- •5В070100-Биотехнология (1,5 кредит)
- •5В070100-Биотехнология (1,5 кредит)
- •1 Курс, қ/б семестрі (күзгі), 3 кредит
- •Модульдің мазмұны: Модуль-1.
- •I пән «zlg 1002» «Омыртқасыздар биоалуантүрлілігі» (1,5 кредит)
- •II пән «zlg 1002» «Омыртқалылар биоалуантүрлілігі» (1,5 кредит)
- •Пәннің құрылымы, көлемі және мазмұны Лекция сабақтарының мазмұны
- •Лабораториялық сабақтардың мазмұны
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары (сөж) және өткізу мерзімдері
- •Оқытушының бақылауымен студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының тақырыптары (соөж)
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Сабақты бағалау саясаты:
- •Баға градациясының шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік жабдықталу картасы
- •Курстың саясаты:
- •I дисциплина «Код» - « Название » (__ кредитов)
- •Структура, объем и содержание дисциплины
- •Список литературы Основная Дополнительная
- •II дисциплина «Код» - « Название » (__ кредитов)
- •Структура, объем и содержание дисциплины
- •Список литературы Основная Дополнительная
I пән «zlg 1002» «Омыртқасыздар биоалуантүрлілігі» (1,5 кредит)
Пәннің мазмұны:
Мақсаты: Омыртқасыз жануарлардың алуантүрлілігін, олардың әртүрлі экожүйелерде алатын орнын, қоршаған орта жағдайларымен байланысын көрсету, қазіргі кездегі жануарлардың систематикасы, морфологиясы және зоогеографиясы жайындағы ұғымдардың деңгейін көрсету. «Биотехнология» мамандығы бойынша оқылатын арнайы курстарды оңай меңгеруге мүмкіндік беру.
Оқыту жоспары білімді және біліктіліктіліке ие, ең алдымен биотехнология, биология, ауыл шаруашылығы, медицина, тағам өндірісіндегі жұмыстарда сұранысқа ие болып отырған жоғары маманданған маман-биотехнологтарды дайындауға бағытталған.
Міндеттері: Омыртқасыз жануарлардың алуантүрлілігін, олардың құрылысын, негізгі таксономиялық топтардың биологиясы мен филогениясын, экожүйелердегі ролін, жануарлардың негізгі өкілдерінің шаруашылық және кәсіптік маңызы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру.
- әртүрлі биологиялық материалдарды экономиканың әртүрлі салаларында пайдалану мүмкіндіктері бойынша білім беру: медицина, ауыл шаруашылығы, тағам өндірісі, қоршаған ортада;
II пән «zlg 1002» «Омыртқалылар биоалуантүрлілігі» (1,5 кредит)
Пәннің МАЗМҰНЫ:
Мақсаты Омыртқалы жануарлардың алуантүрлілігін, олардың әртүрлі экожүйелерде алатын орнын, қоршаған орта жағдайларымен байланысын көрсету, қазіргі кездегі жануарлардың систематикасы, морфологиясы және зоогеографиясы жайындағы ұғымдардың деңгейін көрсету. «Биотехнология» мамандығы бойынша оқылатын арнайы курстарды оңай меңгеруге мүмкіндік беру.
Міндеттері: Омыртқалы жануарлардың алуантүрлілігін, олардың құрылысын, негізгі таксономиялық топтардың биологиясы мен филогениясын, экожүйелердегі ролін, жануарлардың негізгі өкілдерінің шаруашылық және кәсіптік маңызы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру.
Модуль бойынша оқытудың нәтижелері..
