- •7 Іfrs халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •Қаржы құралдары – ашып көрсету
- •10. Егер ұйым 39 іas Халықаралық стандартының 9-параграфына сәйкес пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағалау ретінде қаржылық міндеттемені жіктесе, ол мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
- •37. Ұйым қаржы құралдарының сыныптары бойынша мына ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:
- •Қаржы құралдарының сыныптары және ашып көрсету дәрежесі (6-параграф)
- •Ұйымның қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелері тұрғысында қаржы құралдарының маңызы
10. Егер ұйым 39 іas Халықаралық стандартының 9-параграфына сәйкес пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағалау ретінде қаржылық міндеттемені жіктесе, ол мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) кезең ішінде және сол міндеттеменің кредиттік тәуекелінің өзгеруі себепті қаржылық міндеттеменің жиынтық әділ құнының өзгеру шамасы, бұлар былайша айқындалады:
(і) рыноктық тәуекелді туғызған рынок жағдайларындағы өзгерістерге жатқызылмайтын оның әділ құнындағы өзгеріс шамасы (қараңыз, В Қосымшасының В4 параграфы);
немесе
(іі) баламалы әдісті қолдану, ол, ұйымның пікірі бойынша, осы міндеттеменің кредиттік тәуекелінің өзгерістеріне жататын әділ құнындағы өзгеріс шамасын анағұрлым шынайы айқындайды.
Рыноктық тәуекелді туғызған рынок жағдайларының өзгерістері қазіргі пайыз ставкасының-бағдарының, басқа ұйымның қаржы құралы бағасының, тауар бағасының, валюта бағамының, бағалар немесе ставкалар индексінің өзгерістерін қамтиды. Пай опционы келтірілетін шарттарға орай рынок жағдайындағы өзгерістер ішкі немесе сыртқы инвестициялық қордың тиімділік дәрежесінің өзгерістерін де қамтиды.
(b) қаржылық міндеттеменің баланстық құны және ұйым өтеу күніне міндеттемені ұстаушыға шарт бойынша төлеуге тиісті сома арасындағы айырмашылық.
11. Ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) 9(с) және 10(а)-тармақтардың талаптарын орындау үшін қолданылған әдістер;
(b) егер ұйым 9(с) немесе 10(а)-тармақтарының талаптарына сәйкес ол жүргізген ашып көрсету кредиттік тәуекел өзгерісіне жататын қаржы активінің немесе қаржылық міндеттеменің әділ құнындағы өзгерісті толық көлемде көрсете алмайды деп есептесе, ол мұндай қорытынды үшін негіздемені және өзі маңызды деп есептейтін факторларды ашып көрсетуі тиіс.
Қайта сыныптау
12. Егер ұйым қаржы активін бағаланымды деп сыныптаса:
(а) өзіндік құны немесе амортизацияланған құны бойынша, ол әділ құны бойынша емес;
немесе
(b) әділ құны бойынша, ал өзіндік құны немесе амортизацияланған құны бойынша емес,
ол құрамға және әрбір санат құрамынан қайта сыныпталған соманы, сондай-ақ мұндай қайта сыныптау үшін қолда бар негіздерді ашып көрсетуге міндетті (39 ІAS Халықаралық стандартының 51-54-параграфтарын қараңыз).
Тануды тоқтату
13. Ұйым қаржы активтерін бұлардың бір бөлігін немесе сол қаржы активтерінің бәрін тануды тоқтату үшін белгіленген өлшемдерге келмейтіндей етіп бере алатын (қараңыз, 39 ІAS Халықаралық стандартының 15-37-параграфтары). Мұндай қаржы активтерінің әрбір сыныбы үшін ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) активтердің сипаты;
(b) осы активтерді иеленуге байланысты бұрынғысынша ұйым көтеретін немесе алатын тәуекелдер мен пайданың сипаты;
(с) содан бастап ұйым барлық активтерді толық көлемінде тануды жалғастырып келе жатқан сәт, сондай-ақ сол активтер мен ілеспе міндеттемелердің баланстық құндары;
және
(d) содан бастап ұйым оларға өзінің одан әрі теңдес қатысуына активтердің танылуын жалғастыру сәті, бастапқы активтердің жиынтық баланстық құны, ұйым тануын жалғастыратын активтер құны және ілеспе міндеттемелердің баланстық құны.
Кепілді қамтамасыз ету
14. Ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) 39 ІAS Халықаралық стандартының 37(а)-параграфына сәйкес қайта сыныпталған сомаларды қоса алғанда, міндеттемелерді немесе шартты міндеттемелерді кепілді қамтамасыз ету ретінде оған берілген қаржы активтерінің баланстық құнын;
және
(b) кепілді қамтамасыз етудің жасалуына байланысты шарттарды.
