Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мет указ 2 каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760 Кб
Скачать
☆

6. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Палаталық медбике көмекшісінің» оқу-өндірістік тәжербиесі бағдарлама мазмұны

              1. Медбикелік процесс, палаталық медбике жұмысын ұйымдастыру.

Бөлімше құрамы және оның жұмысын ұйымдастыру. Палаталық

медбикенің қызмет бабындағы міндеттері. Медицина қызметкерлерінің жұмыс орнына, сыртқы түріне қойылатын талаптар. Кезекшілікті қабылдау, тапсыру.

жасау. Бөлімшенің медициналық құжаттары. Тағайындау беттерімен атқарылатын жұмыс.

              1. Дәрілік заттармен жұмыс жасау.

Дәрілік заттармен жұмыс жасау ережелері. Бөлімшеде дәрілердің

сақталуы. Есеп беру құжаттары: дәрілерді жою ережелері.

              1. Дәрілерді енгізу. Дәрілерді энтеральды және тері арқылы сырттан енгізу жолдары. Тері ішіне, тері астына, және көк тамырға дәрілерді енгізу.

Энтеральды жолмен ішілетін дәрі түрлері: түймедақтар (таблеткалар), ұнтақтар, тамшылар, капсулалар. Сублингвальды қолданылатын дәрілер. Дәрілік заттарды сырттай және ингаляциялық жолмен қолдану. Дәрілерді сырттан тері арқылы, мұрын, ауыз арқылы ингаляция әдісімен қолдану тәсілдері.

Компресс, сырттай дәрі тарту (примочки), сылап жағатын дәрілер. Көзге, құлаққа, мұрынға тамызу ережелері. Майлы дәрілерді қабақ астына енгізу.

Ректальды суппозиторийлар және дәрілік клизмалар. Дәрілерді вагинальді суппозиторий, дәрілік тампон түрінде пайдалану. Тампондарды алу.

Дәрілерді парентеральды жолмен енгізу. Шприц құрамы. Егетін инелер. Шприцпен ампуладан, флаконнан дәріні алу. Ұнтақ түріндегі антибиотиктерді еріту. Қосымша әсерлері.

Тері ішіне және тері астына егу: мақсаты, орындау техникасы. Осы жолдармен егілетін дәрі көлемдері. Егілу сапасын бақылау. Тері астына егетін ыңғайлы жерлер.

Бұлшық етке егу. Мақсаты, артықшылығы, егетін жерлер. Бұлшық етке егу техникасы. Иненің бұлшық етте тұрғанын бақылау. Дәріні енгізу жылдамдығы. Егу кезіндегі аспетика ережелері. Майлы ертінділерді егу және майлы ертінділерден соң шприцті, инелерді тазарту ерекшеліктері.

4. Пациенттерді лабораториялық тексерулерге дайындау.

Қанды тексеруге пациенттерді дайындау. Биохимиялық, иммунологиялық, радиоизотопты тексерулерге қан алу. Зәрдің жалпы зерттеуіне, Нечипоренко, Зимницкий сынамаларымен зәрді зерттеуге жинау ережелері. Ұлы дәретті эерттеуге алу ережелері. Қақырықты жинау ережелері. Мұрыннан, көмекейден жұғынды алу.

5. Пациенттерді аспапты тексерулерге (рентгенологиялық, эндоскопиялық және ультрадыбысты тексерулерге, ЭКГ, спирография) дайындау.

Ауруларды рентгендік, эндоскопиялық, ультрадыбыстық тексерулерге дайындау ершеліктері. Электрокардиография: жазу техникасы. Спирография.

6. Пациенттерді зондтау тексерулеріне дайындау.

Емдеу не диагностикалық мақсаттармен пациенттерді зондтауға әзірлеу.

Асқазанды жуу. Зондтау техникасы және әдісі. Дамуы мүмкін асқынулары, сақтану жолдары.

7. Пациенттерді дайындау және клизма беру.

Тазарту және сифонды клизма беру көрсеткіштері және кері

көрсеткіштері. Құрал-жабдықтары. Өткізу әдістері. Майлы, гипертониялық, дәрілік клизмалар. Іштен жел шығаратын түтіктерді пайдалану көрсеткіштері және кері көрсеткіштері. Құрал-жабдықтары. Өткізу әдістері. Аспаптарды тазалау.

8. Дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету.

Шұғыл жағдайлар диагностикасы және дәрігерге дейінгі көмек:

    • жүрек тұсы ауырғанда,

    • гипертониялық кризде,

    • өкпе шеменінде

    • жедел іш ауырғанда

    • алкоголь суррогаттары, иіс тию, қышқылдар, сілтілермен улануларда.