Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktika_otchet_NAA.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
378 Кб
Скачать
☆

1 Жшс «фараб» халықаралық туризм агенттігі

1.1 Туристік агенттікке жалпы сипаттама

Қазір елімізде туризм саласы жақсы дамып келе жатқан салалалардың бірі саналады. Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылы халыққа берген жолдауында елдің туристік инфақұрылымын дамыту, туристік иммиджді қалыптастыру туралы айтылған болатын. Ал бұл мақсатқа жетудің бірден бір көзі туристік кәсіпорындардың қызметін жетілдіру болып табылады. Сондай нарықта өзінің белгілі орны бар, қызмет тәжрибесі жоғары туристік кәсіпорындардың бірі «Фараб» туризм бойынша халықаралық агенттігі.

«Фараб» туризм бойынша халықаралық агенттігі қазақстандық нарықта 1997 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. «Фараб» агенттік аты Оңтүстік Қазақстандағы ежелгі қала атымен аталған («Фараб» араб тілінен аударғандағы мағынасы «толық өзендегі қала»).

Турагенттік қызметінің негізгі бағыттары мынадай: қолайлы баға бойынша сапалы қызмет көрсету, әрбір клиентке жеке назар аудару, әлем бойынша демалыс және саяхатпен қамтамасыз ету, шетелге тілді оқыту курстарына жіберу, бизнес турларға конференцияларға, көрмелерге, семинарларға жіберу, балаларға және жастарға арналаған турларды ұйымдастыру, отельдерді брондау қызметі, визалық рәсімдеу және шетел азаматтарын тіркеу. Турагенттіктің клиентік базасы өте жоғары, шамамен жылына 1000-1500 туристке қызмет көрсетеді.

Демалысты және саяхатты ұйымдастырудағы туристік мекеменің басты бағыттары Азия және Еуропа, Америка және мұхит аралдары, сонымен қатар Қазақстан және ТМД елдері болып табылады. Сонымен қатар турагенттік Еуропаға жаңы жылдық турлар, Италия, Вьетнам, Үндістан, Испания, Доминикан Республикасына жағажайлық турлар, Австрия, Әзірбайжан, Бразилия, Ұлыбритания елдеріне экскурсиялық турлар, Египет, Үндістан, Индонезия елдеріне экзотикалық турларды, Австрия, Болгария, Италия, Грузия елдеріне тау шаңғы турларын, Үндістан, Индонезия, Иордания, Мальдив аралдарына той турларын, Бразилия, Италия елдеріне карнавалды турларды, сонымен бірге АҚШ, Канада мемлекеттеріндегі тілді оқыту курстарын арнайы ұсыныстағы турлар ретінде ұсынады.

Нарықта 15 жылдан астам қызмет атқарып келген «Фараб» туризм бойынша халықаралық агенттігі, қазіргі кезде танымал, Қазақстанның туристік нарығында алатын орны жоғары туристік қызмет көрсету кәсіпорындармен байланыс жасайды. Мысалға алсақ, қонақ үйлерден, турагенттік Алматы қаласы бойынша Қазақстан, Алма-Ата, Отрар, КазЖол, Достык, Туркестан, Astana InterСontinental, Hyatt Regency, InterContinental, Aiser Hotel, Renion-Zyliha, ал елордамыз Астана қаласы бойынша Comfort Hotel Astana, Imperia G Hotel, Okan InterContinental, Radisson SAS Hotel, Rixos President Hotel орналастыру орындарымен байланыс жасайды. Сонымен қатар, «Фараб» туризм бойынша халықаралық агенттігі туристік компаниялардың ішінен, Air Arabia, Travel System авиа агенттігімен, Travel Sim Kazakhstan, Sanat, Globotour туристік фирмаларымен, Gulnar tour, Казтур туристік операторларымен жұмыс жасайды. «Фараб» туристік агенттігі шетелдік туроператорларымен де серіктестік қызметтерін атқарады. Шетелдің серіктестерден, БАӘ бойынша Voyage tour, Франция бойынша EF, Болгария бойынша BVT, Франция туроператоры Evolution Voyages, Чех туроператоры Kzet, Израиль туроператоры New Zin Tours, Турция, Египет, Тайланд бойынша Tez Tour туроператорларымен байланысады.

«Фараб» туризм бойынша халықаралық агенттігінің ұжымдық және маркетинг құрылымы:

  1. «Фараб» туризм бойынша халықаралық агенттігі құрылған кезден бастап алдағы өзіннің нақты бағдарламасын дайындады. Өзіннің әр қадамын мұқият бағалай отырып, ол табыстарға қол жеткізді.

