Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KR azamatygy turaly.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
103 Кб
Скачать
☆

Қазақстан Республикасы азаматтығын алу

10-бап. Азаматтық алу негiздерi

Қазақстан Республикасының азаматтығы:  1) тууы бойынша;  2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесiнде;  3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;  4) осы Заңда көзделген өзге де негiздер бойынша алынады.  Ескерту. 10-баптың 3) тармақшасына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен.

11-бап. Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматыболып табылатын баланың азаматтығы

Бала туған кезде ата-анасының екеуi де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жерiне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.  Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

12-бап. Ата-анасының азаматтығы әртүрлi болғанжағдайындағы баланың азаматтығы

Ата-анасының азаматтығы әртүрлi болып, бала туған кезде олардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:   1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;   2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бiрақ, ата-анасының немесе олардың бiреуiнiң бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жерi болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.   Ата-анасының азаматтығы әртүрлi болып, бала туған кезде олардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуiнiң де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жерi болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде бiлдiрген келiсiмi бойынша анықталады.   Бала туған кезде ата-анасының бiреуi Қазақстан Республикасы азаматтығында болып, ал екiншiсi азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгiсiз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.   Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесi Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелiгi анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.   Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

13-бап. Ата-анасы белгiсiз баланың азаматтығы

Ата-анасының екеуi де белгiсiз Қазақстан Республикасы территориясындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.   Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

14-бап. Азаматтығы жоқ адамдардың баласының ҚазақстанРеспубликасы азаматтығын алуы

Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жерi бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы территориясында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.   Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау

Шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтiнiштерi бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкiн.   Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiштер бойынша шешiмдi Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.   Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынақабылдау шарттары

Қазақстан Республикасының азаматтығына:   1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негiзде кемiнде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемiнде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.   Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, пайым қабiлетiн жоғалтқан не Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тiзбе бойынша кәсiптерге ие және талаптарға сай келетiн адамдардан және олардың отбасы мүшелерiнен және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдардан, сондай-ақ Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтарынан, егер олар тарихи Отаны ретiнде тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасына қайтып оралған болса, олардан осы тармақшаның бiрiншi абзацында көзделген шарттардың болуы талап етiлмейдi;  2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын болады.   Әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi.  Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен, өзгерту  енгiзiлдi- Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322, 2004.10.04. N 600, 2007.05.22. N 255 Заңдарымен.

17-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдауданбас тарту негiздерi

Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш жасаушы адам:  1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне әдейi қарсы шықса;  2) Қазақстан Республикасы территориясының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;  3) мемлекет қауiпсiздiгiне, халықтың денсаулығына нұқсан келтiретiн құқыққа қарсы iс-әрекет жасаса;  4) мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса;  5) терроршылдық әрекетi үшiн сотталған болса;  6) сот ерекше қауiптi баукеспе деп таныса;  7) басқа мемлекеттiң азаматы болса, оның өтiнiшi қабылданбайды.  Осы баптың бiрiншi бөлiгi 7) тармақшасының ережелерi осы Заңның 16-бабының бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының екiншi абзацында көрсетiлген және шетелдiк азаматтықтан бас тарту туралы жазбаша өтiнiшпен iшкi iстер органдарына жүгiнген адамдарға қолданылмайды. Жүгiнген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған жағдайда мұндай жүгiну фактiсi туралы ақпарат, олардың шетелдiк паспорттары шет мемлекетке жiберiледi.  Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен, Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

18-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпынакелтiру

Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтiнiшi бойынша осы Заң талаптарына сәйкес оның Қазақстан Республикасы азаматтығы қалпына келтiрiлуi мүмкiн.  Осы Заңның 16-бабының бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының ережелерi бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған адамдарға қолданылмайды.  Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

  3-тарау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]