Құзырет: – биотехнологияда пайдаланылатын негізгі объектілер, әдістер мен принциптер жөнінде білімі болуы керек; биотехнология саласының заманауи жағдайы жөнінде; биотехнологиялық өндіріске және биотехнологиялық өнімдерге қойылатын талаптар жөнінде білуге;
– биотехнологияның теориялық және практикалық міндеттерін шешудің негізін білуге; биотехнологияның даму келешегін білуге;
– биотехнологиялық өнімдердің қоғамдағы сұранысын білу; маманданған потенциалды пайдалану; биотехнологиялық құралды пайдаланудың дағдыларын білу;
- жұмысты ғылыми негізде ұйымдастыру ;
– биотехнологиялық объектілерді зерттеудің әдістері мен әдістемелерін игеру, заманауи ақпараттық іздеу, жинақтау, ақпаратты сақтау және өңдеу технологиясын меңгеруі тиіс;
– жұмыс берушілер мен серіктестеріне тартымды болатын кәсіптік біліктілікті игеруі тиіс.
Пәннің құрылымы, көлемі және мазмұны Лекция сабақтарының мазмұны
Апта |
Лекция тақырыптары |
Сағаты |
1 |
Модуль 1. Омыртқасыздар биоалуантүрлілігі 1 лекция. Кіріспе. Зоология пәні, максаты, міндеттері. Жануарлар патшалығының классификациясы. Қарапайымдылардың жалпы сипаттамасы, құрылысының ерекшеліктері. |
1
|
2 |
2 лекция. Метазоаның шығу тегі. Көпклеткалы жануарлар деңгейіне сипаттама. |
1 |
3 |
3 лекция. Екіқабатты жануарлар деңгейіне сипаттама. Губкалар типі. Ішеккуыстылар типі. |
1
|
4 |
4 лекция. Үшқабатты жануарлар деңгейіне сипаттама. Жалпақ құрттар типі. Жұмыр құрттар типі. Паразитті тіршілік ететін құрттар, ерекшеліктері, тіршілік циклдері. |
1
|
5 |
5 лекция. Төртқабатты целом қуысты жануарлар тобына сипаттама. Буылтық құрттар типі. |
1
|
6
|
6 лекция. Буынаяқтылар типі, жалпа сипаттамасы. систематикасы. Тип тармақтарына сипаттама. Шаянтәрізділердің, өрмекшітәрізділердің, насекомдардың және көпаяқтылардың құрылысы, биоалуантүрлілігі, маңызы. |
1
|
7
|
7 лекция. Моллюскалар типі, жалпы сипаттамасы, систематикасы. Спиралобластикалық және радиалобластикалық жануарлар тобы, жалпы сипаттамасы. Қармалаушылар типі. Тікентерілілер типі. Жартылай хордалылар типі. |
1
|
8
|
Модуль 2. Омыртқалылардың биоалуантүрлілігі
8 лекция. Хордалылар типінің жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері және басқа типтермен ұқсас белгілері. Хордалылардың шығу тегі жайындағы гипотезалар. Хордалылардың систематикасы. Анамниялар мен амниоталарға бөлудің морфофизиологиялық негіздері.
|
|
9
|
9 лекция. Жақсыздар бөлімі. Дөңгелек ауыздылар класы, жалпы сипсипаттамасы, алуантүрлілігі. |
1
|
10 |
10 лекция. Жақтылар бөлімі. Шеміршекті балықтар класы, жалпы сипаттамасы, алуантүрлілігі. |
1 |
11 |
11 лекция. Сүйекті балықтар класы, жалпы сипаттамасы, алуантүрлілігі. |
1 |
12 |
12 лекция. Қосмекенділер класы, жалпы сипаттамасы, алуантүрлілігі. |
1 |
13 |
13 лекция. Бауырымен жорғалаушылар класы, жалпы сипаттамасы, алуантүрлілігі. |
1 |
14 |
14 лекция. Құстар класы, жалпы сипаттамасы, алуантүрлілігі. |
1 |
15 |
15 лекция. Сүтқоректілер класы, жалпы сипаттамасы. Алғашқы аңдар, қалталы сүтқоректілер, олардың алуантүрлілігі. Плаценталы сүтқоректілердің Қазақстанда кездесетін отрядтары, олардың алуантүрлілігі. |
1 |
