- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •Қолданылу саласы
- •Бизнесті біріктіруді бірегейлендіру
- •Есепке алу әдісі
- •14 Барлық бизнес бірлестіктері сатып алу әдісін қолдана отырып, есепке алынады.
- •Сатып алу әдісін қолдану
- •Сатып алушы ұйымды бірегейлендіру
- •17 Сатып алушы барлық бизнес бірлестіктері үшін айқындалуы тиіс. Сатып алушы - бірлескен кәсіпорын, ол басқа бірлескен кәсіпорындарға немесе қызмет түрлеріне бақылау жасауды алады.
- •24 Сатып алушы бизнесті біріктіру құнын:
- •37 Сатып алушы сатып алу күнгі бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және сатып алуға арналған кәсіпорынның шартты міндеттемелерін, егер олар осы күні мынадай өлшемдерге жауап беретін:
- •48 Сатып алушы бастапқы танудан кейін 36-параграфқа сәйкес жеке танылған шартты міндеттемелерді өлшеуге тиіс, мыналардың неғұрлым үлкен мәні бойынша:
- •51 Сатып алушы сатып алу күні:
- •54 Сатып алушы бастапқы танудан кейін бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған іскерлік беделді құнсызданудан болған жинақталған шығынды шегеріп тастағандағы оның өзіндік құны бойынша өлшеуі қажет.
- •Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын бизнесті біріктіру
- •Шартты түрде айқындалған бастапқы есепке алу
- •66 Сатып алушы пайдаланушыға оның қаржылық есептілігі:
- •74 Кәсіпорын пайдаланушыларға оның қаржылық есептілігін кезең ішінде іскерлік беделдің баланстық құнындағы өзгерістерді бағалау үшін мүмкіндік беретін ақпаратты ашуға тиіс.
- •Бұрын танылған іскерлік бедел
- •Бұрын танылған теріс іскерлік бедел
- •Бұрын танылған материалдық емес активтер
- •Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын инвестициялар
- •Шектелген ретроспективті қолдану
- •А қосымшасы: Терминдер анықтамасы
- •В қосымшасы: Қолдану бойынша қосымша нұсқаулар
- •Кері сатып алулар
- •Бизнесті біріктіру құнын бөлу
Бұрын танылған теріс іскерлік бедел
81 2004 ж. 31 наурыздан немесе бұл күннен соң басталатын бірінші жылдық кезең басталған сәттегі мыналардан туындайтын теріс іскерлік беделдің баланстық құнын тануды тоқтату қажет:
(а) не келісілген күні 2004 ж. 31 наурыз немесе одан кеш болатын бизнесті біріктірген кезде; не
(b) 2004 жылғы 31 наурызға дейін алынған, не теңбе-тең шоғырландыру әдісін пайдалана отырып есепке алынған бірлесіп бақыланатын кәсіпорынға қатысу үлесі
осы кезеңнің басында, бөлінбеген пайданың бастапқы сальдоны тиісті түзетумен.
Бұрын танылған материалдық емес активтер
82 Материалдық емес актив ретінде жіктелген:
(а) келісілген күні 2004 ж. 31 наурызда болған бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған; немесе
(b) бірлесіп бақыланатын кәсіпорынға қатысу үлесінен туындайтын, 2004 ж. 31 наурызға дейін алынған және теңбе-тең шоғырландыру әдісімен есепке алынған,
егер осы материалдық емес актив көрсетілген күні 38 IAS (2004 ж. редакцияда) бірегейлендіру өлшеміне жауап бермесе, объектінің баланстық құнын 2004 ж. 31 наурыздан немесе бұл күннен соң басталатын бірінші жылдық кезеңнің басында іскерлік бедел ретінде қайта жіктеген жөн.
Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын инвестициялар
83 Үлестік қатысу әдісі қолданыла отырып есепке алынатын және 2004 жылғы 31 наурызда немесе осы күннен кейін сатып алынған инвестициялар үшін кәсіпорын:
(а) осы инвестицияның баланстық құнына кіргізілген сатып алынған іскерлік беделді. Демек, мұндай шартты іскерлік беделдің амортизациясы инвестициялар объектісінің пайдасындағы немесе залалдағы кәсіпорынның үлесін айқындау кезінде есепке алынбауы тиіс;
(b) инвестицияның баланстық құнына кіргізілген, инвестициялар объектісінің бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің таза әділ құнындағы кәсіпорын үлесінің осы инвестицияның нақты құнынан асып кетуін есепке алған кезде осы Стандартты қолданғаны жөн. Демек кәсіпорын мұндай асып түсуді осы инвестиция алынған кезеңде инвестиция объектісінің пайдаларындағы немесе залалындағы кәсіпорынның үлесін анықтау кезінде табыс ретінде енгізуге тиіс.
84 Үлестік қатысу әдісі қолданыла отырып есепке алынатын және 2004 ж. 31 наурызға дейін сатып алынған инвестициялар үшін:
(а) кәсіпорын осы Стандарт бұл инвестициялардың баланстық құнына 2004 ж. 31 наурыздан немесе бұл күннен соң басталатын бірінші жылдық кезең басталған сәттен бастап болашаққа арналған негізде енгізілген сатып алынған іскерлік беделге қолданғаны жөн. Демек, кәсіпорын көрсетілген күннен бастап инвестициялар объектісінің пайдасындағы немесе залалындағы үлесін айқындаған кезде мұндай іскерлік бедел амортизациясын енгізуді тоқтатқаны жөн;
(b) кәсіпорын 2004 ж. 31 наурыздан немесе бұл күннен соң басталатын бірінші жылдық кезең басталған сәтте бөлінбеген табыстың бастапқы сальдосына тиісті түзетумен мұндай инвестициялардың баланстық құнына кіргізілген теріс іскерлік беделді тануды тоқтатқаны жөн.
Шектелген ретроспективті қолдану
85 Кәсіпорынға мынадай жағдайларда 78-84-параграфтарда белгіленген, немесе кейінірек сатып алынған немесе осы күнге дейін жасалған бизнес бірлестіктеріне, күшіне енген күнге дейін қолданылған іскерлік беделге осы Стандарт талаптарын қолдануға рұқсат етіледі:
(а) осы бірлестіктер бастапқы есепке алынған кезде алынған Стандарт өткен бизнес бірлестіктеріне қолдану үшін қажетті бағалау және басқа да ақпарат; және
(b) кәсіпорын сондай-ақ 36 IAS (2004 ж. редакцияда) және 38 IAS (2004 ж. редакцияда) перспективті түрде сол күннен бастап қолданады, ал кәсіпорын бұрын алған бұл Стандарттарды осы күннен бастап қолдану үшін қажетті бағалау және басқа да ақпаратты алдыңғы күнге жасау талап етілуі ықтимал есеп айырысу үшін бағалауды айқындау кезінде қажет болмайды.
БАСҚА ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТУ
86 Осы Стандарт 22-«Бизнес бірлестіктері» IAS (1998 ж. редакцияда) орнына қолданылады.
87 Осы Стандарт мынадай түсіндірмелердің орнына қолданылады:
(а) 9-«Бизнес бірлестіктері - мүдделерді сатып алу немесе біріктіру ретінде жіктеу» ТТК;
(b) 22-«Бизнес бірлестіктері - әділ құнды немесе бастапқы көрсетілген іскерлік беделді кейінгі түзету» ТТК; және
(c) 28-«Бизнес бірлестіктері - «айырбастау күні» және үлестік құралдардың әділ құны» ТТК.
