- •050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған
- •Әдістемелік нұсқау
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі с.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
- •050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған
- •Әдістемелік нұсқау
- •1 Жалпы қағидалар
- •2 Диплом жүмысының тақырыбына қойылатын талаптар
- •3 Диплом жұмыстың жазылу барысына қойылатын талаптар
- •5 Диплом жұмысын қорғауға ұсыну талаптары
- •6 Диплом жұмысын қорғау тәртібі
- •4 Диплом жұмысын безендендіру
2 Диплом жүмысының тақырыбына қойылатын талаптар
Жоғары оқу орнындағы бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы диплом жұмыстары тақырыптарының тізімін жыл сайын өңдеп және оларды жүйелі түрде жаңартып отырады. Бухгалтерлік есептің әдістемесі мен үйымдастырьшуына, аудитор-лық тексеруге, шаруашылықтың қаржылық қызметін талдауға қатысты, ең актуалды сұрақтар тақырыптар тізіміне енеді.
Студент берілген тақырыптар ішінен бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша жоғары оқу орнында алған білімін және қабілетін толықтай пайдалана отырып, мәнділігі жағынан өзін қызықтыратын, оны орындау барысында ынтасын арттыратын кез-келгенін тақырыпты таңдауына құқылы. Сондай-ақ студенттің ғылыми жетекшісімен келісе отырып алдын-ала мақсатын және жоспарын аңықтап алған тақырыбын таңдауына құқысы бар. Егер студенттің таңдаған тақырыбы кафедра бекіткен диплом жұмысы тақырыптарының тізіміне сәйкес келсе, онда ол студенттің атына бекітіліп беріледі.
Бірақ та екі немесе одан да артық студенттердің бір шаруашылық субъектінің материалдары негізінде бірдей тақырыпқа диплом жұмысын жазуларына рұқсат етілмейді.
Студенттің атына таңдаған диплом жұмысы тақырыбының бекітілуі, оның өз атынан кафедра меңгерушісіне жазған өтініші негізінде жүзеге асады (А қосымшада өтініштің үлгісі көрсетілген). Осы аталған өтініштер негізінде кафедра, студенттердің атына тақырыптарды бекіту туралы және ғылыми жетекшілерді тағайындау туралы бұйрықтың жобасын дайындайды және оқу - әдістемелік бөліміне бұйрық шығаруға жібереді.
Диплом жұмысының тақырыбын бекіту туралы бұйрық шыққан соң студент, диплом жұмысының жоспарын құрады және оны ғылыми жетекшісіне тапсырады. Диплом жұмысының жетекшісі қажет болған жағдайда студентпен бірге жоспарға түзетулер еңгізеді. Практика аяқталғаннан кейін екі аптадан кешікпей жоспарды кафедра меңгерушісіне бекітуге береді. Жоспар бекітілген соң оның бір данасы кафедрада қалдырылады да, ал екінші данасы диплом жұмысын орындаушыға беріледі. Бөлек тақырыптар бойынша үлгі жоспарлар Б қосымшасында қөрсетілген.
3 Диплом жұмыстың жазылу барысына қойылатын талаптар
Тағайындалған ғылыми жетекші диплом жұмысының жазылу барысында тікелей басшылық жасап және оның тұрақты түрде орындалуы мен дайындалуын бақылап отырады. Диплом жазушы студент ғылыми жетекшісіне диплом жұмысының орындалуы барысы туралы белгіленген уақыт аралығында есеп беріп отырады.
Ғылыми жетекші диплом жазушыға диплом жұмысының мазмүны бойынша және жұмысты сапалы орындау (оформление) туралы кеңес береді. Сондай - ақ кафедра отырысында диплом жұмысының жазылу барысы туралы кафедра мүшелері алдында ақпарат беріп отыруы тиіс.
Диплом жұмысы мазмұнының негізгі болып, тандалынып алынған тақырыпты зерттеу бойынша сұрақтардарды оқып білудің нәтижесі саналынады. Жалпы материалдар қысқаша баяндалып жақсы редакцияланған және жеңіл оқылатындай болуы қажет. Сөздердің және атаулардың қысқартылуына жол берілмейді.
