- •Силлабус Патологиялық анатомия - 1 бойынша
- •1.7 Кафедра оқытушылары туралы мәлімет:
- •1.8 Байланыс мәліметтері:
- •1.9. Пән саясаты:
- •2.2 Пәннің мақсаты
- •2.3 Пәннің міндеттері
- •2.4 Оқудың қорытынды нәтижелері
- •2.7.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •2.7.2. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары.
- •2.7.3 Ұстаздардың кеңес беру уақыты:
- •2.8. Студенттің өз бетінше жасайтын жұмыстарының тақырыптық жоспары (сөж)
- •2.9 Ұсынылатын әдебиеттер
- •2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
- •Макропрепараттарды зерттеуі мен суреттелуінің алгоритмі
- •Микропрепараттарды зерттеу мен суреттеудің алгоритмі
1.8 Байланыс мәліметтері:
Астана қаласы
Сары-Арка көшесі 33
«АМУ» АҚ
Патологиялық анатомия кафедрасы, тел. 8-717-2-237554
Оқу пәнінің жүргізілетін орны және уақыты
Патологиялық анатомия бойынша сабақтар Сары-Арка көшесі, 33үй мекен-жайында орналасқан «АМУ» АҚ оқу корпусының 3 қабатында, сонымен қатар Астана қаласының «Патологоанатомиялық бюросының» негізінде өткізіледі.
1.9. Пән саясаты:
Кафедраның жалпы талаптары (оқу пәнінің саясаты)
Бірінші сабаққа студент өзімен дәріске арналған бір қалың дәптер, тәжірибелік сабаққа арналған альбом, түрлі түсті қалам, халат, медициналық қалпақ, ауысымдық аяқ киім әкелуі міндетті.
Кафедраның негізгі талаптарының бірі студенттің ұстазбен қөзіндік жұмыстарына және тәжірибелік сабақтарға жүйелі қатысу. Себепсіз жіберілген сабақтар ақылы түрде өтеледі.
Сабаққа 15 минут кешіккен студент сабаққа кіргізілмейді, және оны себепсіз жіберген сабақ ретінде ақылы түрде өтейді.
Университеттің мүлкіне нұқсан келтірген жағдайда ( аудитория столы, орындықтар, макрорпрепараттар, микропрепараттар, микроскоп және т.б.) сәйкес көлемде айып пұл төленеді. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда: ұялы телефонмен қолдануға, сабақтан тыс тақырыпқа әңгімелесуге тиым салынады.
Емтихан түрінде өтетін білімді қорытынды бағалауға 2 кредитті аяқтаған және тәжірибелік сабақтар, СҰӨЖ, СӨЖ бойынша қарыздары жоқ студенттер жіберіледі.
Айып шаралары:
Студенттің аралық бақылауларды дер кезінде өткізбегені үшін және әр
бір жіберген тәжірибелік сабақтар үшін қорытынды рейтинг балы 1% пайызға төмендетіледі.
Егер студентттің рейтингі қорытынды бақылауға дейін 50% пайыздан
кем болса, студент пән бойынша емтиханға жіберілмейді, және пән бойынша ақылы қайта оқу курсын өтеді.
Емтиханнан қанағаттанарлық емес баға алып, оқушының пән бойынша жалпы бағасы «қанағаттанарлық» бағаға жетпей қалған жағдайда, студент пән бойынша академиялық қарыздары бар деп саналады да ақылы негізде қайта оқу курсын өтеді.
2.1 КІРІСПЕ
Патологиялық анатомия аурулардың құрылымдық (материалдық) негізін зерттейді. Ол медицинаның теориясымен қатар клиникалық тәжірибеге де қызмет атқарады, сондықтан патологиялық анатомия клиникалық пәндер қатарына жатады.
Патологиялық анатомияның теориялық және ғылыми маңызы жасуша мен жасушааралық заттың патологиясын, стереотиптік патологиялық процестер мен аурулардың даму заңдылықтарын зерттеудег орнынан ақ айқын байқалады. Мәне, тап осы мәселелер, яғнм адамның жалпы патологиясы, патологиялық анатомия -1 немесе патологиялық анатомияның жалпы бөлімі деп аталатын пәннің мазмұны болып табылады.
Патологиялық анатомия гистология мен биохимияның, қалыпты физиология мен адам анатомиясының, физика мен математиканың, және информатиканың әр кездегі жетістіктері негізінде дамуда. Патологиялық анатомия клиникалық пәндердің іргетасы деп те аталады, себебі жалпы патологиялық процестердің негізі игерілмесе, аурудың нақты түрінің бейнесін, ақыры мен оның өте күрделі жүйе болып табылатын микроорганизмге әсерін дұрыс пайымдау да мүмкін емес.
