- •1 Объектті-бағытталған жүйелерді тестілеу
- •2 Гибкие технологии: экстремалді жобалау және пқ орындалуының унифицирленген процесі
- •3 Программалық қамтаманы құрастыру процесі
- •4 Талаптарды талдау. Талдау әдістері
- •5 Архитектуралық жобалау. Моделдер, каркастар, паттерлі жобалау және компоненттер.
- •6 Бөлшектік жобалау
- •7 Объектті-бағытталған жоба
- •8 Қолданушы интерфейсін жобалау
- •10 Мұрагерлік дегеніміз не? Мұрагерлік типтері.
- •9 Программалық қамтама модернизациясы және мұрегерленген жүйелер
- •11 Кластың статистикалық және статистикалық емес мүшелерінің арасындағы айырмашылық.
- •12 Енгізілген функция. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •13 Конструкторлар,деструкторлар және мұрагерлік.
- •14 Абстрактілі класс. Полиморфты класс.
- •15 Ассоциативті контейнер мен тізбекті контейнер.
- •16 Архитектура және оның моделі түрлері.
- •17 Полиморфизм дегеніміз не және ол қалай орындалады.
- •18 Параметрлер тізімі мен аргументтер тізімі арасындағы айырмашылықтар
- •19 Таратылған жүйенің негізгі 6 сипаттамасы.
- •20 Объекті – бағытталған жоба процесінің негізгі кезеңдері.
3 Программалық қамтаманы құрастыру процесі
Программалық қамтамаларды (ПҚ) жобалау – бұл өнімділік пен функционалдықты қамтамасыз ететін нақты маңызы бар және көлемі бар қосымшаларды құру процессі. Программалау – ол ПҚ- құру процесінің цикліне кіретін қызмет түрі. Тағы бір қызмет түрі қосымшаны құру процесі артефактарының спецификациялары бейнеленген программалық құжат құру болып табылады.
Артефактар – бұл ПҚ-ны құру процесінде қолданылатын барлық нәрселер. Артефактар жиынына мыналар жатады: ПҚ- ға қойылатын талаптар спецификасы; жобалау моделдері мен диаграммалар; программалық кодтар; тестілік процедуралар мен тестілік нұсқалар; өнімділікті өлшеу нәтижелері; объекттік модульдер; жоспарлар; есеп берулер және т.б.
ПҚ құру технологиясы программалаудың түрлі типтерінен тұрады: автономды, ішкі орнатылған (встроенный), нақты уақыт және жиілік.
ПҚ құру схемасы келесі қадамдардан тұрады:
өнімнің қолданылатын ортасын анықтау;
құру процесін таңдау және жоспар құру;
талаптарды жинау;
өнімді жобалау мен құрастыру;
өнімді тестілеу;
өнімді шығару және сүйемелдеу.
Бірінші қадамда ең алдымен жоба мәнін түсіну қажет. Осы мақсатпен уақыт, қаржы, адамдарды есептеу, бағалау.
Екінші қадамда құжаттар мен программалық кодқа енгізілетін өзгерістерді бағалаумен байланысты құралдарды анықтау қарастырылады. Бұл процесс конфигурацияларды басқару деп атайды. Әрі қарай құру процесін анықтап алу керек, яғни мыналардың біреуін талдау керек:
процестің сарқырамалық моделі;
спиральдік моделі;
инкременттік моделі;
ПҚ- ны құрудың унифицирленген процесі (USDP).
Сонан кейін, әдетте, жобаның жалпы жоспары жасалады. Бұған графикалық жоспар кіреді.
Үшінші қадам қосымшаға талаптарды жинаудан тұрады. Ол өз кезегінде ең алдымен жобаның орындалуына мүдделі тапсырыс беруші мен басқа да қатысушылармен жобаны талқылау.
Келесі қадамда жобалау және орындалуы болады. Программалық өнім соңғы және аралық өнім ретінде тестілеуден өтеді.
Ең соңында өнім дайын болғанда, оны жақсарту мақсатында өзгетулер енгізіп, сүемелдеу фазасы басталады.
Қазіргі таңда ПҚ- ны құру практикасында Хэмфри [13] нақтылап кеткен бес маңызды талап бар: Оның біріншісі - өнім мен жобаның сапасын тексерудің өзіндік өлшем бірлігін алдын-ала таңдау. Екінші талапта болашақ хабарларды бағалау үшін база құру мақсатында ақпарат жинау. Үшіншісінде барлық талаптар, схемалар, программалық кодтар және тестілеу материалдары топтың барлық мүшелеріне оңай қол жетімді болуы тиіс. Ал төртіншісінде топтың барлық мүшелері құрастыру процесінің таңдалған жолымен жүруі керек. Бесінші талапта таңдалған сапа көрсеткіштері әрдайым өлшеніп отыруы керек және осы өлшемдер тіркеліп отыруы керек.
Кез-келген программалық жобаның мақсаты бағдарламаның өнім шығару болып табылады. Осы жоба шеңберінде өнімнің жасалуы – процесс болып табылады. Топтың барлық мүшелерінің өзара іс-қимылы табысты болуы жобаға әсер ететіндіктен персоналды қосу керек.
Құрастыру өнімі түсінігіне программалық код қана емес, сонымен қоса әртүрлі артефактар қатысты. Одан басқа құрастыру процесте USDP-де жұмысшылар (workers деп аталатын) әртүрлі ролдерді ойнайды.
ПҚ құрастыру технологиясында әдістерді, құралдарды және процедураларды қарастырады.
Әдістер келесі тапсырмалардың шешімін қамтамасыз етеді:
Жобаны жоспарлау мен бағалау;
Жүйелік және қолданушылық талаптарды талдау;
Сценарийлерді, берілгендердің құрылымдары мен ағымдарын жобалау;
Кодтау;
Тестілеу;
Сүйемелдеу.
Құралдар(утилиттер) - әдістердің компьютерлік қолдауын қамтамасыз етеді.
Процедуралар технологиялық байланыстарды қамтамасыз ететін әдістер мен құралдарды біріктіретін желім болып табылады.
Процедура мыналарды анықтайды:
әдістер мен утилиттердің қолдану тәртібі;
есеп беруді қалыптастыру, талаптарға сәйкес формаларды қалыптастыру;
өзгерістерді бағалауға және сапаны қамтамасыз ететін басқару;
жетекші прогрессті бақылайтын белгілерді қалыптастыру.
Әдістерді, утилиттерді және процедураларды қолданатын қадамдар тізбегін ПҚ инженериясының парадигмалары деп аталады. Парадигмаларды қолдану ПҚ қолдану және сүйемелдеу кезінде белгілі бір жүйелік тәртіпті ПҚ құруға кепілдік береді. Шын мәнінде парадигма ПҚ- ның құрылуына инженерлік бастама болып табылады.
