Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 зертханалык алг и прг.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
96 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  • Шартты оператор деген не?

  • Шартты операторлардың формалары және олардың жазылу үлгілері қандай?

  • Құрама шарт деген не, олар қалай жазылады ?

  • Құрама оператор деген не және олардың жазылуы қандай?

  • Егер шарт орындалмаса және программада else сөзі болмаса басқару қайда жіберіледі?

  • Шарттың нәтижесі қандай мәндер болады?

  • Квадрат теңдеу шешудегі шарттар қандай?

Зертханалық жұмыс №7-8

Тақырыбы: Таңдау операторы

Мақсаты: Паскаль тіліндегі таңдау операторының жазылу үлгісін білу және оны программа құруда қолдана білу дағдысына үйрету .

Жаттығулар:

  • Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:

  1. Берілген сынып нөміріне байланысты оларды төменгі, ортаңғы және жоғарғы сыныптың біріне жатқызатын программа құрыңдар.

  2. Ай нөмірі бойынша сол айдағы мейрам күндерін экранға шығаратын программа құрыңдар.

  3. (Мысалы: n=1 1-қаңтар Жаңа жыл мейрамы, n=3 8-наурыз Аналар мейрамы, 22-наурыз Наурыз мейрамы)

  4. Қаладағы мектеп нөміріне байланысты ол орналасқан аудан атауын экранға шығаратын программа құрыңдар.

  5. Берілген факультет нөмірі бойынша факультет атауын шығаратын программа құрыңдар.

  6. Ертегідегі “Оңға жүрсең- атыңнан айрыласың, солға жүрсең- ажал табасың, тіке жүрсең- дос табасың” әрекеттерінен таңдау жасау программасын құрыңдар. (таңдау шарты: оңға- “о”, солға- “с”, тіке- “т”)

  7. Ай нөміріне сәйкес сол айдағы күн санын шығарыңдар.

  8. Апта күні нөміріне байланысты, сол күнде болатын сабақ санын шығарыңдар.

  9. 1-ден 4-ке дейін енгізілген натурал санға байланысты “Сәлем n-курс” хабарламасын экранға шығарыңдар (мысал: n=1 болса, “Сәлем 1-курс”.)

  10. Енгізілген жыл мезгілі нөміріне байланысты бұл мезгілге сәйкес ай аттарын шығарыңдар.

  11. 0-ден 9-ға дейінгі енгізілген санға сәйкес оның ағылшынша атауын шығаратын программа құрыңдар.

  12. Санның соңғы цифрына байланысты оның квадратының соңғы цифрын шығарыңдар.

  13. 1-ден 12-ге дейінгі натурал санға сәйкес ай атын шығарыңдар.

  14. Енгізілген адам жасына байланысты оны 4 топқа: мектепке дейінгі, оқушы, қызметкер, зейнеткер бөлетін программа жазыңдар.

  15. Берілген күн мен ай нөмірі бойынша сол күннің жыл басынан санағандағы реттік нөмірін табыңдар.

  16. х,у оң нақты сандар берілген. Оларға орындалатын арифметикалық амалдар былайша нөмірленген: 1-қосу, 2-азайту, 3-көбейту, 4-бөлу. Берілген нөмірге байланысты сәйкес амалды орындайтын программа жазыңдар.

Бақылау сұрақтары:

  • Шартты және таңдау операторының айырмашылығы қандай?

  • Таңдау операторының құрылымы қандай?

  • Таңдау шарты қандай типті мәндерді қабылдамайды?

  • Таңдау операторы қалай жұмыс істейді ?

  • Егер тізімде есептелген мәнге тең тұрақты табылмаса, басқару қайда беріледі?

  • Орындаушы қандай жағдайларда таңдау командасындағы ELSE сөзінен кейін тұрған команданы орындайды?

  • x = 3 үшін төмендегі программа нәтижесі нешеге тең?

Var x:byte; y:real;

begin

case x of

1: y: = sqr(x);

2: y: = sqrt(x);

3: y: = x+1;

4: y: = x-1; end;

writeln(y) end.

  • Программадағы қатені анықтаңдар.

var X: real;

begin

read (X);

case X of

y = sqr (X); y = sqrt (X); y = X + 1; y = X-1; writeln(y) end.