- •Силлабус Патологиялық анатомия - 1 бойынша
- •1.6 Оқытушылар туралы мәлімет:
- •1.7 Байланыс мәліметтері:
- •1.8 Пәннің саясаты:
- •2. Бағдарлама
- •2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •2.2 Пәннің мақсаты
- •2.3 Оқыту мақсаттары
- •2.4 Пәнді оқытудың қорытынды нәтижелері
- •2.5 Реквизиттен кейінгі:
- •2.7 Тақырыптық жоспары
- •2.7.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •2.7.2. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары.
- •2.7.3 Оқытушылардың кеңес беру уақыты:
- •2.8. Сөж тапсырмалары
- •2.9 Әдебиеттер
- •2.10 Оқыту әдістері
- •2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
1.7 Байланыс мәліметтері:
Астана қаласы
Сары-Арка көшесі 33
«АМУ» АҚ
Патологиялық анатомия кафедрасы, тел. 8-717-2-237554
Оқу пәнінің жүргізілетін орны және уақыты
Патологиялық анатомия бойынша сабақтар Сары-Арка көшесі, 33үй мекен-жайында орналасқан «АМУ» АҚ оқу корпусының 3 қабатында, сонымен қатар Астана қаласының «Патологоанатомиялық бюросының» және «РНХҒО» АҚ ПАБ негізінде өткізіледі.
1.8 Пәннің саясаты:
Кафедраның жалпы талаптары (оқу пәнінің саясаты)
Бірінші сабаққа студент өзімен дәріске арналған бір қалың дәптер, тәжірибелік сабаққа арналған альбом, түрлі түсті қалам, халат, медициналық қалпақ, ауысымдық аяқ киім әкелуі міндетті.
Кафедраның негізгі талаптарының бірі - студенттің тәжірибелік сабақтарға жүйелі қатысу. Себепсіз жіберілген сабақтар қайта оқылады, бірақ журналға 0 балл қойылады.
Сабаққа 15 минут кешіккен студент сабаққа кіргізілмейді, және оны себепсіз жіберген сабақ ретінде өтейді.
Академияның мүлкіне нұқсан келтірген жағдайда (аудитория столы, орындықтар, макропрепараттар, микропрепараттар, микроскоп және т.б.) сәйкес көлемде айып пұл төленеді.
Тәжірибелік сабақтар мен аралық бақылау бойынша академиялық қарыздар себепті түрде жіберілген болса – 4 апта аралығында, егер де себепсіз жіберілген болса – 2 апта барысында тыпсырылуы тиіс.
Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда: ұялы телефонмен қолдануға, сабақтан тыс тақырыпқа әңгімелесуге тиым салынады.
Емтихан түрінде өтетін білімді қорытынды бағалауға 2 кредитті аяқтаған және тәжірибелік сабақтар, СӨЖ бойынша қарыздары жоқ студенттер жіберіледі.
Айып шаралары:
Тәжірибелік сабақтарды жіберіп өтемеген студенттер аралық бақылауға жіберілмейді.
Студенттің аралық бақылауларды дер кезінде өткізбегені үшін қорытынды рейтинг балы 10 баллға төмендетіледі.
Тәжірибе сабақтар себепсіз жіберілген жағдайда журналға 0 балл қойылады.
Дәрісті себепсіз жіберген жағдайда жіберу рейтингісі әр дәріс үшін 1 баллға төмендетіледі.
Егер студенттің рейтингі қорытынды бақылауға дейін 50% пайыздан кем болса, студент пән бойынша емтиханға жіберілмейді, және пән бойынша ақылы қайта оқу курсын өтеді. Сонымен қатар, жіберген тәжірибелік сабақтарын қайта оқып өтемеген студенттер емтиханға жіберілмейді.
Емтиханнан қанағаттанарлық емес баға алып, оқушының пән бойынша жалпы бағасы «қанағаттанарлық» бағаға жетпей қалған жағдайда, студент пән бойынша академиялық қарыздары бар деп саналады да ақылы негізде қайта оқу курсын өтеді.
2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе
Патологиялық анатомия - 1 пәнінің бағдарламасы «Жалпы медицина» мамандығына арналған. Ол болашақ дәрігерлерге іргелі теориялық білім беруді қамтамасыз ету үшін қажетті медициналық және биологиялық ғылым салаларының міндетті түрде қолданылатын және маңызды орын алатын қазіргі жетістіктері негізінде дайындалған.
Патологиялық анатомия – биология мен медицинаның ауқымды бір бөлімін қамтып, ауруларды әр түрлі қырынан зерттейтін патология ілімінің құрамына кіретін маңызды сала.
Патологиялық анатомия аурулардың құрылымдық (материалдық) негізін зерттейді. Ол медицинаның теориясымен қатар клиникалық тәжірибеге де қызмет атқарады, сондықтан патологиялық анатомия клиникалық пәндер қатарына жатады.
Патологиялық анатомияның теориялық және ғылыми маңызы жасуша мен жасушааралық заттың патологиясын, стереотиптік патологиялық процестер мен аурулардың даму заңдылықтарын зерттеудегі орнынан ақ айқын байқалады. Міне, тап осы мәселелер, яғни адамның жалпы патологиясы, патологиялық анатомия - 1 немесе патологиялық анатомияның жалпы бөлімі деп аталатын пәннің мазмұны болып табылады.
Патологиялық анатомия гистология мен биохимияның, қалыпты физиология мен адам анатомиясының, физика мен математиканың, және информатиканың әр кездегі жетістіктері негізінде дамуда. Патологиялық анатомия клиникалық пәндердің іргетасы деп те аталады, себебі жалпы патологиялық процестердің негізі игерілмесе, аурудың нақты түрінің бейнесін, ақыры мен оның өте күрделі жүйе болып табылатын микроорганизмге әсерін дұрыс пайымдау да мүмкін емес.
