Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
з-Лекциялар-2014-ЕШАН-Джанабердиева C A.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
970 Кб
Скачать
☆

2. Тест тапсырмаларының берілу тәсілдері

Тест (test, ағылшын сөзі) – тексеру, сынау, байқау. Тест туралы көптеген еңбектердің авторы – Ресей математигі Вадим Сергеевич Аванесов болып табылады. 1864 жылы ағылшын Дж.Фишер алғаш рет тест бойынша тексеруді қолданған. 1883 жылы тестілеу мәселесінің теориялық негізін салған ағылшын психологы Фрэнсис Гальтон болды. Тест терминін 1890 жылы алғаш рет ғылымға ендірген Америка психологы Дж.Кеттелл. Ал, француз психологы В. Штерннің еңбектерінде тест мәселесі ары қарай дамыды. Сол кезеңде тест жеке адамның ақыл-ой деңгейін, интеллектуалдық коэффициентін анықтау т.б. психологиялық-танымдық мүмкіндіктерін бағалау бағытында қолданылған.

Американ ғалымдары К.Спирмен мен Э.Торндайктің еңбектері арқылы педагогика саласына енгзіле бастаған тестер XX ғасырдың 20 жылдарынан бастап кеңес мектептерінде де қолданыла бастады. Бірақ 1936 жылдан бастап Кеңес Совет Республика Одағында тест қолдануға тиым салынған еді. Бұның бір себебі сол кездегі идеалогияда еді: «адамдардың барлығы бірдей болып туылады, егер ол дұрыс жеке адам болып қалыптаспаса оған кінәлі тек қана мұғалім», деген қағиданы басшылыққа алған және әртүрлі ойлауға, әртүрлі дүниетанымға мүмкіндік бермей, тек қана қоғамның идеологиясын қолдайтын адам тәрбиелеуге ұмтылған мектепте тест мәселесінің дамуы мүмкін болмаған еді. Тест педагогикадан алынып тасталғанмен психодогияда, спорт сияқты салаларда қолданыстан түскен жоқ. Кеңес Совет Республика Одағында 1980 жылдан бастап тест педагогикада біртіндеп қолданыла бастады].

Қазіргі кезде әлемнің көптеген дамыған елдеріне тест оқушының білім, білік, дағдыларын тексеруден бастап Президентке үміткердің интеллектуалдық коэффициентін анықтауға дейінгі қоғамның көптеген салаларында қолданылады. Бұл елдерде, тесттер құрастырумен бірнеше алып орталықтар айналысады, олар өз идеяларын таралымы жүз мыңдап саналатын журналдардың көмегімен таратады.

Тіпті қазірі кезде педагогика, өлшеу теориясы математикалық модельдеу, математикалық статистика, автоматизация сияқты ғылым салаларының қиылысуынан педагогикалық тестология деген ғылым саласы, педагог тестолог деген мамандық пайда болды. Бұл мамандық иесінің мақсаты ғылым саласының маманымен бірге, тестология теориясының негізінде яғни, тест құрылымы, мазмұны, формасы т.б. сияқты мәселелерді ескере отырып, ғылымның әр саласы бойынша тесттер дайындау.

Біздің елімізде де соңғы жылдары қоғамның көптеген салаларына, әсіресе білім беру салаларына тесттер батыл ендірілуде. Себебі дәстүрлік оқытуда баға қою кезінде субъективизмге ден қоюшылық болады. Мысалы, 2002 жылы орта мектепті ерекше үлгідегі аттестатпен бітірген 834 оқушы жоғары оқу орнына түсу кезінде ең төменгі 40 балды да жинай алмаған. Тест теориясымен таныс емес адам «тест жауаптарын тұспалдап, болжап-ақ қойып кетуге болады» деп ойлауы мүмкін. Бірақ оның ықтималдығы өте аз екенін ескерген жөн және оның тест қорытындысының объективтілігіне әсері шамалы.

Тест тапсырмаларының түрлі формасы бар. Олар:

1. Жабық формадағы тапсырмалар

2. Ашық формадағы тапсырмалар

3. Сәйкестікті белгілейтін тапсырмалар

4. Ақиқатты белгілейтін тапсырмалар

Жабық формадағы тапсырмалардың берілу тәсілдері №1 желіде көрсетілген.