Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10.Akuiz kur.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
80 Кб
Скачать
☆

Үшінші құрылым. Ақуызды глобулалар конформациясы, яғни спиральдік, бета құрылымды және құрылымсыз пептидті тізбектер бөліктерінің кеңістіктегі қалануы деп түсінеміз.

Үшінші құрылым – аминқышқыл радикалдары аралығында пайда болған байланыстар арқасында ұсталынады және пайда болады. Байланыстың өзгешілігі радикалдар табиғатына байланысты болады.

Радикалдар аралығындағы байланыстардың түрлері.

1 – ковалентті – дисульфидті байланыс, цистеин қалдықтары аралығында кездеседі.

2 – ковалентсіз (әлсіз байланыс)

  • ионды - әр тектес зарядталған радикалдар аралығында;

  • сутекті – полярлы (зарядталған және зарядталмаған радикалдар аралығында);

  • гидрофобты және ван-дер Ваальсовты гидрофобты радикалдар аралғындағы өзара қатынас байланыс.

Толып жатқан көп радикалдар арасындағы байланыстар тұрақты конфигурацияның пайда болуына алып келеді, яғни ақуыздың үшінші құрылымы. Үшінші құрылымының қалыптасуы ақуыздың функцианальді белсенділікке ие болуында үлкен үлес қосады. Осы деңгейде, ақуызда белсенді орталықтар пайда болады – бұл радикалдар топтары, белгілі лигандалармен өзара қатынасқа қабілетті болады. Бұл радикалдар топтары тек фольдинг процессі кезінде жақындасады. Үшінші құрылым, белгілі жылжымалыққа иелі.

Глобуланың конформациясында келесі факторлар көрінеді:

  1. жылылық тербелу немесе ауытқу (флюктуация).- біресе байланыс ажырайды, біресе қайта жалғасады.

  2. заттар – реттеушілер.

  3. ақуыздың химиялық модификациясы (Мысалы фосфорлену)

  4. оның қызметін ақуыздар орындайды.

Ақуыздар конформациясының өзгеруі клеткадағы әртүрлі процесстерді реттеу үшін, олардың биологиялық белсенділігін өзгерту үшін қажет.

Төртініші құрылым. Төртінші құрылым, бірнеше суббірліктен тұратын, яғни ақуыздар үшін тән (мысалы, гемоглабин – 4 молекуладан тұрады).

Суббірліктер сыртта орналасқан радикалдар бойынша байланыстырылады, сондықтан төртінші құрылым, тек үшінші құрылымнан кейін ғана пайда болады.

Сонымен, ақуыздың алғашқы құрылымы толығымен екінші және үшінші құрылымдарды анықтайды (барлық хабар, пептидті тізбектегі амин қышқылдарының бірізділігінің болуында).

Фолдинг және фолдинг факторлары.

Фолдинг факторларын келесі екі топқа бөлуге болады:

1 топ – катализдік белсенділікті ақуыздар, яғни фолдинг ферменттері – фолдазалар

2 топ – молекулалық шаперондар, бұл ақуыз әрекеті әртүрлі механизмді, бірақ олар фолдингтің соңғы өнімдері құрамына кірмейді (олар фолдинг процесіне мүмкіндік береді) және пептидті тізбектегі дұрыс емес әрекеттестікті ескертеді. Шаперондар дегеніміз – қосымша белоктар.

Шаперондарда – рефолдингті бақылау жүреді. Рефолдинг – қайтадан құрылу деген мағынаны білдіреді.

Ақуыздар әр түрлі себептердің әсерінен (қызып кету, сәулелену, оксиданттардың әсері) өзінің нативті конформациясын жоғалтуы мүмкін, яғни жарым жартылай немесе толығымен денатурацияланады. Денатурация – белоктың табиғи құрылымының бұзылуы.

Бұндай ақуыздар шаперондардың белсенді көмегі кезінде рефолдингке немесе ренатурацияға ұшырауы мүмкін. Егер клетка ұзақ стрессті жағдайда болса, шаперондардың синтезі артады.

Ақуыздарды, клетка ішілік тасымалдауының кейбір түрлеріне шаперондар қатысады (лизосомаларда, митохондрияда). Лизосомаларға, өзінің мезгілін өтеген және рефолдингке берілмейтін ақуыздар түседі. Митохондрияларға жаңадан синтезделген ақуыздар апарылады. Фолдинг - фолдаз және шаперондардың қатысуымен жүреді, және де энергетикалы және функциональді жағынан ең оптимальді пептидті тізбекті қалыптастырады.

Мысалы, кейбір ауыр жүйке ауруларында фолдинг өз қызметін дұрыс атқармайды.

Мида конформациясы дұрыс емес прионды ақуыздар бар, бірақ кейбір ауруларда оның конформациясы өзгереді және бұл ақуыз – прион немесе ақуызды жұқпалы бөлшек деп аталады. Приондар, конформациясын өзгертуге мәжбүр етеді және басқа ақуыздар, яғни антишаперондар ролін атқарады және фолдингті керісінше өткізеді.

Нәтижесінде, бірнеше жылдан соң адамды немесе жануарды өлімге әкелетін ауру жетіледі.

  1. Қуысты (кеуекті) энцефалопатия - немесе сиырдың құтыруы. Сиыр етін жегенде -Крейнцфельда-Якобв ауруын шақырады.

  2. Жаңа Гвинееда –Куру ауруы бар. –бұл ауру кезінде адамның бетінде бет-аузын қисайтушылық (тыжырайтушылық) –пайда болады. Бұл каннибализмнің нәтижесінде ауруды беру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]