  2. Туристік нарықта болған уақыт аралығында «Фараб» туризм бойынша халықаралық агенттігінің басқа фирмалар арасында өзінің қызметкерлерінің нақты жоспарланған жұмысы, әсіресе маркетинг бөлімінің алдағы қатарларға шығуы.

  3. Мекемеде квалификацияланған кадр жұмыс істейді - әр қызметкердің туризм саласында жоғары білімі немесе турбизнестегі тәжірибесі бар.

  4. Фирманың басшылығы маркетинг бөлімінің жұмысына үлкен көңіл бөледі. Бұл бөлімнің зерттеулері нақты сатып алушыларды табуға, клиентердің барлық сұраныстарын ескере отырып турларды дайындауға, негізгі бағдарламалардан тұтынушыларды дайындауға, негізгі бағдарламалардан тұтынушылар арасында көп сұранысқа ие турларды бөліп, жолдамалардың бағасын көтермей, сапасын жоғарылату көмектеседі.

  5. Әлемдегі тіл дамыту орталықтарымен ұзақ уақыт қарым-қатынасының арқасыннда «Фараб» туризм бойынша халықаралық агенттігі өзін сенімді серіктес ретінде көрсете білді.

  6. Мекемеде жарнамаға үлкен көңіл бөлінеді: жарнамалық каталогтар, тарифтік буклеттер жасалады, көпшілік газеттерге, интернетке жарнама беріледі.

1.2 «Фараб» халықаралық туризм агенттігінің негізгі серіктестері

Қазіргі кезде «Фараб» халықаралық туризм агенттігі туралы және оның қызметі туралы компанияның жарнамалық каталогтарынан, брошюраларынан және плакаттарынан білуге болады, олар нақты және әлуетті серіктестер арасында таратылады. Жарнамалық ақпараттар мен материалдардың негізгі ағыны шетелдерге бағытталады. Бұл халықаралық туристік жәрмеңкелер, семинарлар, көрмелер және нақты фирмалар – серіктестер. Маркетингтік саясатты қамтамассыз етумен қатар ұлттық өнімнің дамуы үшін компания қызметкерлері жыл сайын халықаралық ұйыдастырушылар ұсынатын Берлинде, Лондонда, Мәскеуде және Алматы қалаларында өтетін Халықаралық Туристік көрмелерге, аудандық семинарлар мен конференцияларға белсен ат салысады. Осы жылдың ақпан айында Түркия мемлекетінде өткен Халықаралық Туристік көрмесіне «Фараб» халықаралық туризм агенттігі ат салысты. Көрмеге әртүрлі кәдесыйлар, карталар, Қазақстан туралы мағлұматтар жинастырылды. Компания өзінің он бес жылдық тәжірибесінің арқасында бірінші орынға ие болды. Халықаралық туристік компаниясының Түркиядағы серіктестері келесідей курортты аймақтарды ұсынады. Эгей және Жерорта теңізі жағалауында орналасқан. Эгей теңізі жағалауына Алматы қаласынан чартерлік рейстер ұйымдастырылады. Жерорта теңізі жағалауындағы Анталия курортты қалалары Кемер, Белек, Сиде, Алания. Алания қаласы басқа қалалардан ең алшақта жатқан қала. Арақашықтығы 120 км болады..Бұл аймаққа турдың құны басқа турлармен салыстырғанда арзанырақ және қонақ үй таңдауы аз. Ең жақын орналасқан Кемер, Белек және Сиде. Кемер жастар қаласы болып саналады. Бұнда жастарға арналған ойын-сауық, би кештері өте көп өткізіліп тұрады[13].

«Фараб» халықаралық туризм агенттігінің негізгі серіктестеріне мына компанияларды жатқызуға болады:

Хайнань аралының туроператоры

БАӘ туроператоры

Францияның туроператоры

Болгария туроператоры

Evolution Voyages - Францияның туроператоры

Чех туроператоры

Израиль туооператоры

"Адвокаттар форумы" Қоғамдық бірлестіктер

1) 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Пирогова к, 30

Тел./Факс: 8 (727) 266-99-28

2) 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Богенбай батыр 94, офис 17 (Достық к. қиылысы)

Тел./Факс: 8 (727) 291-30-03

Турция, Египет, Тайланд туроператоры

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]