Кез келген диплом жұмысы үшін міндетті болып табылатын құжаттар, регистрлер және диаграммалар қосымшада көрсету қажет. Жұмыстың мәтінінде қажет жағдайда олардың бөліктері көрсетілуі мүмкін. Сандық мәліметтер кесте арқылы көрініс табуы керек.
Диплом жұмысының барлық тараулары және бөлімдері
Кіріспеде тақырыпты таңдауы, оның ғылыми және тэжірибе жағынан көкейтестісі, диплом жұмысының мақсаттары және міндеттері, зерттеудің пәні, ақпарат көздері дәлелденеді. Осында қазіргі жағдайдағы бухгалтерлік есеп және аудиттің мәні көрсетіледі (3-5 бет).
Диплом жұмысының бірінші бөлімі зерттелінетін тақырыптың теориялық және ғылыми негіздерінің қазіргі жағдайы ашып көрсетіледі (20-25 бет).
Диплом жұмысының бірінші бөлімі шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есебінің бір бөлімін, яғни диплом жұмысы тақырыбының ұйымдастырылуын зерттеу нәтижелерін баяндаудан тұрады. Мысалы: негізгі құралдардың есебі, материалды емес активтердің есебі, тауарлы - материалдық қорлардың есебі, еңбеқ ақы есебі, дайын өнімнің есебі және т.б. Сондай-ақ, осы бөлімде зерттелінетін есеп бөлімінің аудитінің теориялық аспектілері және мазмұны көрсетіледі.
Екінші бөлімі зерттеу объектісінің қаржы-шаруагылық іс-әрекетін талдаудан, оның есептік саясатын бейнелеуден тұрады. Талданатын мерзім үшін субъектінің қатар екі күнтізбелік жылдағы мәліметтерінің алынуы дұрыс болып табылады. Бұл бөлімнің соңында жүргізілген талдаудың нәтижесі қорытындыланып, субъекті үшін тиімді болып табылатын ұсыныстар берілуі керек.
Диплом жұмысының үшінші бөлімінде әдетте таңдаған есеп учаскесінің аудиті немесе талдауына арналған. Мұнда келесі сұрақтар қарастырылған: ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі; аудит бағдарламасы; маңыздылығы бойынша аудиторлық процедуралар, аналитикалық процедуралар және табылған кемшіліктер мен оларды жою туралы ұсыныстар бойынша аудиторлық есепті рәсімдеу.
Қорытынды бөлім, жұмыста көрініс тапқан корытындылар мен ұсыныстардың жинақталған және бір - бірімен байланысты көрінісінен құралуы тиіс. Бұл бөлім мәні жағынан диплом жұмысын жазу үшін материалдары пайдаланылған субъектінің алдағы уақыттарда жоғары тиімділікке қол жеткізуі үшін бухгалтерлік есепті, аудитты, сондай-ақ басқарушылық және қаржылық талдауды ұйымдастырып жүргізуі үшін студенттің ұсынған нақты тұжырымдамалары мен ұсыныстарынан қысқаша баяндалады. Сонымен қатар қорытынды бөлімде студенттің диплом жұмысын қорғау кезінде Мемлекеттік аттестациялық комиссия алдында айтатын «Базалық кәсіпорынға ұсыныстар» жазылуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі «Қорытынды» бөлімнен кейін тіркеліп жазылады. Онда дипломдық жұмысты жазу үшін пайдаланылған барлық көздердің тізімі көрсетіледі. Оларды мәтінде айтуы бойынша келтіру қажет.
Пайдалынған әдебиеттер тізімінен кейін диплом жұмысын жазушының қолы қойылып және орындалған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіледі.
Диплом жұмысына тіркелетін қосымша оның міндетті бөліктерінің бірі болып табылады. Қосымшалардың құрамына мыналар жатқызылады:
Жұмыс барысында пайдаланылған алғашқы есеп құжаттары, қорытынды мәліметтері және жиынтық көрсеткіштері бар есеп регистрлері;
шаруашылық субъектінің жылдық қорытынды есеп формалары, өндірістік технологиясын мінездейтін схемалар мен диаграммалар.