15. Ұйымда кепілді қамтамасыз ету болғанда (қаржылық немесе қаржылық емес активтер) және оның иесі тарапынан дефолт болмағанда кепіл затын сатуға немесе қайтадан қоюға оған рұқсат берілгенде, ол мыналарды ашып көрсетуге тиіс:
(а) кепілді қамтамасыз етудің ұсталынатын әділ құнын;
(b) сатылған немесе қайта кепілденген кез келген сондай кепілді қамтамасыз етудің әділ құнын, сондай-ақ ұйымда оны қайтару міндеттемесінің болуын;
және
(с) берілген кепілді қамтамасыз етуді пайдалануға байланысты жағдайларды.
Кредиттік залалдарды жабуға арналған бағалау резерві
16. Қаржы активтері кредиттік залалдар себебінен құнсызданғанда, ұйым осындай құнсыздануды бөлек шотта көрсетеді (мысалы, құнсызданудың жекелеген жағдайларын жазу үшін бағалау резерві шотында немесе активтердің ұжымдық құнсыздануын жазу үшін ұқсас шотта). Бұл жерде активтің баланстық құнын тікелей азайтудың орнына ол қаржы активтерінің әрбір сыныбы үшін есепті кезең ішінде мұндай шотта өзгерістерді салыстыру деректерін ашып көрсетуі тиіс.
Көптеген тізбектеулі туынды элементтері бар құрамдастырылған қаржы құралдары
17. Егер ұйым оның құрамында міндеттеме де, капитал компоненті бар құрал шығарса (қараңыз, 39 ІAS Халықаралық стандартының 28-параграфы) және сол құралда құны бірімен-бірі байланысты көптеген туынды элементтер тізбектелсе (мысалы, қайтарылатын айырбас борыш құралы), ол мұндай элементтердің болуын ашып көрсетуге тиіс.
Міндеттемелерді орындамау және бұзушылық
18. Займдар бойынша есепті уақыт жағдайында танылған кредиторлық берешекке орай ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) борыштың, пайыздардың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындамаудың кез келген жағдайлары туралы, сондай-ақ өтеу қоры немесе займдар бойынша сондай кредиторлық берешекті есепті кезең ішінде мерзімінен бұрын өтеу жағдайлары жөніндегі егжей-тегжейлі мәліметтерді;
(b) есепті уақытқа міндеттемелерді орындамаған кезде займдар бойынша кредиторлық берешектің баланстық құнын;
және
(с) орындалмаған міндеттемелер өтелген бе немесе шығаруға қаржы есептілігін бекіту уақытына дейін займдар бойынша кредиторлық берешектің шарттары қайта қаралған ба, сол туралы ақпарат.
19. Егер есепті кезең ішінде 18-параграфта жазылғаннан өзгеше займ туралы келісім шарттарының бұзылуы орын алса, егер мұндай бұзушылық займ берушіге тездетілген режимде өтеуді талап етуге мүмкіндік туғызса (бұзушылық жойылған немесе есепті уақыт жағдайы бойынша немесе бұл уақыт болғанға дейін займ шарттары қайта қаралған жағдайлардан басқа), ұйым 18-параграфқа сәйкес ашып көрсетілуге тиісті сол ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.
Пайда мен залал туралы есеп және капитал
Кіріс, шығыс, пайда немесе залал баптары
20. Ұйым не қаржы есептілігінің өзінде, не ескертулерде кірістің, шығыстың, пайданың немесе залалның мынадай баптарын ашып көрсетуге міндетті:
(а) таза пайда немесе залал, мыналар бойынша:
(і) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын, қаржы активтеріне немесе қаржылық міндеттемелерге орай жеке көрсетілетін, бастапқы тану кезінде, сондай-ақ қаржы активтеріне немесе қаржылық міндеттемелеріне орай сондайлар ретінде сыныпталатын, 39 ІAS-қа сәйкес сауда үшін арналғандар ретінде сыныпталатын қаржы активтері немесе қаржылық міндеттемелері;
(іі) сату үшін қолда бар, пайданың немесе залалның шамасы жеке көрсетілетін, есепті кезең ішінде капиталда тікелей танылған және капиталдан есептен шығарылған әрі кезеңдегі пайда мен залал туралы есепте танылған қаржы активтері;
(ііі) өтеуге дейін ұсталынған инвестициялар;
(іv) несиелер мен дебиторлық берешек;
және
(v) амортизациялық құны бойынша бағаланатын қаржылық міндеттемелер;
(b) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланбайтын қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелерге орай жиынтықты пайыздық кіріс және жиынтықты пайыздық шығыстар (пайыздың тиімді ставкасының әдісі бойынша есептелінетін);
(с) мыналарға байланысты пайда болған сыйақылар мен алымдар бойынша кірістер мен шығыстар (пайыздың тиімді ставкасын айқындау кезінде ескерілетін сомалардан басқа):
(і) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланбаған қаржы активтері немесе қаржылық міндеттемелер;
және
(іі) соның нәтижесінде активтер жеке тұлғалардың, трастілердің, зейнетақы қорлары мен басқа институттардың тапсыруы бойынша ұстап қалынатын немесе инвестицияланатын трастілік және өзге де фидуциарлық қызмет;
(d) 39 ІAS Халықаралық стандартының AG93-параграфына сәйкес есептелетін құнсызданған қаржы активтері бойынша пайыздық кіріс;
және
(е) қаржы активтерінің әрбір сыныбы бойынша құнсызданудан болған кез келген залалның шамасы.
