Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
224 Кб
Скачать
☆

Жалпы ережелер

10 Үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлемдер операциялары үшін кәсіпорын алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны бойынша, осы әділ құн сенімді түрде өлшенбейтін жағдайды қоспағанда, тікелей өлшеуі тиіс. Егер кәсіпорын алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын сенімді түрде өлшей алмаса, ол олардың құнын және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды жанама, яғни ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өлшеуі тиіс.

11 10-параграфтың талаптарын қызметкерлермен және осындай қызмет көрсететін басқа тұлғалармен операцияларға қолдану үшін кәсіпорын ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын өлшеуі тиіс, өйткені әдетте алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын 12-параграфта түсіндірілгендей сенімді түрде есептеу мүмкін емес. Осы үлестік құралдардың әділ құны олар ұсынылған күні өлшенуі тиіс.

12 Әдетте, акциялар, акцияларға опциондар немесе басқа да үлестік құралдар қызметкерлерге олардың сыйақыларының бір бөлігі ретінде, қызметкерлерге ақша қаражатымен төленетін жалақыларына және басқа сыйақыларына қосымша ретінде ұсынылады. Әдетте қызметкерлердің сыйақылары пакетінің белгілі бір компоненттері үшін алынған қызмет көрсетулерді тікелей өлшеу мүмкін емес. Сонымен қатар, ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын тікелей өлшемеуге қарамастан, барлық сыйақылар пакетінің әділ құнын тәуелсіз өлшеу мүмкін болмай қалады. Осыған қосымша ретінде акциялар немесе акцияларға опциондар кейде негізгі сыйақының бір бөлігі ретінде емес, сыйлықақы келісімдерінің бір бөлігі ретінде ұсынылады, мысалы, қызметкерлер үшін кәсіпорындағы жұмыстарын жалғастыруына немесе олардың кәсіпорын қызметінің нәтижесін жақсарту бойынша қосқан күштері үшін сыйақы мақсатында ынталандыру. Акцияларды немесе үлестік құралдарға опциондарды басқа сыйақылар түріне қосымша ретінде ұсына отырып, кәсіпорын қосымша пайда алу үшін қосымша сыйақы төлейді. Осы қосымша пайдалардың әділ құнын бағалау қиын болуы мүмкін. Алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын тікелей өлшеудің қиындығы салдарынан кәсіпорын қызметкерлерден алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын оларға ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өлшеуі тиіс.

13 Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен операцияларға 10-параграфтың талаптарын қолдану үшін алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны сенімді түрде бағаланатыны туралы теріске шығаруға болатын жорамал болуы тиіс. Осы әділ құн кәсіпорын тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні өлшенуі тиіс. Сирек жағдайларда, егер кәсіпорын осы жорамалды теріске шығарса, себебі алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын сенімді түрде бағалай алмаса, ол алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды ұсынылған үлестік құралдың кәсіпорын тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні өлшенген әділ құны негізінде жанама өлшеуі тиіс.