Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзаменационные вопросы по СМиСП каз с ответами...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Idef3 үрдістерді моделдеу әдістемесі

IDEF3 моделдеу методологиясы поцессті құжаттауға және оны графикалық түрде сипаттауға мүмкіндік береді. Ол негізінен осы процесстің орындалу ағымына және олардың арасындағы маңызды обьектілердің байланысына көңіл аударады.

Idef3 2 типте модель ала алады:

  1. модель кейбір процесстердің логикалық тізбектерін бейнелей алады.

  2. Обьек белгілі бір процесс арқылы өту кезінде обьектінің өту күйінің желісін көрсете алуы.

IDEF3 – диаграммаларының көмегімен нақты өмірде кездесетін көптеген сценарилерді талдауға болады. Әрбір осындай сценарии процесстің сипаттамасынан тұруы мүмкін.

Idef3 – модельі келесі элементтерден тұрады:

  1. Жұмыс бірліктері (Unit of Work) - IDEF3 диаграммасының негізгі компоненті, мәні жағынан IDEF0 диаграммаларына жақын.

  2. Байланыстар (Links) – бағдаршамен көрсетілетін байланыстар, жұмыстардың байланысын көрсетеді. IDEF3 – те 3 түрлі байланыс түрі бар:

  1. Алдын – алу (предшествования) байланысы (Precedence) – қабылдағыш жұмысы басталмастан бұрын таратқыш жұмысы аяқталуы керек. Тұтас сызықпен беріледі.

  2. Отношения байланысы (Relational) екі жұмыс арасындағы немесе жұмыс пен обьек арасындағы байланыстарды көрсетеді, үзік сызықпен беріледі.

  3. Обьектілер ағымы (Object Flow) – кейбір обьектілердің екі немесе бірнеше жұмыспен пайдаланылатындығын көрсетеді. Екі жақты бағдаршамен беріледі.

  1. Қиылысулар (Junctions) - IDEF3 диаграммаларында қиылысулар моделденетін процестің логикалық схемаларының тармақталуымен көрсетіледі.

Екі түрлі қиылысу бар:

    1. Слияние қиылысуы (Fan-in Junctions) – көптеген бағдаршаларды біреуге біріктіретін түйіндер.

    2. Тармақталу қиылысуы (Fan-in Junctions) – бір ғана кіретін бағдаршаның тармақталуы, ол қиыслысудан кейін орындалатын жұмыстар паралельді немесе кезекпе – кезек таңдалып орындалатындығын білдіреді.

  1. Сілтеме обьектілері (Referents) – арнайы әдістерді белгілі бір концепциясыз және идеясыз өрнектеу үшін қолданылады.

  1. Rup технологиясы, өңдеу құжаттары, фазалары және аспаптары

Rational Unified Process «Бүгінгі күнде ол ең көп кездесетін әдістемелердің бірі. Ол Rational Software копаниясымен өз өнімдерін қолдау үшін шығарылған, олар оннан көп деп есептелінеді (ең көп кездесетін өнімдеріне - Rational Rose және Requisite Pro жатады). RUP үш атақты адамдармен құрылған - бұлар Гради Буч, Ивар Якобсон және Джеймс Рамбо (Rumbaugh). Олардың барлығы қиын программалық қамтаманы өндеуде үлкен жетістіктерге жеткен адамдар, оны RUP бейнесінен – ақ көруге болады. RUP Итеративтігі, қазіргі заманғы дамыған кез – келген процесс сияқты, ол да итеративті болып табылады. Бұл яғни, құрылатын жоба бірнеше итерациямен орындалатындығын көрсетеді. Әрбір итерация аяғында жұмыс жасайтын өнім версиясын алуға мүмкіндіктер бар, бірақ олардың функционалдығы толық емес. Одан кейін орындалатын итерацияларда функционалдылық толықтырылып отырады да, соңында дайын өнім ала аламыз. Итеративті өнім идеясынның процессін келесі түрде көрсетуге болады (сурет 1, қара).

Сурет. 1.Спиральдің әрбір бөлігі - итерация. Яғни жүйе функционалдығы біртіндеп өсіп отырады.

Итеративті өңдеудің артықшылықтары көп. Релиздердің көп бөлігі өнім сапасына ықпалын тигізеді, олар әрбір итерация сайын тестіленіп отырады. Яғни бастапқы тексерулер жүргізілгеннен кейін-ақ пайдаланушы күткен өнімді алуға мүмкіндіктер бар және өзгертулерді сол кезде енгізуге болады, егер ол қажет болса. Сонымен - қатар, жобаны жоспарлау да оңай, өйткені бірінші итерациядан кейін ақ ол түсінікті болады, және жобаны басқарушы келесі итерацияның аяқталу уақытын да алдын – ала жоспарлауға мүмкіндігі болады. Айта кететін жағдай, RUP-та процесстің итеративтілігін қатесіз жасауға болатындығы айтылмаған. Сондықтан RUP – ты бірінен кейін бірі орындалатын процесс үшін де қолдануға болады, яғни ондағы орындалу қадамдары бірінен-кейін-бірі орындалады, және дайын өнім соңында алынады. Соныдқтан RUP орнатқанда оның итеративтігіне және қатесіз орындалуына көңіл бөліп дұрыс ендіру керек. Пайдаланушы сценариі. Пайдаланушы сценариі (Use Case) – бұл белгілі бір операцияны орындау кезіндегі пайдаланушының әрекеттер тізбегінің сипаттамасы. Мысалы, жаңа құжат ашу үшін пайдаланушы сценариін жазуға болады және т.б. RUP пайдаланушы сценарилерімен басқарылады (немесе прецеденттер). Пайдланушы сценарилері өңдеушілерге жүйе не жасауы және қалай жасауы керек екаедігін нақты айтып отыру мүмкіндік береді. Пайдланушы сценарилері жүйенің функционалдық спецификациясының бөлігі болып табылады. Негізінен мұндай сценарилер программаны өңдеу кезінде тигізетін пайдасы көп, өйткені олар:

  • тапсырыс бершіге және жалпыға түсінікті тіл болып табылады да тапсырыс беруші мен өңдеуші екеуін байланыстырушы бөлім болып табылады;

  • программа жұмысының логикасындағы қателерді бастапқы жұмыс барысында табуға көмектеседі;

  • тапсырыс берушінің программаға деген талаптарын нақты табуға көмектеседі;

  • текстілік сценарилерді жазу үшін интерфейс өңдеушінің базасы болып табылады.

RUP-тағы пайдаланушы сценарилеріне ерекше орын берілген, ол процесс use-case driven деп аталады, яғни пайдланушының басқарушы сценарилері. RUP құрылымы Процесстің төрт фазасы бар: 1.Зерттеу (Inception) 2.Жоспарды нақтылау (Elaboration) 3.Құру (Construction) 4.Ашып қарау (Transition). Әрбір фазадағы негізгі көңіл әртүрлі процесстерге бөлінеді. Зерттеу фазасында талаптарды жинау және талдау жүргізіледі, Жоспарды нақтылау фазасында – жүйені жобалау және талаптарды талдау, құру фазасында - өңдеу және кодтау, ашып қарау фазасында – тестілеу және тарату.