- •Атом ядросы
- •Мазмұны
- •Атом ядросының заряды[өңдеу]
- •Атом ядросының массасы[өңдеу]
- •Ядролық физикадағы өлшем бірліктер[өңдеу]
- •Атом ядросының пішіні мен өлшемі[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Толығырақ[өңдеу]
- •Атомдағы электрондардың күйі[өңдеу]
- •Атом және атом ядросы § 7.1 Резерфорд тәжiрибесi. Атомның ядролық моделi
- •Атом құрылысы[өңдеу]
- •§ 7.2 Бор постулаттары. Бор жасаған сутегi атомының моделi
- •§ 7.3 Франк және Герцтiң тәжiрибелерi
- •§ 7.4 Шығару және жұтылу спектрлерi. Спектр түрлерi. Спектр аппараты
- •§ 7.5 Жарықтың кванттық көздерi. Лазерлер
- •§ 7.6 Зарядталған бөлшектердi бақылау мен тiркеудiң әдiстерi
- •§ 7.7 Табиғи радиоактивтiлiк. Α, β, γ – сәуле шығару
- •§ 7.8 Радиоактивтiлiк ыдырау заңы. Ығысу ережесi
- •§ 7.9 Атом ядросының құрылысы. Атом ядроларының байланыс энергиясы
- •§ 7.10 Уран ядросының бөлiнуi. Ядролық реакцияда энергияның бөлiнуi
- •§ 7.11 Ядролық реактор. Термоядролық реакциялар
- •§ 7.12 Радиоактивтi сәулелердiң биологиялық әсерi. Биологиялық қорғаныс
- •§ 7.13 Элементар бөлшектер. Бөлшектер мен электромагниттiк сәулелердiң өзара түрленуi
- •Есеп шығару үлгiлерi
- •7.1 Толқын ұзындығы 0,48 мкм фотон шығарған кезде, сутегi атомындағы электронның энергиясы қалай өзгередi.
- •7.2 8О17 ядросының массалар ақауын және байланыс энергиясын табыңыз.
Атом құрылысы[өңдеу]
Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заңды түсіндіру[өңдеу]
Толық
мақаласы: Атом
құрылысы тұрғысынан периодтық заңды
түсіндіру
Периодтық жүйе периодтық заңның құрылымдық кескіні. Ол 7 периодтан 8 топтан тұратын кесте. Периодтар үлкен және кіші болып бөлінеді. Алғашқы үш период кіші периодтар, олар бір қатардан ғана тұрады, ал үлкен периодтар екі қатардан тұрады.
Бір периодта орналасқан элементтердің энергетикалық деңгейлерінің саны бірдей болғанымен, олардың ядро зарядтарының артуына байланысты ядроның электронды тарту күші артады, сондықтан атом радиустары солдан оңға карай кемиді.
Периодтарда солдан оңға қарай сыртқы қабаттағы электрондар саны біртіндеп артады, бұл металдық қасиеттің біртіндеп әлсіреп, бейметалдық қасиеттің артуына әкеп соғады.
Атомдағы электрондардың күйі[өңдеу]
Толық мақаласы: Атомдағы электрондардың күйі
Атом өте ұсақ бөлшек болғандықтан, ондағы электронның қозғалысы микродүниенің қозғалу заңдылықтарына бағынады. Электрондар ядро сыртындағы кеңістікті біртіндеп толтырады, электрондардың орналасу заңдылықтарын білу элементтің физикалық және химиялық қасиеттерін анықтау үшін қажет. Электрон ядроны одан белгілі бір қашықтықта (энергия қорының шамасына қарай) айналып жүру мүмкіндігі ең жоғары кеңістіктің бөлігі орбиталь - электрондық бұлт деп аталады. Қозғалыстағы электрон бұлтының пішіні әр түрлі болады: шар тәрізді, олар s әрпімен белгіленеді. р-электрондар гантель тәрізді, олардан басқа d - деңгейшелері де болады.[4
Атом және атом ядросы § 7.1 Резерфорд тәжiрибесi. Атомның ядролық моделi
Барлық заттар бөлiнбейтiн аса ұсақ бөлшектерден – атомдардан тұрады деген ұғым ерте қалыптасқан болатын. Егер атом шындығында заттың бөлiнбейтiн алғашқы кiрпiштерi болса табиғаттағы кездесетiн сан алуан заттарға сан алуан атомдар сәйкес қойылуы тиiс. Бұлай болуы бiр жағынан күмән туғызады.
Физика ғылымының дамуы барысында ХIХ ғасырдың аяғына қарата атомның қасиеттерiне байланысты жаңа тәжiрибелiк деректер жинала бастады. Мысалы М.Фарадей 1833 жылы электролиз құбылысын зерттеу барысында электролит ертiндiлерiндегi ток иондардың реттелген қозғалысы екенiн анықтады. Ал 1897 жылы Дж.Томсон сиретiлген газдардағы электр разрядын зерттеу барысында қыздырылған немесе ультракүлгiн жарықпен сәулелендiрiлген кез-келген химиялық элементтiң атомы өзiнен терiс зарядталған бөлшектердi шығатынын анықтады. Осылай алғашқы элементар бөлшек – электрон ашылды. Атом құрлысының күрделiлiгiне нұсқайтын тағы бiр бұлтартпас факт 1869 жылы орыс ғалымы Д.И.Менделеев ашқан химиядық элементтердiң периодтылық заңы. Атомдық масса өскен кезде элементтердiң қасиеттерiнiң қайталануын атомның құрамына кiретiн бөлшектердiң саны өскен кезде оның iшкi құрылымының қандай да бiр ерекшелiгiнiң қайталануымен түсiндiруге болатындай.
|
7.1 - сурет |
|
7.2 - сурет |