Басқа да ашып көрсетулер
Есеп саясаты
21. 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» ІAS Халықаралық стандартының 108-параграфына сәйкес ұйым есеп саясатының мәнді түйіндерін қысқаша сипаттағанда қаржы есептілігін жасау кезінде қолданылған бағалаулардың, сондай-ақ табыс етілген қаржы есептілігін түсіну үшін маңызы бар есеп саясатының басқа да түйіндерінің негізін (немесе негіздерін) ашып көрсетуге тиіс.
Хеджирлеуді есепке алу
22. Ұйым 39 ІAS-та сипатталған хеджирлеудің барлық түрлері бойынша жеке мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті (яғни әділ құн бойынша хеджирлеу, ақша тасқыны бойынша хеджирлеу, сондай-ақ шетелдік қызметке таза инвестицияларды хеджирлеу):
(а) хеджирлеудің әр түрін сипаттау;
(b) хеджирлеудің құралдары ретінде бағышталған қаржы құралдарын, сондай-ақ есепті уақыт жағдайы бойынша олардың әділ құнын сипаттау;
және
(с) хеджирлеудің тәуекелдік сипаты.
23. Ақша тасқындарын хеджирлеуге орай ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) ақша тасқындары күтілетін кезеңдер және олар қашан, шамамен, пайдаға немесе залалға әсер етеді;
(b) ол жөнінде хеджирлеу есебінен бұрын қолданылған, бірақ оның болуы енді күтілмейтін кез келген болжамды мәмілені сипаттау;
(с) ағымдағы кезең ішінде капиталда танылған сома;
(d) капитал шоттарынан есептен шығарылған және есепті кезеңдегі пайдаға немесе залалға қосылған, пайда мен залал туралы есептің әрбір желілік бабына қосылған сомалары көрсетілген сома;
және
(е) ағымдағы кезең ішінде капитал шоттарынан есептен шығарылған және қаржылық емес активтің немесе қаржылық емес міндеттеменің бастапқы құнына немесе басқа баланстық құнына қосылған, оны сатып алу немесе қабылдау хеджирленетін жоғары ықтималды болжамды мәміленің мәні болған сома.
24. Ұйым мыналарды жеке ашып көрсетуге міндетті:
(а) әділ құнды, пайданы немесе залалды хеджирлеу кезінде:
(і) хеджирлеу құралы бойынша;
және
(іі) хеджирлеу тәуекеліне жатқызылатын хеджирлеу бабы бойынша.
(b) пайдада немесе залалда танылған ақша тасқындарын хеджирлеудің тиімсіздігі; және
(с) пайдада немесе залалда танылған шетелдік қызметке таза инвестицияларды хеджирлеудің тиімсіздігі.
Әділ құн
25. 29-параграфта айтылғаннан басқа жағдайларда, ұйым қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелердің әрбір сыныбы үшін әділ құнды ашып көрсетуі тиіс (қараңыз, 6-параграф), сөйтіп, оны баланстық құнның тиісті мәнімен салыстыруға болады.
26. Әділ құнды ашып көрсету кезінде ұйым қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелерді сыныптарға топтастыруға міндетті. Алайда егерде олардың баланстық құнының мәндері баланста біріне-бірі қарсы есепке алынбаса, ұйымның олардың біріне-бірі қарсы есепке алуға құқығы жоқ.
27. Ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) әдістерді, ал бағалау әдістемесін пайдалану кезінде қаржы активтерінің немесе қаржылық міндеттемелердің әрбір сыныбының әділ құнының мәндерін айқындау үшін қолданылған жол берулерді. Мысалы, егер бұл орайлас келсе, ұйым алдын-ала төлеу коэффициенттеріне, кредиттік ысырап есептік коэффициенттерімен пайыздық немесе дисконттық ставкаларға қатысты жол берулер туралы ақпаратты ашып көрсетеді;
(b) әділ құнның мәні толық немесе ішінара, белсенді рыноктық жарияланған баға белгілеріне тікелей сілтеме жасау жолымен не бағалау әдістемесі арқылы анықтала ма, солар туралы ақпарат (39 ІAS Халықаралық стандартының AG71-AG79-параграфтарын қараңыз);
(с) ағымдағы рыноктық мәмілелердің расталмаған бағаларымен, сол құралмен (яғни өзгеріссіз және қайта сұрыптаусыз) және қол жететін рыноктық деректерге негізделмеген жол берулер негізінде бағалау әдістемесі арқылы әділ құн маңызын қаржы есептілігінде толық немесе ішінара танылғаны немесе ашып көрсетілгені айқындалған ба, сол туралы ақпарат. Қаржылық есептілікте танылған әділ құнның маңызына орай, бұлар бір немесе бірнеше жол берулер ақылға сиымды мүмкін болатын баламалы жол берулерге өзгерген кезде, едәуір өзгерістерге ұшырағанда, ұйым бұл фактіні келтіруге және мұндай өзгерістердің салдарын ашып көрсетуге міндетті. Осы тұрғыдан қарағанда, өзгерістердің мәні пайдаға немесе залалға және активтердің немесе міндеттемелердің жалпы сомасына қатысты, не әділ құндағы өзгерістер капиталда танылғанда капиталдың жалпы сомасына қатысты бағалануы тиіс;
(d) (с) тармағы қолдануға келетін жағдайда, бағалау әдістемесі арқылы белгіленген әділ құн өзгерісінің жиынтық шамасы есепті кезең ішіндегі пайдада немесе залалда танылған.
28. Қаржы құралы үшін ұтымды рынок болмағанда, ұйым әділ құнды бағалау әдістемелерінің бірін қолдану жолымен айқындайды (қараңыз, 39 ІAS Халықаралық стандартының AG74-AG76-параграфтары). Соның өзінде, бастапқы тану кезіндегі әділ бағаның жақсы расталуы мәміле бағасы болып табылады (яғни берілген немесе үстеме беруден алынған әділ құн). Бұған 39 ІAS Халықаралық стандартының AG76-параграфында сипатталған шарттарды орындаған жағдай кірмейді. Бұдан шығатыны, бастапқы таныған кездегі әділ құн мен бағалау әдістемесі арқылы сол уақытта айқындауға болатын шама арасында алшақтық болуы мүмкін. Мұндай алшақтық болған кезде ұйым қаржы құралдарының сыныптары бойынша мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) факторлардың (соның ішінде уақыт факторының) өзгерісін көрсету үшін пайдадағы немесе залалдағы осындай алшақтықты тану жөніндегі өзінің есепке алу саясатын. Бұларды рыноктың қатысушылары баға белгілеген кезде ескеруі тиіс (39 ІAS Халықаралық стандартының AG76А-параграфы);
және
(b) кезеңнің басында және соңында пайдада немесе залалда әлі танылуға тиіс жиынтық алшақтық және бұл алшақтық шамасының өзгеруін салыстыру.
29. Әділ құнды ашып көрсету мына жағдайларда талап етілмейді:
(а) баланстық құн әділ құнның жеткілікті түрде жақын аппроксимациясы іспетті болса, мысалы, негізгі қызмет жөніндегі қысқа мерзімді дебиторлық және кредиторлық берешек сияқты сондай қаржы құралдарына орай болса;
(b) үлесті құралдарға инвестицияларға орай, бұлар ұтымды рынокта белгіленбейді, немесе сондай үлесті құралдармен байланысты туынды құралдар, 39 ІAS-қа сәйкес өзіндік құны бойынша бағаланады. Өйткені оның әділ құны шынайы бағалауға келмейді;
немесе
(с) дискрециондық қатысу қасиеті бар шартқа орай (4 ІFRS-те сипатталуына сәйкес, егер бұл қасиеттің әділ құны шынайы бағалана алмайтын болса.
