Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Немудров қазақша (106-бетке дейін).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

жартылайөткізгіштік

өндіріс

Ip (блоктар)

Интеграцияланған жартылайөткізгіштік

өнімдердің жабдықтаушылары

3.6-сурет. Интеграцияланған құралдар өндірушілерінің (IDM) дамуы.

Мұндай сценарийда де-интеграция да және ре-интеграция да бар, бірақ онда бір ойыншылардан басқаларға таралатын үлкен экономикалық күштер байқалады. Ол 3.8-суретте көрсетілген.

Біздің талқылауымызда байқағандай бірнеше мүмкін болатын сценарийлер бар. Олардың барлығы қатар өмір сүруі екіталай. Intel және IBM сияқты нарықтағы көшбасшылар өзінің бірегей білімдері мен тәжірибе комбинациясының дамуын жалғастырады. Кейбір негізгі ойыншылар (2003 жылы қарашада сатуға қойылған Motorola Semiconductors Products Sector

EDA (САПР)

Маркетинг және құрастыру

Жүйелік Дизайн-

орталықтары

Жүйелік облыс

жартылайөткізгіштік

өндіріс

IP (блоктар)

Жартылайөткізгіштік өнімдердің вертикалды

ре-интеграцияланған жабдықтаушылары

3.7-сурет. Жартылайөткізгіштік саладағы ре-интеграция

Маркетинг

Жүйелік

Design -орталықтары

Құрастыру

Келісім-шарттық өндірушілер

EDA (САПР)

Жүйелік облыс

Ip (блоктар)

жартылайөткізгіштік

өндіріс

Жартылайөткізгіштік өнімдердің вертикалды

ре-интеграцияланған жабдықтаушылары

3.8-сурет. Келісім-шарттық өндірістің өсуі

сияқты компаниясы) жоғалып кетуі мүмкін немесе маңызды өзгеріске ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар жаңа топтар мен сапа жиынымен сирек кездесетін топтың түрлері пайда болуы мүмкін.

Бірақ әлі үлкен компанияларда EDA топтарының көбеюі жоқ, бірақ көбейеді деген сыбыстар тұрақты түрде шығып отыр. Тіпті үлкен инвестициялы компаниялар ішкі EDA өнімдердің дамуында әрқашан осы салулардың қажеттілігін бағалап отырады және осы облыста қаламыз ба немесе EDA құралдардың сыртқы жеткізушілеріне өтеміз бе деген шешім қабылдайды. IP және бағдарламалық мәселелермен көбірек байланыста болатын жүйелік деңгейдің EDA бағдарламалары ғана үлкен компаниялардың ішінде үлкен инвестицияларды алуды жалғастырады.

Болашақ көріністер – SoC жобалауының

инфрақұрылымы және саланың ішіндегі

өзара әрекеттесу

Алдыңғы бөлімде дәлелденгендей, тәжірибенің де-интеграциясы мен миграциясы электрондық жобалау мен өндіріс индустриясының әр түрлі секторларының арасында жаңа өнеркәсіптік секторлардың және жаңа тәуелсіз компаниялардың пайда болуына алып келді. Бұл әлемдік деңгейде SoC жобалауының инфрақұрылымының әр түрлі бөліктеріне не білдіретінін болжап көрейік.

Аппаратты облыстағы тәуелсіз IP Компаниялар

Аппараттық IP–дің «жұлдызды» IP (Star IP) және «жұлдызы аз» (кең қолданыстағы) деп бөлінуі болашақта да сақталуы әбден мүмкін. Кең қолданыстағы (commodity) IP өндірушілері ары қарай да аса үлкен компаниялармен - жиі EDA компанияларымен сіңіріледі. Жаңа интерфейсті стандарттардың пайда болуымен кең қолданыстағы IP облысындағы үлкен компаниялар: Mentor компаниясының Inventra бөлімшесі және Synopsys компаниясы (екеуі де EDA компаниялар) бастапқы кезеңде нарықтың бұл бөлігінде шағын тәуелсіз IP компаниялардың жолында үлкен кедергі болуы мүмкін. Сөйтіп кең қолданыстағы IP аналогтық интерфейс сияқты мамандандырылған облыстарда пайда болуы мүмкін; және мұны өндіретін IP

компаниялар соңғы өнімдерін жақсартуды қалайтын жобалық кітапханаларды жасаушы компаниялармен немесе жүйелік немесе жартылайөткізгішті компаниялармен сатып алынуы әбден ықтимал.

Тәуелсіз компаниялар «жұлдызды» IP компаниясының кірістірілген процессорлар облысында ғана сақталуы әбден мүмкін, бірақ бұл облыста аса ірі компаниялардан бөліну нәтижесінде жиi пайда болған жаңа компаниялардың, мысалы осылай Motorola, Agere және Infineon компанияларында болған StarCore DSP компаниясы пайда болды. Процессорлар бағдарламалық жасақтамасының үлкен жиынымен (legacy software), фирмалық/жеке меншікті ISA (нұсқаулар жиынымен) және бағдарламалық құралдар мен аппараттық модельдер негізіндегі күрделі жобалық маршруттармен өте қатты қорғалғандықтан, олар әрі қарай тәуелсіз болып қала береді және үнемі дамудың арқасында лицензиялаушы (процессорлық технологияны) серіктестермен тұрақты қатынастарды сақтау керек. Сондықтан ARM сияқты компаниялардың ары қалай болуы әбден мүмкін. Бірақ бұл облыстағы компаниялар да қиын кездерді өткізуі немесе сәтсіз уақытта жаңа өніммен нарыққа шығуы мүмкін. Бұл жағдайда осындай компания ол пайда болған үлкен жобалық компанияға қайтадан кіреді немесе TriMedia компаниясы Philips-тан бөлініп, ал содан соң қайта келген сияқты лицензиялаушы компаниялардың біреуімен бірігеді.

Процессорлық IP компаниялары платформалық жобалауға өткенде пайда болған тенденцияны сезінеді және өздері осы бағытта қозғалып жатыр. Олар өз процессорлары (ARM-дағы PrimeXSys платформасы сияқты жағдайда) немесе басқа IP (SONICS және оның өнімі – чиптағы коммуникациялар сияқты жағдайда) негізінде аса толық платформалық ішкі жүйелерге ұсыныс жасайды деп бағдарлап жатыр. Екінші жағдайда (жағдайында) жобалаушыға желі негізінде SoC-тың интеграциясына IP блоктардың кең жиынын ұсыну үшін коммуникациялық құрылымның айналасында жобалаушылардың өз бірлестігін және инфрақұрылымын жасау керек.

Болашақта бұл облыста чипте желілер болады деген мүмкіндікті ұсынатын IP компаниялар пайда болуы әбден ықтимал, яғни коммуникациялар негізіндегі жобалау жаққа IP жобалауының түбегейлі жылжуы болады.