Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жүсіпәлі-2 кредит реферат.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

Гепатит

Гепатит — бауырдың қабынуы; оның даму барысында бауырдың паренхимасында дистрофия мен некробиоз өрістеп, стромасына қабыну процесіне тән клеткалар шоғырланады. Гепатит бірден бауырда басталып, бірінші ретті немесе басқа аурудың көрінісі ретінде байқалып, екінші ретті (салдарлық) түрде дамиды. Гепатит жедел не созылмалы ағымды болады. Патологиялық анатомиясы. Жедел және созылмалы гепатиттің патологиялық анатомиясында айырмашылық бар. Жедел гепатит экссудациялы және пролиферациялы түрде дамиды. Экссудациялы гепатит тиреотоксикоз сияқты аурудан дамыса, бауырдың стромасына ұйымалы жалқық сіңіп, гепатит ұйымалы болады да, іріңді холангиттен немесе холангиолиттен өрістесе, іріңді жалқық порталыќ жолдың бойымен біркелкі жайылып, диффузды іріңді гепатит байќалады, ал егер іріңді аппендициттің, амебиаздың пилефлебиттік абсцестердің яки септикопиемиялық метастаздардың зардабы ретінде өрбісе, бауырда іріңдіктер қалыптасады. Жедел гепатит пролиферациялы болса, бауыр бөлікшелерінің әр жеріндегі гепатоциттерді дистрофия мен некроз шарпып, ретикула-эндотелийлік элементтер көбейеді. Жұлдызша тәрізді ретикула-эндотелийлік клеткалар (Купфер клеткалары) мен эндотелий көбейіп, оларға қанның клеткалары араласады. Бұл клеткалар шоғырлана немесе біркелі жайыла жайғасады. Бауырдың сырт пішіні қабыну процесінің түріне сәйкес болады. Созылмалы гепатит кезінде бауырдың стромасына клеткалар шоғырланып, паренхимасы зақымдалады, тканінде склероз бен регенерация өрістейді. Бұл процестердің арақатынасы әртүрлі болады, сондықтан созылмалы гепатит те активті (агрессиялы), персистенциялы (үздіксіз) және холестазды деп үш морфологиялық түрге бөлінеді. Созылмалы активті гепатиттің барысында гепатоциттерде дистрофия мен некроз процестері айқын дамып, клеткалар шоғыры шорланған порталық және перипорталық аймақтармен ғана шектеліп қоймай, бөлікшелердің ішіне де өрістейді. Этиологиясы мен патогенезі. Гепатит дербес ауру, яғни бірінші ретті гепатит ретінде көбіне гепатотропты вирустың (вирустық гепатит, алкогольдің (алкогольдік гепатит) немесе дәрі-дәрмектердің (медикаментік — дәрі-дәрмектік гепатит) әсерінен дамиды. Холестаздық гепатитке көбіне клеткадан тысқары (внеклеточный) холестаз бен бауырастылық сарғаюды өрбітетін факторлар, кейде дәрі-дәрмектердің (метилтестостерон, фенотиазин туындыларының, т.б..) әсері себеп болады. Дербес гепатиттердің ішінде ең маңыздылары — вирустық және алкогольдік гепатит. Екінші ретті, яғни салдарлық гепатиттің (бейспецификалық реактивтік гепатиттің) себебі алуан түрлі. Ол сары қалтырау, цитомегалия, іш сүзегі, дизентерия, безгек, туберкулез, сепсис сияқты инфекциялардың және тиреотоксикоз, гепатоциттерді зақымдағыш улардың әсерінен, сондай-ақ асқазан аурулары мен дәнекер ткань жүйесінің сырқаттары, басқа да аурулардың зардабы ретінде дамиды. Гепатиттің ақыры оның жалпы сипаты мен ағымына, процестің көлемі мен бауырдың зақымдалу дәрежесіне және қалпына келу мүмкіндігіне байланысты. Бауыр жеңіл зақымдалса, толыќ қалпына келеді, ал оны көлемді зақымдаған жедел және созылмалы гепатит циррозға жалғасуы мүмкін.