30. 29(b) және (с) параграфтарында сипатталған жағдайларда, ұйым ақпаратты ашып көрсетуі тиіс. Ол қаржы есептілігін пайдаланушыларға сондай қаржы активтерінің немесе қаржылық міндеттемелерінің және олардың әділ құнының баланстық құны арасындағы мүмкін болатын алшақтықтар дәрежесі туралы өздігінен пайымдау жасауға көмектеседі, мыналарды қосқанда:
(а) бұл құралдардың әділ құны туралы ақпараттың ашылмау фактісі, өйткені ол шынайы бағалауға келмейді;
(b) осы қаржы құралдарын, олардың баланстық құнын сипаттау және әділ құнды шынайы бағалаудың мүмкіндігі жоқтығы туралы қорытынды үшін негіздер;
(с) осындай құралдардың рыногы туралы ақпарат;
(d) ұйымның осы қаржы құралдарын өткізуді көздейтіні туралы және оларды іске асыру тәсілі туралы ақпарат;
және
(е) қаржы құралдарын тану тоқталған жағдайда, олардың әділ құны шынайы бағалана алмайды, бұл факт, сондай-ақ тану тоқталған кездегі баланстық құны және танылған пайданың немесе залалның шамасы ашылуға тиісті.
ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАЙТЫН ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ СИПАТЫ МЕН ДӘРЕЖЕСІ
31. Ұйым оның қаржы есептілігін пайдаланушылардың қаржы құралдарына байланысты есепті уақыт жағдайы бойынша ұйым киліккен тәуекелдердің сипаты мен дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.
32. 33-42-параграфтары талап ететін ашып көрсетулер қаржы құралдарына байланысты туындайтын тәуекелдерге және сондай тәуекелдерді басқару тәсілдеріне шоғырланған. Мұндай тәуекелдерге, әдетте, соның ішінде кредиттік тәуекел, өтімділік тәуекелі және рыноктық тәуекел жатады.
Сапалық сипаттағы ашып көрсету
33. Қаржы құралдарына байланысты туындаған тәуекелдің әрбір түрі үшін ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) тәуекелге килігу және олардың туындау себептерін;
(b) өзінің мақсатын, саясатын және тәуекелді басқару мәселелеріндегі рәсімдерін, сондай-ақ тәуекелді бағалау үшін пайдаланылатын әдістерін;
және
(с) өткен кезеңмен салыстырғанда (а) немесе (b)-дағы кез келген өзгерістерін.
Сандық сипаттағы ашып көрсету
34. Қаржы құралдарына байланысты туындаған тәуекелдің әрбір түрі үшін ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) есепті уақыттағы жағдай бойынша өзінің осындай тәуекелге киліккені туралы қорытылған сандық деректер. Бұл ашып көрсету ұйымның жетекші басқарушы қызметкерлеріне, мысалы, директорлар кеңесіне немесе бас директорға ішкі арналар бойынша берілген ақпаратқа (24-«Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету» ІAS-та белгіленгендей) негізделуі тиіс;
(b) 36-42-параграфтар талап ететін ақпарат, оны (а)-ға табыс етпегенде, тәуекел елеулі сипат алған жағдайлардан басқа (қараңыз, елеулілік туралы мәселеге 1 ІAS Халықаралық стандартының 29-31-параграфтары);
(с) тәуекелдің шоғырлануы, егер ол (а) және (b)-дан анық болмаса.
35. Егер есепті уақытқа ашып көрсетілген сандық деректер есепті кезең ішінде ұйымның тәуекелге килігуі жөнінде репрезентативтік болып табылмаса, ұйым репрезентативтік сипаты бар қосымша ақпарат табыс етуге міндетті.
Кредиттік тәуекел
36. Ұйым қаржы құралдарының сыныптары бойынша мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:
(а) баланс уақытындағы жағдай бойынша кредиттік тәуекелге мейлінше килігу едәуір жақсы көрсетілген сома, кез келген кепілді немесе кредитті қамтамасыз етудің басқа нысандарын есепке алусыз (мысалы, 32 ІAS-та белгіленген, өзара есепке алу өлшемдерін қанағаттандырмайтын өзара есепке алу туралы келісімдер);
(b) (а)-да ашылған сома жөнінде, қамтамасыз ету ретінде ұсталынған кепілді сипаттау және кредитті қамтамасыз етудің басқа да нысандары;
(с) мерзімі өтпеген және құнсызданбаған қаржы активтерінің кредиттік сапасы туралы ақпарат;
және
(d) мерзімі өтуі немесе құнсыздануы болғандағы қаржы активтерінің баланстық құны, егер оларға байланысты шарттар қайта қаралмағанда.
Мерзімі өткен немесе құнсызданған қаржы активтері
