Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ХБЕС Босалқылар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
114 Кб
Скачать
☆

Босалқыларды бағалау

9. Босалқылар міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік құны мен ықтимал таза құнында өлшенуге тиіс.

Босалқылардың өзіндік құны

10. Босалқылардың өзіндік құнына міндетті түрде сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және босалқыларды ағымдағы жай-күйіне және орналасқан жерге дейін жеткізу мақсатында жұмсалған шығындар жатады.

Сатып алуға жұмсалған шығындар

11. Босалқыларды сатып алуға жұмсалған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық баж салықтары мен басқа да салықтар (ұйымдар кейіннен салық органдары арқылы өтейтін салықтардан басқалары), сондай-ақ тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстар және объектіні сатып алумен тікелей байланысты шығыстар жатады. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да осындай баптар сатып алуға жұмсалған шығындарды анықтаған кезде шегеріп тасталады.

Қайта өңдеуге жұмсалған шығын

12. Босалқыларды қайта өңдеу шығындарына еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар сияқты өнім бірліктерімен тікелей байланысты шығындар кіреді. Сонымен қоса оларға шикізаттан дайын өнім жасап шығару кезінде орын алған тұрақты және ауыспалы үстеме өндірістік шығыстарды жүйелі түрде бөлу кіреді. Тұрақты үстеме өндірістік шығыстар амортизация мен үйлерге қызмет көрсету және жабдықтар мен әкімшілік-басқару шығыстары сияқты өндіріс көлемінен тәуелсіз салыстыра алғанда өзгеріссіз болып қалатын жанама өндірістік шығындар болып табылады. Ауыспалы үстеме өндірістік шығыстар шикізаттың жанама шығындары мен еңбектің жанама шығындары сияқты өндіріс көлемінің өзгеруінен тікелей немесе тікелей дерлік тәуелді жанама өндірістік шығыстар болып табылады.

13. Тұрақты және үстеме өндірістік шығыстарды қайта өңдеу бойынша шығындарға бөлу қалыпты жағдайда жұмыс істеу барысында ұйымның өндірістік қуаттылығына негізделеді. Қалыпты өндірістік қуаттылық - жоспарлы техникалық қызмет көрсету нәтижесінде қуат ысырабын есепке ала отырып, істің қалыпты орындалуы барысында жұмыстың бірнеше кезең немесе мезгілінде орташа көрсеткіштер негізінде есептелетін өндірістің күтілетін көлемі. Өндірістің нақты деңгейі қалыпты жағдайдағы қуаттылыққа жуық мәнде сәйкес келгенде ғана пайдаланыла алады. Өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы өндіріс деңгейінің төмендеуі немесе ұйымның тоқтап қалуы салдарынан өспейді. Бөлінбеген үстеме шығыстар оның пайда болуы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылады. Өндіріс деңгейі ерекше жоғары болған кезеңде өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы босалқылар өзіндік құнынан жоғары бағаланбайтын мөлшерде азаяды. Өндірістік қуаттылықты шын мәмінде пайдалану негізінде ауыспалы өндірістік үстеме шығыстар өнімнің әрбір бірлігіне жатқызылады.

14. Өндірістік процесс нәтижесінде бір мезгілде көп өнім шығарылуы мүмкін. Мысалы, бұл бұйымды бірігіп шығару жағдайында, немесе негізгі өнімнің өндірісі қосымша өнімді өндірумен қатар жүріп отырған жағдайда болады. Әрбір өнімге жұмсалған шығындарды бөлек анықтай алмаған жағдайда, оларды өнімдердің арасында теңбе-тең және бір ізді бөледі. Бөлу, мысалы, не өндіріс процесі кезеңінде өнімдер ұқсас болғанда, не дайын өнім шығарылған кезде анықталатын әрбір өнімді сатудың салыстыра алғандағы құнына негізделуі мүмкін. Қосалқы өнімдердің көбісі табиғатынан мардымсыз. Осындай жағдайларда оларды көбінесе сатудың ықтимал таза бағасы бойынша бағалайды және бұл шама негізгі өнімнің өзіндік құнынан шегеріледі. Нәтижесінде негізгі өнімнің баланстық құны оның өзіндік құнынан аз ғана ерекшеленеді.