бұл жұмыс логикалық ойды дамытып, есте сақтау қабілетін белсендіре түседі.
Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ):
Қазақстан тарихы пәні бойынша студенттің өздік жұмысы эссе жазу, реферат, таблица құрастыру, деректерді талдау, Power Point форматында презентация дайындау түрінде өтеді.
11. Білімді бағалаудың критерийлері және ережелері:
Білімді бағалау критерилер мен ережелері білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау бақылаудың барлық түрлері бойынша:
Ағымды бақылау-ағымдық баға бойынша жүзеге асырылады;
Аралық бақылау – 9-шы және 18-ші аптада өтеді.
Қорытынды бақылау - ауызша емтихан тапсырғаннан кейін жүзеге асырылады.
Білімді бағалау әдісі ауызша сұрау, тест, ситуациялық тапсырмаларды шешу, топпен жұмыс және т.б. түрінде өтеді.
Төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін, білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың сандық жүйесі.
Әріптік жүйе бойынша бақылау |
Балдардың сандық эквиваленті |
Пайыздық құрамы |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
А |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
