Тану және бағалАу
Есепті күннен кейінгі түзетілетін оқиғалар
8. Ұйым есепті күннен кейінгі түзетілетін оқиғаларды көрсету үшін оның қаржы есептілігінде танылған соманы түзетуге міндетті.
9. Төменде ұйым не бұрын қаржы есептілігінде танылған сомаларды түзету арқылы, не есепке алу объектілерінің есептілігінде танылмаған баптарды тану арқылы ескеруге міндетті болатын, есепті күннен кейінгі түзетілетін оқиғалардың мысалдары келтіріліп отыр:
(а) ұйымда есепті күні міндеттемесінің болуын растайтын сот ісі бойынша есепті күннен кейін шешім шығару. Ұйым 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IAS сәйкес осы сот ісіне қатысты бұрын танылған кез келген бағалау міндеттемесін түзетеді. Ұйым сот ісі бойынша шешім шығару нәтижесінде 37 IAS Халықаралық стандартының 16-параграфына сәйкес қарастырылатын қосымша куәліктердің пайда болуы негізінде жаңа шартты міндеттемемен шектелмейді.
(b) есепті күннен кейінгі не есепті күні болған активтің құнсыздануы туралы, не есептілікте осы активтің құнсыздануынан шеккен бұрын танылған залалды түзету қажеттілігі туралы дәлелдейтін ақпаратты алу. Мысалы:
(і) сатып алушының есепті күннен кейін болған банкротқа ұшырауы әдетте есепті негізгі қызмет бойынша дебиторлық берешек бойынша залалдың болуын және ұйымның осы дебиторлық берешектің баланстық құнын түзету қажеттігін дәлелдейді;
және
(іі) босалқыларды сату есепті күннен кейін осы босалқыларды сатудың есепті күнгі жай-күйі бойынша ықтимал таза құнының растамасы болып табылуы мүмкін.
(с) есепті күнге дейін сатып алынған активтердің құнын немесе есепті күнге дейін сатылған активтердің құнын есепті күннен кейін анықтау.
(d) егер есепті күні ұйымда есепті күнге дейін заңды міндеттемесі немесе болған оқиғалармен байланысты осындай төлем жасау міндеттемесі болса, пайдаға немесе сыйлықақыға қатысу жоспарлары бойынша төлемдер деңгейін есепті күннен кейін анықтау (19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS қараңыз).
(e) қаржы есептілігінің бұрмаланғанын растайтын алаяқтық немесе қателіктер фактісінің анықталуы.
Есепті күннен кейінгі түзетілмейтін оқиғалар
10. Ұйым есепті күннен кейінгі түзетілмейтін оқиғалардың салдарын көрсету үшін оның қаржы есептілігінде танылған соманы түзетуге құқылы емес.
11. Есепті күннен кейін болған түзетілмейтін оқиғалардың мысалы есепті күн мен қаржы есептілігін шығару үшін бекіту күні арасындағы инвестициялардың нарықтық құнының төмендеуі болып табылады. Нарықтық құнның төмендеуі, әдетте, инвестициялардың есепті күнгі жай-күйіне байланысты болмайды, салдарынан туындайтын жағдайды көрсетеді. Сондықтан ұйым осындай инвестициялар оның қаржы есептілігінде танылған соманы түзетпейді. Ұйым осыған ұқсас түрде 21-параграфқа сәйкес қосымша ақпаратты ашуына тура келуі мүмкін болса да, есепті күнгі қаржы есептілігінде ашылған инвестициялар мөлшері туралы ақпаратты жаңартпайды.
Дивидендтер
12. Егер ұйым есепті күннен кейін үлестік құралдардың иелеріне дивидендтер туралы хабарласа (32-«Қаржы құралдары – ақпаратты ашу және беру» IAS Стандартының анықтамасына сәйкес), ол осы дивидендтерді есепті күнгі міндеттеме ретінде тануға құқылы емес.
13. Егер дивидендтер есепті күнге дейін, бірақ қаржы есептілігі шығару үшін бекітілгенге дейін жарияланса (яғни, тиісті түрде бекітілген және ұйымның қалауының мәні болып табылмайды), онда осы дивидендтер есепті күнгі міндеттемелер ретінде тануға жатпайды, себебі 37 IAS Халықаралық стандартындағы міндеттердің критерийлерін қанағаттандырмайды. Осындай дивидендтер туралы ақпарат 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS стандартына сәйкес қаржы есептілігінің ескертулерінде ашылады.
