- •Фотографияның шығу тарихы
- •2.1 Алғашқы фотоаппараттың пайда болуы
- •2.2 Фотопленканың қызметі
- •2.3 Фотоаппарат түрлері kodak: жасалу тарихы
- •Кодак қалай пайда болды?
- •Nikon — тек қана заманауи фототехниканы ғана емес фотографияны түгелдей өзгерткен атышулы компания
- •Канонның құрметiне...
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.3 Фотоаппарат түрлері kodak: жасалу тарихы
Д
.Истмен
Kodak компаниясы — сандық камераларды жасаушы ең үлкен өндiрушiнiң бiрi және жарық сезгiш матрицаларды жасап шығарушы өнеркәсiп. Оның 126 жылдық тарихы бар. Компанияны құрушы Джордж Истменға бiз фотографияны тауқыметi қиын жұмыстан аса тиiмдi құбылысқа айналдырғаны үшiн құрмет бiлдiруiмiз керек.
Kodak Brownie камерасы. бағасы 1 $
Джордж Истмен,1878 жылы Рочестер жинақ банкiнде кiшi кеңсе қызметкерi болып жұмыс атқарады. Досы оған саяхатқа фотоаппарат алып шығуды ұсынған кезден бастап ол фотографимен «ауыра» бастайды. Истмен сол кездегi ең заманауи фотокамераны сатып алады. Алайда үйге келген кезде таудай үйiлiп жатқан фотоаппараттардың жабдықтарын көрiп, ұнжырғасы түсiп кетедi. Фотоаппарат шағын толқынды пештiң көлемiмен бiрдей болған. Оны тек қана ауыр ағаш таяныш ұстап тұра алатын. Оған қоса тағы химикаттарға толы қорапшалар саны өте көп. Сол кезде Истмен iшiнен «мына техниканың барлығын тек қана ат көтере алады» дейдi де, саяхатқа бармай қалды. Содан күнi-түнi үйiнде фотографияның үдерiсiн қалай оңайлатуға болатынын ойластырды.
1888 жылы Джордж Истмен әуесқой Kodak №1 камерасын жасап шығарады. Фотоаппарат баяғыша кiшiгiрiм қорап көлемiндей болды (осы үшiн оған «детективтi камера» деген ат қойылды). Ол диаметрi 2,25 дюйм домалақ суреттi пленкаға жiбередi. Бұл жабдықпен нұсқауды дұрыс оқыған кез келген адам жұмыс iстей алады. Нұсқаудың шарттары мынау:1) Камераны бағыттау; 2) Тетiктi басу; 3) Кiлттi бұрау ; 4) Жiптi тарту. Фотоаппарат таспасы 100 кадрға есептелген және 25 доллар тұрған. Түсiрiп болғаннан кейiн сатып алушы таспаны аппаратпен қосып, Eastman Company, Нью-Йорк штатына жiберген. Ол жерде суреттердi шығарып, аппаратқа жаңадан таспа салған. Бұл үшiн сатып алушы тағы 10 доллар төлеген. Пайдалануға жеңiл әрi арзан фотоаппараттар үлкен сұранысқа ие бола бастады.
Кодак қалай пайда болды?
Истменның ең алғашқы камерасымен бiрге Kodak атауы да пайда болды. Атаудың шығуы жайында көптеген нұсқалар бар, алайда Истменның өзi былай деген: «Бұл сөздi өзiм ойлап таптым. Менiң ең жақсы көретiн әрпiм – «К» әрпi. Ол маған мықты, әрi еске сақталатын болып көрiнедi. Мен осы әрiптен басталып, осы әрiпке аяқталатын сөздi көп iздеп, ақыры Kodak атауына тоқтадым”.
Nikon — тек қана заманауи фототехниканы ғана емес фотографияны түгелдей өзгерткен атышулы компания
Ү
ш
жапон компаниясы қосылуының арқасында
Nippon Kogaku K.K пайда болған кезде 1917 жылы 25
маусымда шартты түрде Nikon корпорациясы
да өмiрге келдi. Оның iшiндегi бiр компания
1883 жылдан берi жұмыс атқарып келген. Осы
тұрғыдан алғанда Nikon корпорациясын
немiстiң ең үздiк фирмаларымен қатар
қояға болады.
Онымен қоса жапон өнеркәсiбi Германиядан шақырылған инженерлердiң көмегiне сүйендi. Солардың бiрi Генрих Ахт 1920 жылдары аэрофототүсiрiлiмге арналған Flieger 500 мм f/4.5 атты компанияның ең алғашқы объективiн құрастырды. Nippon Kogaku-дiң басты өндiретiн тауары императордың соғыс-теңiз флотына арналып жасалатын оптикалық заттар болатын.
1931 жылы Nippon Kogaku ең алғаш рет өздерiнiң әскери емес, қарапайым халыққа деген ортформатты камераға арналған Anytar 120 мм f/4.5 объективiн құрастырды. Бұған Carl Zeiss немiс концернi жасаған классикалық Tessar схемасы қолданылған. Ең қызығы, 1930 жылдары Nippon Kogaku Hansa Canon фотоаппараттарына оптика шығара бастады. Осылайша 70 жыл бұрын фототехника әлемiнде Nikon және Canon тарихы басталды.
N ЖӘНЕ N
Компанияның алғашқы фотокамераларымен бiрге Nikon атауы да пайда болды. Кезiндегi Kodak атауы секiлдi бұл атау да әрiптердi қосу арқылы жасалған болар, шамасы. Тағы да Nicca, Nikka, Nikoret, Niko, Nikkorette, Pannet, Bentax және тiптi Pentax деген нұсқалар болған. Соңғы нұсқа 11 жылдан кейiн Asahi Optical айналы камерасына берiлдi. Ал Nippon Kogaku Nikon нұсқасына тоқтады.
Nikon
брендiне қара және сары түстер белгiлендi.
Ал 2003 жылы корпорацияның заманауи
логотипi жарық көрдi. Онда фирманың
түстiк гаммасы сақталған. Ал ақ қисық
сәулелер құрастырушылардың ойынша бұл
болашақты бiлдiредi. Сары түс – қиял
мен шығармашылықты, қара – сенiм мен
сапаны көрсетедi.
NIKON D800 BODY 2012 жылдың 6 қаңтарында шыққан
– әйнеккөзсiз, тек қорабы орташа бағамен 450 000 теңге
– матрица толық, 36,2 мегапиксельдi құрайды
– түсiрiлiм уақыты (выдержка) 30- 1/8000 cек
– бейнетүсiрiлiм
– сезiмталдығы (ISO) 6400
– секундына 4 кадр
