- •«Ақпараттық жүйе негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •1. Глоссарий
- •1. Глоссарий
- •2. Дәрістер
- •Ақпараттық жүйелердің даму сатылары
- •Жүйелер теориясының есептері
- •Қысқаша тарихи анықтама
- •Ақпараттық жүйелердегі процестер
- •Ақпараттық жүйелерді ендіруден нені күтуге болады
- •Жүйелер теориясының терминологиясы
- •Дәріс №2. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
- •Ақпараттық жүйелерінің түсінігі
- •Жүйелік анализ
- •Дәріс №3. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
- •Аж сипаттаудың сапалық және сандық әдістері
- •Кибернетикалық жағынан жақындау
- •Аж динамикалық сипаттау. Аж каноникалық түрде сипаттау. Аж агрегаттық сипатталуы
- •Кіріс пен шығыс операторлары
- •Агрегат кездейсоқ үрдіс ретінде
- •Жүйелерді зерттеу нәтижелерін нысандандыру
- •Ақпараттық қамтамасыз ету
- •Есептерді макро- және микро- деңгейлерде қою және алгоритмдеу әдістемесі
- •Ақпараттық жүйелер құрылымын синтездеу әдістері
- •Дәріс №8. Ақпараттық үрдістер – ақпараттық жүйелерінің негіздері. Ақпараттық үрдістердің құрылымы мен түсінігі
- •Сигналдың математикалық моделдері
- •Детерминделген сигналдардың жиілік түрінде берілуі
- •Дискреттеу тәсілдерді жіктеу
- •Уақыт бойынша дискреттеу
- •Котельниковтың теоремасы бойынша санау дәлділігін таңдау
- •Деңгейлік бойынша кванттау
- •Ақпаратты өлшеу
- •Бұл жағдайда алынған ақпарат саны Нpr (априорды) тәжірибеге дейін және Нps (апостериорды) тәжірибеден кейін өлшем анықсыздығының айырымы теңестіріледі.
- •Үзіліссіз және дискретті байланыс арналарының модельдері
- •Үзіліссіз және дискретті байланыс арналарының өту қабілеті
- •Ақпараттан айырылу бағасы
- •Ақпараттың артықтығы туралы түсінік
- •Кодтау теориясының жалпы түсініктері
- •Бөгетке қарсы кодтау
- •Аналогты-кодтық түрлендіргіштер
- •Нақтылыққа тексеретін код
- •Тиімді кодтау
- •3. Практикалық сабақтар
- •Ақпараттық жүйелерді ендіруден нені күтуге болады
- •4. Студенттің өздік жұмысы
2. Дәрістер
Дәріс сабағының құрылымы:
1 апта
Дәріс №1. АЖ ТҮСІНІГІ
Дәріс жоспары:
АЖ түсінігі
Ақпараттық жүйелердің даму сатылары
Ақпараттық жүйелердегі процестер
АЖ түсінігі
«Ақпараттық жүйелерінің негізі» курсында ақпараттық үрдістердің негізгі модельдерімен танысу, ақпараттық үрдістерді физикалық және арна деңгейінде ұйымдастыру, әр түрлі ақпараттық жүйелерді құрастырудың қазіргі әдістері мен модельдері қарастырылады.
Пәннің мақсаты әртүрлі класты және әртүрлі міндет атқаратын ақпараттық жүйелерді құру бағытында модельдер мен әдістерлі жасаудың арнайы білімдерін қалыптастыру болып табылады.
Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету негізіне біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді.
Мысал. Әр түрлі элементтерден тұратын бірнеше жүйелерді қарастырайық.
1-кесте
Жүйе |
Жүйе элементтері |
Жүйенің басты мақсаты |
Фирма |
Адамдар, құрал-жабдықтар, материалдар, ғимараттар және т.б. |
Тауарларды өңдіру |
Компьютер |
Электрондық және электромеханикалық элементтер, байланыс линиялары және т.б. |
Мәліметтерді өңдеу |
Телекоммуникациялық жүйе |
Компьютерлер, модемдер, кабельдер, желілік программалық қамтамасыз ету және т.б. |
Ақпаратты беру |
Ақпараттық жүйе |
Компьютерлер, компьютерлік желілер, адамдар, аппараттық және программалық қамтамасыз ету |
Профессионалды ақпаратты өндіру |
«Жүйе» түсінігіне «ақпараттық» сөзінің қосылуы оның құрылу және жұмыс істеу мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйелер есептерді шешуде шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді анализдеуге және жаңа өнімдер құруға көмектеседі.
Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.
Ақпараттық жүйенің қазіргі түсінігі дербес компьютердің ақпараттарды қайта өңдеудің негізгі техникалық әдістері ретінде пайдалануды қамтамасыз етеді. Ірі өндірістерде дербес компьютерлермен қатар ақпараттық жүйенің техникалық қоры құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ кіреді.
Ақпараттық жүйелердің даму сатылары
Бірінші ақпараттық жүйелер 50-ші жж. пайда болды. Бұл жылдары олар есептерді өңдеуге және еңбек ақыны есептеуге арналған болатын.
60-шы жылдар ақпараттық жүйелерге деген көзқарастың өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл жылдары алынған ақпарат көптеген пара
метрлері бойынша периодтық есеп беру үшін қолданыла бастады. Ол үшін көптеген функцияларға қызмет көрсете алатын мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық қажет болды.
70-ші жж. мен 80-ші жж. басында ақпараттық жүйелер шешім қабылдау процесін жеделдететін және қолдайтын басқарушы бақылауының әдісі ретінде кеңінен пайдалана бастады.
80-ші жж. аяғында ақпараттық жүйелерді пайдалану концепциясы тағы да өзгеріске ұшырады. Бұл кезеңнің ақпараттық жүйелері дер кезінде ақпаратты беру арқылы өндірістерге табыс әкелуге, тауарлар мен қызметтер құруға, өтімділіктің жаңа нарығын табуғы, өзіне теңдес серікті қамтамасыз етуге, төмен бағамен өнімді шығаруды қамтамасыз ету және т.б. көмектесті.
